15
Жер қыртысына кіретін элементтер минерал деп аталатын жай не күрделі
химиялық қосылыстар құрайды. Минералдар көбінесе қатты
кристалды зат болып
келеді, сирек газ тәрізді, сұйық және коллоидты заттар болып кездеседі.
Минералдардың негізгі физикалық қасиеттері: түсі, жылтырлығы, жіктілігі,
қаттылығы, тығыздығы, кристалдардың және минерал агрегаттарының
морфологиясы. Минералдарды анықтау үшін
олардың оптикалық, магниттілігі,
электрлігі, термиялық және тағы басқа қасиеттері қолданылады.
Минералдардың жіктелуі: сомтума элементтер, сульфидтер, оксидтер және
гидроксидтер, галоидтар, карбонаттар, сульфаттар, фосфаттар, силикаттар.
Силикаттар минералдардың кең тараған класы. Ол
жер қыртысы минералдарының
1/3 бөлігін және 85%-ін құрайды. Олар магмалық және метаморфты
таужыныстарының таужынысжасаушы минералдары болып табылады.
Таужыныстары аз немесе көп құрамды және құрылысты полиминералды
агрегат болып кездеседі. Жер қыртысында қабат немесе ірі шоғырлар (дене)
түрінде тарайды. Жаралуы(генезис) бойынша
таужыныстар магмалық, шөгінді
және метаморфты болып бөлінеді.
Магмалық минералдар және таужыныстар жер қойнауында күрделі химиялық
құрамды отты-сұйық силикатты балқыма - магманың жоғары қысым жағдайында
және температура нәтижесінде жаралады. Магмалық минералдар және
таужыныстар жер қыртысында жаралатын барлық заттың 95%-ін құрайды.
Магмалық таужыныстар құрамындағы SiO
2
мөлшеріне
қарай төмендегідей
бөлінеді (%): асанегізді (< 45%), негізді (45-52%), орташа (52 - 65%), қышқыл (>
65%). Сілтілі құрамына (Na
2
O+K
2
O):SiO
2
қарай үш қатарға бөлінеді: қалыпты
сілтілі, жоғары сілтілі, сілтілі. Әр топ интрузиялы (тереңдік) және эффузиялы
(жоғарғы
бетті) таужыныстармен
кездеседі. Тереңдік (абиссальды)
таужыныстардың кристалдануы жердің жоғарғы бетінен 15-5 км тереңдікте өтеді,
олар
толықкристалды
түйірлі
құрылыммен
сипатталады. Эффузиялы
таужыныстар 0-1,5 км тереңдік интервалында кристалданады. Шынылы, порфирлі
немесе ұсақтүйірлі құрылымды болып келеді. Гипабиссальды зонада (1-5км)
кристалданған таужыныстар порфирлі бөліктермен ұсақтүйірлі құрылымды
болып кездеседі..
Шөгінді (гипергендік) минералдар және
таужыныстар жоғарғы беттік
температура және қысым жағдайында жер бетінде (құрғақ, су алаптар) жаралады
және шөгеді. Бұзылу өнімдерінің материалдары бұрын пайда болған
таужыныстардың, заттардың, су ерітінділерінен және өсімдік және жануар
(қаңқалар, бақалшақтас) өнімдерінен бөлінген заттар. Шөгінді
таужыныстар
жаралу жағдайына қарай: сынықты немесе терригенді, хемогенді (гидрогенді),
биогенді болып бөлінеді.
Метаморфты минералдар және таужыныстар жоғары қысым, жоғары
температура және газды-сұйықты
ерітінділердің магмалық, шөгінді және ерте
пайда болған метаморфты таужыныстардың әрекетінен жаралады. Қайтажаралу
процесі қатты жағдайда өтеді. Факторлардың тәуелділігіне байланысты
метаморфизмнің бірнеше түрлері бөлінеді: катакласты, жапсарлы-термальды,
аймақтық және метасоматоз.
Метаморфизм процестері үлкен аумақта (аймақтық метаморфизм) немесе