«геоморфология және геология негіздері»


Таужыныс жастарын анықтау және геохронологиялық шкала



Pdf көрінісі
бет7/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

Таужыныс жастарын анықтау және геохронологиялық шкала
Таужыныстарын зерттеуде олардың жаралу уақытын, абсолютті не
салыстырмалы жасын көрсету маңызды болады. абсолютті таужынысында немесе
минералдағы өнімдерінің шөгуі, радиобелсенді элементтер ара-қатынастарын
анықтайды.
Таужыныстардың салыстырмалы жасы (қабаттардың) стратиграфиялық және
палеонтологиялық әдістермен анықталады.
Стратиграфиялық әдіс қабаттардың бір-бірімен өзара орналасуына және
магмалық денелердің аз аумақта қималарды өзара қиылыстыруға негізделген .
Палеонтологиялық әдіс белгілі бір уақытта өмір сүрген органикалық
қалдықтардың (бақалшақтас, таңбалар, қаңқалар) қабаттарының жасын анықтауда
қолданады. Жер дамуының белгілі бір уақытында өмір сүрген түріне жататын кең
таралған органикалық қазба қалдықтары жетекші пішін деп аталады. Жерде өмір
сүру дамуын және тастағы таңба өсімдік және жануар қазбаларын, көмірлі
кірмелерді зерттеумен палеонтология ғылымы айналысады. Бұрын Жерде өмір
сүргендердің физикалық-географиялық жағдайын қалпына келтіру үшін
(палеогеография шешеді) фация қазбаларының талдауы қолданылады. Фация –
шөгінді және таужыныстар шөгінділері жаралатын белгілі уақыттың физикалық-
географиялық жағдайы.
Геохронологиялық 
шкала
геологиялық 
мәліметтермен күндері
құрастырылған Жердің даму этапы. Бұл этаптың эраға, периодқа және эпохалары
палеонтологиялық материалдар негізінде жасалған, ірі хронологиялық бірліктер
атауы бейнеленеді. Геохронологияда уақытша және стратиграфиялық сәйкес
келетін бірліктер қабылданған.
Жердің геологиялық даму этапы бес уақыттық кесінділерге бөлінген - эралар:
архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой. Геологиялық қималарда
әрбір эраға қабаттар тобы сәйкес келеді (шкаланың стратиграфиялық бірліктері).
Эралар қимада қабаттар жүйесіне сәйкес келетін периодтарға бөлінген.
Периодтар эпохаларға бөлінеді – қимада бөлімдер сәйкес келеді.
Геохронологиялық шкаланың негізгі бөлімдері барлық елдердің геологиялық
қызметінде бекітілген. Эпохалардың (бөлімдердің) сызықшамен ғасырға бөлінуі
(ярус) жиі түрде жергілікті атауларға ие. Біркелкі шкала, алынып тасталған
аумақтардың геологиялық қималарын бір-бірімен қиыстыру, жер шарының
геологиялық картасын құрастыруда және басқа ғылыми және қолданбалы
мақсаттарда қажет.
Негізгі әдебиеттер. 1 [8-15]; 2 [12-22; 107-111]; 4 [11-64]. Қос. 5 [77-119].
Бақылау сұрақтары
1. Геоморфологияның және геологияның негізгі мақсаты және міндеттері.
2. Жер қыртысы құрамына кіретін минералдар және таужыныстары.
3. Жер қыртысының құрылымы және құрамы.
4. Жердің заттық құрамы.
5. Таужыныстар жасын анықтау және геохронологиялық шкала


17
2 – ші дәріс таќырыбы: Жер бедері туралы жалпы мәліметтер
Бедер - әртүрлі өлшемдері, құрылысы және жаралуы, даму стадиялары және
бір-бірімен күрделі жағдайда және қоршаған ортамен кездескен жердің жоғарғы
бетінің пішіндері (таулар, жазықтар, ойпаң т.б.).
Бедер пішіндері табиғи немесе жасанды дене және жолақтар.
Жай пішіндер геометриялық фигуралармен жақын теңестіріледі (конуспен,
пирамидамен, призмамен). Бедердің күрделі пішіндері жай пішіндердің
жиынтығын сипаттайды, мысалы, құрлық, теңіз ойпаңы, таулы елдер және т. б.
Бедер пішіндерінің элементтері: жақтары – беткейдің жоғарғы беті, қырлары –
жақтардың жіктелу сызықтары, суайрық сызықтары, беткейдің, тальвег, жиектің
табаны, шыңдардың, ерқатпар, аңғар сағасы, жыралардың нүктелері.
Бедер типтері ұқсас жаралуы, құрылысы мен дамуы бар және үлкен аумақта
заңды түрде қайталанатын пішіндер бірігуімен анықталады. Бедер типтері
көбінесе генетикалық белгілері бойынша бөлінеді.
Бедердің жіктелуі бірқатар белгілері бойынша жүргізіледі.  Сыртқы
(морфологиялық) белгілері бойынша бедер пішіндері оң және теріс болып
бөлінеді. Сонымен қатар бедердің нейтрал (жалпақ) пішіндері бөлінеді. Бедердің
оң пішіндері жергілікті жер бойынша көтеріледі (тау, төбелер, мұхит түбіндегі
құрлық), бедердің теріс пішіндері, керісінше жатқан аумағына қарағанда төмен
(воронка, қазаншұңқыр, аңғар, ойпаң). Едәуір еңіс жалпақ жазықтар, нейтрал
бедер пішіндеріне жатады.
Бедерді толық сипаттау үшін морфологиялық сипаттамасымен бірге
морфометриялық параметрлер қолданылады.
Бедер пішіндері өлшемдері бойынша бөлінеді: планетарлы, мегапішіндер,
макропішіндер, орташа, ұсақ және т.б. Бедер пішіндерінің оң және теріс
белгілерінде ауданы және орташа айырмасы бойынша бөлінеді.
Бедерді жаралуы бойынша (генезисі) екі үлкен топқа бөлуге болады: а) ішкі
(эндогенді) күштердің әрекетінен пайда болған пішіндер, б) сыртқы (экзогенді)
күштердің әрекетінен пайда болған пішіндер. Бірінші топ өз кезегінде жер
қыртысының қозғалуымен және жанартаулармен байланысты пішіндерге
бөлінеді. Бедер пішіндерінің екінші тобы: мору процесімен, мәңгі тоң басу
дамуымен, жерасты және ағын, теңіз, қар және мұз суларының, желдің,
өсімдіктің, жәндіктердің, адамның және метеориттердің (ғарыштық) әрекетімен
қамтылады.
Бедердің жаралуы (генезис). Бедер эндогенді және экзогенді процестердің
әрекеттесуі нәтьижесінде қалыпатасады. Бедердің неғұрлым ірі пішіндері
(планетарлы, мега- және макропішіндері, ал кейбір кездейсоқ жағдайларда және
мезопішіндер) эндогенді, ал өлшемі бойынша неғұрлым ұсақ пішіндер - экзогенді
жаралымдарға жатады. Өз әрекеті барысында экзогенді процестер, бедердің
эндогенді процесте жаралуын не күрделендіреді, не ықшамдап жеңілдетіледі.
Экзогенді агенттер, эндогенді бедерлерді күрделендіре отырып, өте ұсақ мезо-
және микропішіндер жасайды: эндогенді процесте пайда болған әркелкілікті
қиып тастап, әртүрлі аккумуляциялы пішіндер пайда болады.
Конвекцияланған мантияда қайтадан түзілген затттарда пайда болған


18
эндогенді бедер жасаушы процестер нәтижесінде литосфералық тақталар
жылжуы, тақта шетінде құрлықты қыртыс қалыптасады.
Құрлықты 
қыртыс, пликативті-дизъюнктивті 
құрылым 
вулканизм
қалыптасуымен бедер пайда болуымен сәйкес келеді. Бедердің эндогенді
пішіндері экзогенді процестердің әрекетімен байланысты.
Экзогенді процестердің басты энергия көзі – жер бетіне су қозғалу,
литосфераның ауасы және заттарының энергиясына трансформациялайтын Күн
энергиясы. Экзогенді процестердің бедер түзуші қатарына жер беті су ағыны
және мұхит, теңіз, көл, жер асты және жер беті суларының еру, сонымен қатар
жел және мұз әрекеті. Экзогенді геоморфологиялық процестерге организмдердің
және адамның шаруашылық әрекетін, бедер түзуші әрекеттер ретінде
қарастырады.
Бедердің жаралуы далалық бақылаулар жүргізгенде анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет