Гигиена труда как наука, история развития. Государственный санитарный надзор в области гигиены труда



бет8/9
Дата13.09.2022
өлшемі0.5 Mb.
#460641
1   2   3   4   5   6   7   8   9
OFG L-2 kaz

топшасына: акрилнитрат, бенз (а) пирен, берилий және оның қосылыстары, диэтилсульфат, никель және оның кейбір қосылыстары жатады.
2Б топшасына: амитрол, аурамин, кадмий және оның қосылыстары, 4-хлорлы көміртегі, хлороформ, хлорфенол, дибромтан, ДДТ, гербицидтер және т.б. жатады.
Кәсіптік зияндылықтардың жұмысшылар организміне әсері
Химиялық канцерогендерге циклдік аминдер, полициклді ароматты көмірсутектер, алкилдеуші агенттер, хлор туынды көмірсутектер (винилхлорид), кейбір металдар, талшықты материалдар (асбест) және т.б. жатады.
Өнеркәсіптік канцерогендер түрлі онкологиялық ауруларды шақыруы мүмкін, олардың ішінде: жоғарғы тыныс жолдары және өкпенің қатерлі ісігі, бауырдың ангиосаркомасы, қуықтың қатерлі ісігі, лейкоздар, сүйектің ісігі, асқазанның қатерлі ісігі (хромнан).
Кәсіптік зияндылықтардың жұмысшылар организміне әсері
Зиянды заттардың басқа факторлармен бірлесіп әсер етуі кезінде олардың әсері сол факторлардың жекелеп әсер етуінен де жоғары болуы мүмкін.
Бұдан басқа физикалық факторлар интенсивтілік деңгейіне байланысты химия өнеркәсібі жұмысшыларында қандай да бір кәсіптік патологияға әкелуі мүмкін (кәсіптік кереңдік, діріл ауруы, фотодерматит және с.с.).
Сауықтыру шараларының негізгі бағыттары
Кәсіпорындардағы сауықтыру шараларының құрамында ұйымдастыру-технологиялық, гигиеналық, санитариялық-техникалық, емдеу-алдын алу сипаттағы шаралар болуы тиіс.
Қазіргі уақытта химия өнеркәсібінде ұйымдастыру-технологиялық сауықтыру шараларының ішінде кең қолданылатыны:
  • улы заттарды улылығы аз заттармен алмастыру;
  • шаңды материалдарды өңдеудің құрғақ әдісін ылғалды әдіспен ауыстыру;
  • соңғы өнімді шаңсыз түрінде шығару;
  • жұмысшылардың зиянды заттармен жанасуын болдырмайтын өндірістің прогрессивті технологиясын қолдану;
  • өндірістік бөлме ауасы және зауыт алаңының атмосферасына зиянды зат бөлінуін болдырмайтын коммуникация және жабдықтарды пайдалану;
  • технологиялық процесс регламентінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет