Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы
Кезеңдік процестер әлі де аз тонналық өндірісте қолданылады.
Бұл процестер аппаратураларды ашу, шикізат, реакциялық массаны, жартылай өнімдерді және соңғы өнімді түсіру және тиеумен байланысты,
яғни өндірістік бөлме ауасына зиянды заттар түсу қаупі болады.
Бұл процестер көп жағдайда
- нашар механикаландырылған / автоматтандырылған
- көп жұмысшы санын қажет етеді
- көптеген ауыр қол жұмыстарының болуымен ерекшеленеді
- жұмыс зонасы ауасының, арнайы киім және жұмысшылардың тері жабындыларының ластануымен бірге жүреді
- нәтижесінде оларға зиянды заттар әсер етеді.
Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы
Өндірістегі үздіксіз процестердің прогрессивті және кезеңді процестермен салыстырғанда технико-экономикалық және гигиеналық артықшылығы бар:
- кешенді механикаландыру және автоматтандыру,
- қызмет етуші жұмысшы санының қысқаруы,
- жабдықтардың өнімділігінің жоғарылау мүмкіндігі,
- шығарылатын өнімнің сапасының жоғарылауы.
Технологиялық процесті қашықтан басқару және автоматтандыру мүмкіндігінің маңызы ерекше - бұл жұмысшылардың зиянды заттармен жанасуын біршама қысқартады.
Үздіксіз процесс аппараттардағы тұрақты технологиялық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді (температура, қысым), нәтижесінде аппаратураның сақталуын жеңілдетеді және зиянды заттардың шығуы азаяды.
Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы
Төмен температуралы, жоғары температуралы, каталитикалық, каталитикалық емес, электрохимиялық және т.б. процестерді ажыратады.
Гигиеналық жағынан жоғары атмосфералық қысыммен жүргізілетін процестер қолайсыз болып келеді. Мұндай процестер кезінде аппаратураның тығыз еместігінен зиянды заттар бөлінуі жиі байқалады. Бұған аппараттардағы реакциялық массаның температурасының жоғарылауы көп дәрежеде ықпал етеді.
Қазіргі заманға сай химиялық процестер атмосфералық қысымнан төмен қысымды аппаратурада немесе төмен температурада және вакуумда жүргізілетін процестер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |