Гимназияның қалыптасу кезеңдері



жүктеу 1.95 Mb.
бет1/8
Дата27.06.2016
өлшемі1.95 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Р/с

Мазмұны


Бет

1

Гимназияның қалыптасу кезеңдері

1

2

Гимназия ұжымының өзекті мәселесі

2

3

2012-2013 оқу жылының қорытындысы

3-10

4

Жаңа оқу жылының міндеттері

11

5

Оқу – тәрбие үрдісінің мақсатты кешенді бағдарламасы I семестр

12

6

Педагогикалық кеңес мәжілістері

12

7

Директор жанындағы жиналыс

12

8

Тарификациялық комиссия мәжілісі

13

9

Ғылыми әдістемелік кеңестің мәжілістері

13

10

Жас мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстар

13

11

Гуманиатрлық бағыт кафедрасының жоспары

13-14

12

ИФМ кафедрасының жұмыс жоспары

15

13

Химия- биология кафедрасының жұмыс жоспары

15

14

Тәжірибелік зертхана қызметі

Шығармашылық топ жұмысы



16

15

Ата- аналармен жұмыс

16

16

Аттестациялық комиссия жұмысы

16

17

Мектепішілік бақылау

16

18

Жекелеген пәндердің берілуін жақсарту шаралары

17

19

Тәрбие жұмысының жоспары

18

20

Пәндік олимпиадалар

19

21

«Мирас» ғылыми қоғамының жұмысы

20

22

Интернаттағы тәрбие жұмысы

21

23

Психологиялық қызмет жоспары

22

24

Медициналық қызмет жоспары

23

25

Мектеп кітапханасының жұмыс жоспары

23

26

«Алтын белгіге» үміткерлермен жұмыс

23

27

Мектеп бойынша кезекшілік

23

28

Оқу – тәрбие үрдісінің мақсатты кешенді бағдарламасы II семестр

25

29

Педагогикалық кеңес мәжілістері

25

30

Директор жанындағы жиналыс

25

31

Тарификациялық комиссия мәжілісі

25

32

Ғылыми әдістемелік кеңестің мәжілістері

25

33

Жас мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстар

26

34

Гуманиатрлық бағыт кафедрасының жоспары

26

35

ИФМ кафедрасының жұмыс жоспары

26-27

36

Химия- биология кафедрасының жұмыс жоспары

27

37

Тәжірибелік зертхана қызметі

Шығармашылық топ жұмысы



28

38

Ата- аналармен жұмыс

28

39

Аттестациялық комиссия жұмысы

28

40

Мектепішілік бақылау

28

41

Жекелеген пәндердің берілуін жақсарту шаралары

28

42

Тәрбие жұмысының жоспары

29

43

Пәндік олимпиадалар

29

44

«Мирас» ғылыми қоғамының жұмысы

29

45

Интернаттағы тәрбие жұмысы

29

46

Психологиялық қызмет жоспары

29

47

Медициналық қызмет жоспары

30

48

Мектеп кітапханасының жұмыс жоспары

30

49

«Алтын белгіге» үміткерлермен жұмыс

31

50

Мектеп бойынша кезекшілік

31

51

Мектеп басшыларының арасындағы міндеттерді бөлісу

32-33

52

Мұғалімдердің курстан өту кестесі

34

53

Мұғалімдердің аттестациядан өту графигі

35

54

Ұлттық бірыңғай тест қорытындысына сараптама

36

55

Мектепшілік бақылау

37-41



  • Облыстық ұлттық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар гимназия 1990 жылы халық депутаттары облыстық атқару комитетінің 1990 жылы 26 маусымдағы №181 шешімі негізінде қабілетті балаларға арналған эксперименттік мектеп – интернат болып ашылды.



  • 1990 – 2000 жылдары қабілетті балаларға арналған облыстық ұлттық гимназия, ал 2001 жылдан бастап Республикасы «Дарын» ғылыми практикалық орталығына қарайтын мектептер жүйесіне қосылды.



  • Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 24 мамырдағы «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту мен мемлекеттік қолдану туралы» №3002 өкіміне сәйкес және Республикалық «Дарын» ғылыми – практикалық орталығының тұжырымы негізінде облыс әкімшілігінің 2002 жылғы 27 қаңтардағы №75 қаулысымен облыстық ұлттық гимназия атауы «Облыстық ұлттық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар гимназия» болып өзгертілді. Облыстық білім басқармасының 2 қыркүйек 2000 жылы 00006045 сериялы лицензиясы тұрақты берілген.


Гимназия педагогикалық ұжымының жаңа оқу

жылындағы айналысатын өзекті мәселесі:


«Оқушының тұлғасын әлеуметтендіру арқылы оның жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу, өзін-өзі болашақ маман ретінде танып білуіне мектептің тигізер әсерін күшейту»

2011-2012 оқу жылының қорытындысы
Гимназия ұжымының 2011-2012 оқу жылында алдына қойған негізгі мақсат – міндеттері:

- Білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық жаңа технологияларды енгізу арқылы білім сапасын арттырып, шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамыту, білімді өздігінен ала білу дағдысын қалыптастыру;

- Әр оқушының қабілетін айқындау және дамыту;

- Бағдарлы пәндер бойынша терең білім беру;

- Оқытуды ғылыми-ізденіс жұмыстарымен байланыстыру, зерттеу дағдыларын қалыптастыру;

- Ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын білетін, түсінетін, дүниетанымы бай, адамгершілігі мол, қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуына мол үлес қосатын белсенді ұрпақ тәрбиелеу;

Аталған мақсатқа байланысты міндеттерді жүзеге асыру үшін гимназия ұжымы төмендегідей негізгі нормативтік құжаттарды басшылыққа алып жұмыс жасауда:


  • Қазақстан Республикасы Конституциясы

  • Қазақстан Республикасы білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 заңы

  • Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 бұйрығымен бекітілген)

  • Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 16 қыркүйектегі №1125 қаулысымен бекітілген “Дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп туралы ереже”

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 09 шілдедегі №367 бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты т. б.

Гимназияда оқу процесі «Дарын» РҒПО- мен келісілген облыстық білім беру басқармасы бекіткен оқу жоспары бойынша ұйымдастырылуда. Оқу жоспары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 28 маусым 2003 ж. № 457 бұйрығымен бекітілген «Дарынды балаларға арналған мамандырылған мектептердің типтік оқу жоспары » және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 9 шілде 2010 ж. № 367 бұйрығымен бекітілген ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде жасалды.

Гимназия ұжымы әр шәкірттің өз мүмкіндігін, қызығушылығын, жеке қабілеті мен ынта-ықыласын дамыту мақсатында иновациялық мектептерге нормативтік деңгейде берілген артықшылықтарды, яғни қосымша білім берубағдарламаларын пайдалана ортырып бейіндік саралап оқытуды жүзеге асыруда.


Қосымша білім беру бағдарламалары төмендегідей негізгі принциптерге сүйеніп жасалды:

  1. Базалық пәндік білімді толықтыру және тереңдету

  2. Оқушылардың дара ерекшеліктері мен сұраныстарын есепке алу

  3. Пән аралық интеграция функцияларын есепке алу

Осы принциптерге сүйеніп жасалған бағдарламалар негізінде Гуманитарлық бағыт бойынша бойынша «Абайтану» , «Шешендік өнер» , «Әдебиет теориясы», «Әлемдік көркемдік мәдениет», «Тарих ақтаңдақтары» , «Әдеби шығармашылық» тақырыптарында, Физика – математика бағыты бойынша «Математиканың таңдамалы тараулары», «Жоғарғы математикаға дайындық есептері», «Космонавтика негіздері», «Физиканың таңдамалы тараулары», «Сапалы есептер шығару практикумы», Химия- биология бағыты бойынша «Биологияның таңдамалы тараулары», «Жалпы биология бойынша практикум», «Химиядан эксперименттік есептер шығару практикумы», «Қазақстанның экологиялық проблемалары». тақырыптарында арнайы курстар жүргізіледі.

Оқытуды ұйымдастыру түрлері мен оқытудың жаңа технологиялары алға қойған міндеттерді шешудің кешенді құралдары болып табылады. Сондықтан гимназия ұстаздары оқытудың дәстурлі әдістері мен иновациялық технологиялар әдістемелерін ұштастыра қолдану арқылы өзіндік оқыту технологиясын жетілідіруді, дамытуды мақсат тұтып отыр. Мұғалімдердің осы бағыттағы жұмыстарының нәтижесі әртүрлі деңгейде педагогикалық жиындарда тыңдалып отырылады.

Оқу - тәрбие үрдісінде жұмыстың нәтижелі болуы мектептегі психологиялық қызметтің сапасына тығыз байланысты. Жоғары деңгейде сауатты ұйымдастырылған психологиялық қызмет, яғни оқу – тәрбие үрдісімен біте қайнасқан психологияылық қызмет – білім беру үрдісін жаңа сатыға көтеретін қозғаушы күш болып табылады. Сондықтанда мектептегі психологиялық қызметтің бағдарламасында педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын диагностикалау, оның нәтижелерін талдап, күнделікті жұмыста пайдалану туындаған психологиялық проблемаларды шешу және алдын алу, оқушыларға, мұғалімдерге, ата- аналарға психологиялық кеңестер беру т.б. жұмыс түрлері қамтылды.

Сонымен бірге педагогикалық ұжым мұғалімдерінің арасында әртүрлі бағытта мақсатты сауалнамалар жүргізіліп педагогтардың кәсіби біліктілігін арттырудың диагностикалық картасы жасақталды.

Диагностикалық картаны жасақталып күнделікті жұмыста бірнеше кезеңге бөлініп жыл бойы жүргізіледі. Онда мынандай негізгі бағыттар қамтылды.


  1. Мұғалімдердің оқыту үрдісін ұйымдастыруды, сабақ беру қабілеттері

  2. Педагогтардық кәсіби мүмкіндіктері мен педагогикалық мәдениеті

  3. Ұстаздардың өз білімін жетілдіру жүйесі мен ғылыми зеріттеу жұмысымен айналысу барысы.

  4. Шәкірттерінің білім сапасы

  5. Мұғалімнің қоғамдық бірлестігі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіріп, білім сапасының артуына диагностикалау жұмысының үлкен септігі тиуде.

Соның нәтижесінде ұстаздардың барлығы дерлік шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеуде шығармашылықпен жұмыс жасады. Жыл – ішіндегі оқу – тәрбие үрдісіндегі озық іс тәжірибелерін пәндік апталықтар, әдістемелік күндер, пән күндері, әдістемелік семинарлар т.б. шаралар өткізуге белсене қатынасу арқылы әріптестерімен бөлісіп отырады.

Осындай жұмыстарды өткізіп ұйымдастыру барысында Рамазанов С, Бекмамбетова Э, Иманғалиева П (математика), Кемалиева А., Мұқашева Г, Сапиева А (қазақ тілі), Оралова Г, Жұмабаева А (тарих), Дармұханова А (тарих), Аққайнанова Н (география), Исағалиева К, Тәжіғалиева Б (химия), Нұрғожина Г, Зұлқашева А (биология), Жұқабаева Г, Мұқанов Е (физика), Таженова А (ағылшын), Қапизова Г, Сейталиева Г (орыс тілі) белсенділік көрсетті.

Гимназия ұстаздарының көпшілігі облыс көлемінде семинарлар мен cайыстарға белсене қатынасады. Математика пәнінің мұғалімі Бекмамбетова Элмира «Ең үздік авторлық оқу әдістемелік көмекші құрал» облыстық байқауды ІІІ орын, облыстық педагогикалық оқу І орынға ие болды. Математика пәнінің мұғалімі Рамазанов Сағынғали «Ең үздік авторлық оқу әдістемелік көмекші құрал» облыстық байқауды ІІ орынға ие болды. Құлахметова Салтанат тәрбиешілер сайысында ІІІ орынға иеленді. Биология пәнінің мұғалімі Нұрғожина Гүлжан «Биология пәні бойынша әдістемелік және дидактикалық материалдар» облыстық сайысында І орынға иеленді. Информатика пәнінің мұғалімі облыстық педагогикалық оқудан ІІ орынды иеленді. Биология пәнінің мұғалімі Имашова Шынар педагогикалық оқудан ІІ орынды иеленді.

Педагогикалық ұжым мүшелерінің шығармашылық ізденіспен жұмыс жасауының нәтижесінде гимназия ұжымы оқу жылын бірқатар тәуір нәтижелермен аяқтады.

Оқу жылын гимназиядағы 233 шәкірттің «33» - үздік (+5), «171»-екпінді болып аяқтады. Білім сапасы 87,5 % болып өткен оқу жылындағы көрсеткіштен (+2,5%) артты. Орта мектепті бітірген 53 оқушының «4» - оқушы «Алтын белгіге» , «3» оқушы «үздік аттестатқа» ие болды. «Алтын белгі» иегерлері – Аңдасбекова Қарылғаш, Бөгенбаева Гүлайым, Жанаев Қайрат, Нығметов Алмат. «Үздік аттестат»иегері – Мақсотова Мейрамгүл, Тілепбергенова Назерке, Есжанова Гаухар.

ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл 104,5 болып отыр, соның ішінде 122 балл алған 2 оқушы. Олар:Аңдасбекова Қ, Бигалиева Ф; 120 балл алған 2 оқушы Жұбанов Б, Жардемова А; 119 балл алған 3 оқушы, 34 оқушы 100 – ден жоғары балл жинады.

ҰБТ- де жекелеген пәндер көрсеткіші (орта балы) төмендегідей болды:

Қазақ тілі – 21

Орыс тілі – 20

Қазақстан тарихы – 22

Математика – 20

Химия - 22,5

Физика – 20

География – 21,6

Қазақ әдебиеті – 22,7

Ағылшын – 21,3

Биология – 21,5

Дүние жүзі тарихы – 22

Мектеп бітіруші 53 оқушының 2-сі Мемлекеттік білім грантына ие болып, бүгінгі күні ЖОО студенті атанды, олар Жұмашев Абылайхан, Тілепбергенова Назерке.

Гимназия шәкірттердің өз бетерімен білім алуына, шығармашылықпен жұмыс жасауына кесте бойынша жоғарғы оқу орындарының лабораториясына, оқу залдарына ,қалалық кітапханаларға, мұражайларға, архивтерге баруға мүмкіндік жасалған. Оқушылардың ғылыми зеріттеу жұмыстарымен айналысуымен мектептегі шәкірттердің «Мирас» ғылыми қоғамы жүзеге асырады. Ғылыми қоғамда гуманитарлық бағытта тіл білімі әдебиет, тарих, өлкетану, этномәдиниеттану секциялары. Жаратылыстану бағытында математика, физика, информатика, химия, биология адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау секциялары жұмыс жасайды. Әр секцияда бірнеше оқушыдан ғылыми ізденіс тақырыптарымен айналысады. Ғылыми ізденіс тақырыптарын тыңдауда жетекшілер басшылық жасап отырады. Ғылыми қоғам мүшелері ғылыми жұмыспен айналысуда жоғары оқу орындарымен т.б. мекемелерімен байланыс жасайды. 2011-2012 оқу жылында облыстық ғылыми жоба жарысына 17 оқушы әртүрлі секциялар бойынша қатынасып,15 оқушы жүлдегер болды. Олар:

1. Жұмашев Абылайхан «Батыс Қазақстан ақын - жыраулар

поэзиясының көркемдік тіл ерекшелігі»

2. Әтімова Ботагөз Рахымжан Отарбаевтің «Бас»

драмасындағы Махамбет бейнесі

3.Мұратова Жайнат Сөйлемнің мәтіндегі композициялық

түрлері

4.Тілепбергенова Назерке Атырау облысы экологиясының облыс



халқының динамикасына әсері

5.Охас Асылхан Автоматтандырудың математикалық

моделі

6.Бердіғалиев Берік Гиперболалық функциялар мен сандар



7.Хайдаров Төребек Аспан денелерінің жердегі ахуалға

әсері


8.Бағытжанов Еламан Жергілікті шикізаттар негізінде

ұңғымаларды бекітуге арналған

тампонаж материалдарын алу

9.Әлімжанов Кемал Жылой ауданы топырағының ауыр

металдармен ластануы

10. Мәдениетов Еламан Жылой ауданы топырағының ауыр

металдармен ластануы

11.Жәрдемова Айнұр Қоршаған ортаға автомобильдердің

техногендік әсері

12.Тасболатқызы Жаннұр Қазақ және ағылшын тілдеріндегі

грамматикалық бірліктердің

аударылу ерекшеліктері

13.Мақсотова Мейрамгүл Физикалық үрдістердің компьютерлік

моделін жасау

14.Елемесова Мақпал Қосшағыл кен орнындағы экологиялық

химиялық зерттеулер және ұзақ

мерзімдік мониторинг жүгрізу

15.Ғалымжанова Гүлмаржан Судағы мұнайдың мөлшерін анықтау және

одан тазарту әдістері мен құрылғылары

16. Алтыбайқызы Мөлдір Жайық өзенінің төмнгі ағысындағы бекіре

тұқымдасының таралуы мен тұрақтандыру

жолдары


17.Ашығалиева Гаухар Русские фразеологизмы и их классификация

18.Сатқан Мөлдір Күн тұтылуының табиғи сүргіндерге әсері


Олардың ішінде 15 оқушы жүлделі орындарға ие болды:

  1. Жұмашев Абылайхан II орын әдебиет

  2. Әтімова Ботагөз II орын әдебиет

  3. Мұратова Жайнат II орын тілтану

  4. Тілепбергенова Назерке II орын өлкетану

  5. Охас Асылхан II орын қолданбалы математика

  6. Бердіғалиев Берік II орын математика

  7. Хайдаров Төребек II орын жер және космос

  8. Бағытжанов Еламан III орын химия

  9. Әлімжанов Кемал III орын экология

  10. Мәдениетов Еламан III орын экология

  11. Жәрдемова Айнұр II орын физика

  12. Мақсотова Мейрамгүл I орын информатика

  13. Елемесова Мақпал II орын химия

  14. Алтыбайқызы Мөлдір III орын биология

  15. Сатқан Мөлдір II орын жер және космос

Республикалық ғылыми жобалар жарысына 5 оқушы қатынасты.



  1. Тілепбергенова Назерке өлкетану

  2. Бағытжанов Еламан химия

  3. Мәдениетов Еламан экология

  4. Әлімжанов Кемал экология

  5. Сатқан Мөлдір жер және космос

Республикалық ғылыми жобалар жарысында 1 оқушы жүлдегер атанды. Тілепбергенова Назерке I орын өлкетану секциясы «Атырау облысы экологиясының облыс халқының динамикасына әсері» деген тақырыпта. Бағытжанов Еламан грамотаға ие болды.

Пәндік олимпиадаға оқушылардың қатысы.

Облыстық олимпиадаға 79 оқушы қатынасып, 41 оқушы жүлдегер атанды.

Қазақ тілі ойынша II орын-2 оқушы, III орын-2 оқушы

Орыс тілі бойынша II орын-3 оқушы, I орын-1 оқушы

Тарих пәні бойынша II орын-2 оқушы

Құқық пәні бойынша I орын-1 оқушы, II орын-2 оқушы, III

орын-3 оқушы

Математика пәні бойынша II орын-3 оқушы, III орын -2 оқушы

Физика пәні бойынша I орын-1 оқушы, II орын-2оқушы, III орын-4

оқушы

Информатика III орын-1 оқушы



Химия пәні бойынша II орын-5 оқушы, III орын-1 оқушы

Биология пәні бойынша II орын-2 оқушы, III орын-4 оқушы

География пәні бойынша I орын- 2 оқушы, II орын -1 оқушы, III орын-1

оқушы


Жалпы I орын-5 оқушы II орын-21 оқушы III орын-15оқушы

Республикалық пәндік олимпиадаға 12 оқушы қатынасты. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих, құқық, химия, биология, география, математика, физика пәндері бойынша Тоқтаров Әсет, география, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Жұмашев Абылайхан «Дарын» грамотасына ие болды.

«KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының қазақ тілінен «Жрқын болашақ» Республикалық олимпиадасына облыстық кезеңіне 6 оқушы қатынасты. «Жас ғалымдар» конкурсы бойынша 11 сынып оқушысы Жұмашев Абылайхан «Батыс қазақстан ақын-жырауларының тіл көркемдік ерекшелігі» деген тақырыпта I орын алды. 11 сынып оқушысы Лесов Наурызбек «Сөз шеберлері» конкурсы бойынша III орын, «Тілші-әдебиетші» конкурсы бойынша 11 сынып оқушысы Қайыржанова Венера I орын, «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы бойынша Райсова Мадина III орынды иеленді.

IV Республикалық “KATEV» қазақ тілі олимпиадасының Жұмашев Абылайхан жүлделі III орынды иеленіп, Сүлеймен Демирел Университеті грантына ие болды.

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2012 жылдың 6-26 сәуір аралығында 6-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиадасына қазақ тілі мен әдебиетінен 8, 9, 10, 11 сынып бойынша 10 оқушы қатынасты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жалпы білім беретін пәндер бойынша «Әл-Фараби-2012» атты мектеп оқушылары олимпиадасының I турына 37 оқушы қатынасып, II турына 15 оқушы өтті.

XXI ғасыр көшбасшысы ойынының іріктеу турынан 12 оқушы өтті. 10 сынып оқушысы Әбдіғалиев Н. , балмурзин Т. Апталық ойыны жеңімпазы 2012ж 11 сынып оқушысы Еренов Сұлтанбек Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашалық» атты ғарыштық зерттеулердің VIII халықаралық ғылыми жарыстарында 11 сынып оқушысы Хайдаров Төребек «Аспан денелерінің жердегі ахуалға әсері» деген тақырыпта III орын иеленді. 10 сынып оқушысы Сатқан Мөлдір «Күн тұтылыудың жердегі сүргіндерге әсері» деген тақырыпта қатынасты. Халықаралық 2012 ж 1-2 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен О. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстарының II халықаралық конкурсына 2 оқушы қатынасты. 11 сынып оқушысы Бердіғалиев Берік және Охас Асылхан «Гиперболалық функциялар мен сандар» деген тақырыпта қатынасты. 2012 ж 3 мамырда Москва қаласында өткен VI Халықаралық «Математика и проектирование» атты ғылыми конкурсына Бердіғалиев Берік қатынасып сертификатқа ие болды. Білм және ғылым министірлігі бұйрығы негізінде ұйымдастырылған «Физмат» конкурсына 8 сыныптан – 8, 9 сыныптан 8 оқушы қатынасты. 2011 ж қараша айында Қазақстан Республикасының 20 жылдығы аясында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуде оқушылардың зерттеу қызметін қадағалау мақсатында Алматы қаласында Бөбек ҰҒПББСО ұйымдастыруымен өткен Республикалық фестивальға 3 оқушы қатынасты. 11 сынып оқушысы Тілепбергенова Назерке «Атырау облысы экологиясының облыс халқының динамикасына әсері» деген тақырыпта II орын иеленді. 11 сынып оқушысы Елмесова Мақпал «Қосшағыл кен орнындағы экологиялық химиялық зерттеулер және ұзақ мерзімдік маниторинг жүргізу» деген тақырыпта химия секциясы бойынша III орынды иеленді. 11 сынып оқушысы Әтімова Ботагөз «Бала еңбегін қорғау және құқықтық аспектілер» деген тақырыпта III орынды иеленді.

Оқу жылы ішінде кафедралар бойынша әдістемелік апталықтар , пәндік апталықтар ұйымдастырылып өткізілді . Атап айтқанда «Жер Ана - ортақ үйіміз, табизат – тылысым жұмбағы. Табиғатыңды тарту ет, аман бол Жердің құндағы!» тақырыбындағы хим-биология кафедрасы апталығы, «Математика ғылымдар патшасы» физика-математика кафедрасының онкүндігі , «Тілім, дінім, тарихым бар еркіндікпен есілген, Қазақ елі, асқақтай бер ұлы достық көшімен» секілді апталықтар жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Осы апталықтарды өткізілген ашық сабақтардың ішінде Сапиева Айжан «Өзге емес өзім айтам, өз жайымды...» тақырыбындағы практикалық сабағы, Қуандықова Эльмира «Абайдың қара сөздері» тақырыбындағы танымдық сабағы, Орыс тілі пән мұғалімі Капизова Гүлденнің Олжас Сулейменов «Волчата» сабағы, тарих пәнінің мұғалімі Оралова Гүлсімнің «Ұлы Жүздің Ресейге қосылуы», Жұмабаева Айгүлдің «Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама » тақырыбында семинар сабақтар, Физика математика кафедрасы бойынша Жұқабаева Гүлжанның «Электр тогының жұмысы мен қуаты» аралас сабағы, Мұқанов Ермекбайдың «Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері» презентация сабағы, Иманғалиева пинаның «Стреометрия есептері» ізденіс сабағы, химия- биология кафедрасы бойынша Аққайнанова Нұргүлдің «Оңтүстік Қазақстанның шаруашылығы» тақырыбындағы презентация сабағы, Нұрғожина Гүлжанның «Витаминдер» тақырыбында аукцион сабағы , Исағалиева Камила мен Имашова Шынардың «Нуклин қышқылдары » тақырыбында кіріктірілген сабағы үлгі тұтарлықтай өтті.

Облыстық ұлттық гимназия бойынша тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жоспарлар құрылып, бекітілген. Іс – шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары негізгі 12 бағыт бойынша жасақталып, бекітілген, сынып сағаттары жоспар бойынша жүргізіліп келеді.

Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие мәселелері назар аударуды қажет етеді.

І. Азаматтық- патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие - Оқушыларды гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтап, дамытуға Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымы және патриоттық сананы, құқықтың және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыру мақсатында «1001 мақал, 101 жұмбақ», «Ғажайыптар алаңы», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Білімді ұрпақ – ел тірегі» тақырыптарында интеллектуалды ойындар, викториналар, КВН сайыстары ұйымдастырылды. Аптаның әр сенбісінде апталық саптүзеу өтіп, өткен апта қорытындыланып, оқушылардың сабақ үлгерімі мен тәртібі талқыға салынады. 1 – қыркүйек – Білім күні «Тәуелсіз Қазақстан Бейбітшіліктің, келісімнің, жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбында ашық сабақтарымен ашылды.

Білім күні «Сыңғырла, күміс қоңырау!» салтанаты өтті. Салтанатты гимназия директоры Н.Ғ.Даумов ашып, ұстаздарды, шәкірттерді жаңа 2011-2012 оқу жылымен құттықтап, қадамдарына сәттілік тіледі.

Жыл сайын дәстүрге айналған 22 қыркүйек – Тілдер мерекесі қарсаңында «Тіл- ұлттық рухтың алдаспаны» тақырыбында фестиваль өтті. Фестивальде «Веселая грамматика» тақырыбында интеллектуалды ойындар, тренингтер, тіл жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұстаздар күніне орай «Ұстазым- алтын діңгегім» тақырыбында сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Шәкірттер ұстаздарға өлең жырларын тарту етті.

1 қазан – қарттар күнінде «Қарттарым, аман-саумысың...» тақырыбында қарттарға сазды бағдарлама ұйымдастырылды. «Тәуелсіз елдің ұланы, бейбіт күнді қалаймыз, «Отан деген- отбасы» бақытымызға балаймыз» тақырбында жанұялық сайыс өтті. «Жас жол жүру инспекторлары» тақырыбында 8 сынып арасында байқау өтті. Байқауда 8 «в» сынып шәкірттері өз белсенділіктерін көрсетті. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде «Жаса, Қазақстан» тақырыбында патриоттық әндерден байқау ұйымдастырылды. «Мен Қазақстан ұланы» тақырыбында ұлдар сайысы өтті. Сайыста барлық тапсырмалардан мүдірмей , бас жүлдені 10 «в» сынып шәкірті Тұрдалы Мұхамбетбұлан жеңіп алды.

ІІ. Рухани – адамгершілік тәрбиесі- Оқушылардың өзіндік санасын дамытуға жағдай жасап, адамгершілігі мен имандылыққа толы рух пен әдеп ұстанымы мықты, әлеуметтік жағынан белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында «Үкілім-ай» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «Қыз қылығымен...» тақырыбында сыр сұхбат өтті. Шара кезінде қыз бала тазалығы, тәртібі әңгіме болды. «Кел, танысайық!» тақырыбында 8 сынып арасында сайыс өтті. Сайыста үш бағыт сыныптары білім, өнер бойынша сынға түсті. Сайыс соңында физика- математика бағыты жүлдегер атанды. «Халайық, таланттыларды іздейміз!» атты өнер байқауы өтті. Байқауда ән, күй, жыр, би сайыстары ұйымдастырылып,өнерлілер дараланды. 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Базар жоқ" әзіл- сықақ сайысы өтті. «Үкілім – ай» қыздар ұйымының жоспарлауымен «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда» тақырыбында сырласу сағаты ұйымдастырылды. Шарада қыз балалар өз ойларын ашық айтып, ой өрбітті. Жаңа жыл қарсаңында «Қош келдің Жаңа Жыл» тақырыбында кеш өтті. Жаңа Жылдық кеште оқушылар ойын ойнап, би билеп, көңіл көтерді. Үлкен жетістіктерге қол жеткізген көп балалы отбасынан шыққан оқушылар Әкім шыршасына қатысып, сыйлықтарға ие болды. Кеш балаларға үлкен серпіліс, қуанышты сәттер сыйлады.

Наурыз айында «Мен қазақтың қызымын» тақырыбында қыз сыны өтті. Қыз сынында 6 оқушы сынға түсіп, әр түрлі тапсырмалар орындады. Қорытында бойынша 10 сынып шәкірті Сибатуллина Қамажай бас жүлдені жеңіп алды.

ІІІ. Отбасы тәрбиесі- Гимназияда ата- аналар комитеті құрылды. Комитеттің құрамында 13 адам бар. Ата- аналар комитеті мектеп өміріне етене араласып, мәдени шараларға қатысып отырады. «Бала-біздің болашағымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінде өтті. Мұражайға ардагер ұстаздар, Ауған соғысы жауынгерлері, «Ұлан» ұйымының шәкірттері қатысты. «Менің жанұям» тақырыбында слайд-шоу қорғалды.

ІV. Өзін- өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру- Облыстық ұлттық гимназияға жаңа 8 сыныпқа қабылданған оқушылардың өнері, білімін, қабілетін тану мақсатында танысу кеші өтті. Кеште физика – математика бағыты оқушылары ерекшеленді. «Мен болашақ маманмын» тақырыбында оқушылардың өзін – өзі басқару күні өтті. Өзін -өзі басқаруда оқушылардың бірі -директор, енді бірі -директорлардың орынбасарлары, енді бірі- пән мұғалімдері болып сабақ берді. «Мен және менің жанұям» тақырыбында оқушылар жанұяларын слайд – шоу арқылы қорғады. Әр түрлі тақырыпта тренингтер ұйымдастырылды.

V. Әлеуметтік – мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру-Оқушылардың тұлғалық қасиет, әлеуметтік қасиет, әлеуметтік қарым – қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилін қалыптастыру «қоғам, әлеумет» тақырыбында сауалнамалар қойылып, оқушылардың қоғам жөнінде ой – пікірлері тыңдалды. «Сабыр түбі – сары алтын» тақырыбында сыр – сұхбат ұйымдастырылды.

VІ. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру-Оқушылардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жасампаздық қабілетін ашу, рухани адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында іс – шаралар өтті. «Алынбайтын асу жоқ» тақырыбында эссе жазылып, оқушылардың ойлары тыңдалды. «Жақсылық шарапаты» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Психологтың ұйымдастыруымен «Өмір дегенің...» тақырыбында эссе жазылды. Эссе де оқушылар өз ойын ашық айта білді.

VII. Экологиялық тәрбие-Оқушылармен жастардың бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оңан қарым – қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс – әрекеттерде болуына тәрбиелеу мақсатында да гимназияда әр түрлі шаралар өтті.

«Менің сүйікті қалам» тақырыбында фотокөрме өтті.Фотокөрмеде Атырау қаласының көрікті де әдемі таза жерлері мен лас, тазалықты қажет ететін орындары жөнінде көрме ұйымдастырылды. Оқушыларды тазалыққа, сұлулыққа, ұқыптылыққа үйрете отырып, өз қаласын сүюге, қорғауға тәрбиелеу көрменің басты мақсаты болып табылады.Қараша айында «Алтын күз» кеші өтті. «Табиғат – тылсым дүние» тақырыбында химия – биология бағыты сыныптары сынып сағаттарын өткізді. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ» тақырыбында кездесу өтіп, Атырау мұнай және газ институтының мамандары қатысты. Наурыз мейрамы қарсағында «Қош келдің, әз Наурыз» атты сазды кеш өтті. Әрбір сынып «Табиғат аясы – адамның алтын бесігі» тақырыбында буклеттер әзірледі.

VIII. Эстетикалық тәрбие- Оқушылар бойына рухани – адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен ұлттардың әлемдік көркем құндылықтары арқылы қалыптастыру барысында қыркүйек айында «Туған жер өзің дегенде» тақырыбында жыр мүшайрасы өтті. Дәстүрлі «Халайық, таланттыларды іздейміз!» атты өнер байқауы өткізілді. Бұл байқау жылма жыл дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.Байқаудың мақсаты өнерлі оқушыларды анықтау, өнерлі жекелеген оқушыларды дайындау, оларды сайыс, байқауларға қатыстыру. Қараша айында «Базар жоқ» әзіл сықақ кеші өтті. Кешті 11 «Б» сыныбы ұйымдастырды.Кеште 10 «Б» сыныбы химия – биология бағыты жеңімпаз атанды. Желтоқсан айында «Қош келдің, Жаңа жыл» кеші өтті. Кеште салтанатты зал безендіріліп, көңілді кеш болды, әр сынып оқушылары сазды бағдарламалар дайындап,өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар жарқын көңілмен Аяз ата мен ақшақарды, Жаңа жылды қарсы алды.Сәуір айында «Гүлдене бер, жас қалам» тақырыбында сурет байқауы өтті. Оқушылар Атырау қаласының бүгіні мен болашағын қағаз бетінде көрсетті.

ХІХ. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру- Оқушылардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дамыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатында емшібикенің қатысуымен «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында пікірталас өтті. «Вирустық гепатит А» тақырыбында диктант жазылды. Диктант жазу арқылы оқушылардың вирустық гепатит А ауруы жөнінде мағлұмат берді. Сыныпаралық «Жаса, Қазақстан» тақырыбы аясында футболдан жарыс өтті. Жарыс соңында 10 «Б» сыныбы кубокты жеңіп алды. Оқушылар жоспар бойынша «Президенттің сынағы баршамызға...» тақырыбында президенттік сынақ тапсырды. « ЖИТС – қатерлі дерт» тақырыбындақабырға газеттері шығарылды. Әр сыныпта «Сақтан жаман әдеттен!» тақырыбы аясында сынып сағаттары өтті. «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында көңілді старт ұйымдастырылды.

Х. Еңбек және экономикалық тәрбие- Оқушылардың өзіне- өзі қызмет көрсету шеберлігін дағдыларын, еңбек қызметінің сан алуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастыру мақсатында «Мен таңдаған мамандық қоғамға пайдалы» тақырыбында оқушылар слайд – шоу қорғады.Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, мұқияттылыққа тәрбиелеу- басты мақсат етіп алынды.

Әр айдың бейсенбі күні тазалық күні өтеді. Тазалық күнінде оқушылар мектеп ауласын, мектеп маңы көшелерін тазалады.

ХІ. Кәсіби – шығармашылық тәрбие- Оқушылар бойында кәсіби және жеке құзіреттілік көзінің мәнін қалыптастыру бағытында ата- аналардың ашық есік күні ұйымдастырылды. Ата – аналар балаларының сабақтарына қатысып, тәрбиелік шаралар ұйымдастырды. Ұлттық гимназияда гуманитарлық, химия- биология, физика- математика бағыттары бойынша апталықтар өтті. Апталықта ашық сабақтар, мәдени шаралар жоспарланып, бекітілді. Апталыққа белсенді қатысқан сыныптар, жекелеген оқушылар марапатталды. Жыл соңында « Мен болашақ жауынгер» тақырыбында 10 сыныптар арасында сапта жүру байқауы өтті.

ХІІ. Интелектуальды мәдениетті дамыту- Оқушылар мен жастардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, олардың сана сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуына мүмкіндік жасау мақсатында оқушылар әртүрлі марафондық ойындарға, ғылыми жоба, олимпиадаға, байқауларға, түрлі сайыстарға қатысты. Биылғы 2011-2012 оқу жылында оқушыларымыз әртүрлі сайыстардан жүлделі орындарға ие болды.



2011-2012 оқу жылында мектеп бітірген 53 түлектің барлығы да жоғары оқу орнына түсті. Оның ішінде 41-і мемлекеттік білім грантына ие болды. Бұл мектеп бітіруші түлектердің 77% құрайды.
  1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет