Тілдің ақ жабындымен жабылуы гениталий қабыну процессіне, аппендицит, ішек өткізбеушілігі, перитонитке тән.
Іш көлемінің ұлғаюы үлкен көлемдегі ісіктерде, асцитте, ішек өткізбеушілігінде, құрсаішілік қан кетуде болады; іш алдыңғы қабырғасының тыныс алу актісіне қатыспауы «жедел іштің» барлық түрінде болады.
Перитонит кезінде іштің алдыңғы қабырғасының қатаюы және ауырсынулы болуы, Щеткин-Блюмберг симптомы, іш қуысындағы қан кетуде – Куленкампфф симптомы (КУЛЕНКАМПФ СИМПТОМЫ— ректалды саусақтық тексеруде дуглас кеңістігнің ауырсынулы болуы), іштің алдыңғы қабырғасының қатаюынсыз іш пердесінің тітіркенуі.
Қан анализінде лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ жоғарылауы қабыну процессіне тән, гемоглобин мөлшерінің азаюы – құрсақішілік қан кетуге тән.
Қан анализінде лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ жоғарылауы қабыну процессіне тән, гемоглобин мөлшерінің азаюы – құрсақішілік қан кетуге тән.
Қынап артқы күмбезі арқылы жасалынған іш қусының пункциясы іш қусында сұйықтықтың бар кендігін анықтауға көмектеседі (ірің, серозды жабынды, қан).
УДЗ жатыр көлемін, жатыр және қосалқылардағы патологиялық түзілістерді, сұйықтықты анықтау үшін жасалады.
Жатыр түтігінің дифференциалды диагностикасын келесі жағдайлармен жасайды:
Жатыр түтігінің дифференциалды диагностикасын келесі жағдайлармен жасайды:
Жатырдан тыс жүкітілікпен (етеккірдің тоқтауы, жүктіліктің субъективті белгілері, жыныс жолдарынан қанды бөліндінің болуы);
Жедел панкреатитпен (ауырсыну бел аймағында айналмалы, тамақтану бұзылғанда, ас қорыту жүйесінің созылмалы аурулары бар);
Асқазан және ұлтабар жарасының тесілуі;
Жедел аппендицитпен;
Аналық безі кистасы аяқшасының айналуы және т.б.
Аналық без кистасы аяқшасының айналуын және апоплексиясын жедел аппендицит және үзілген түтіктік жүкітілікпен ажаратпа жасайды.