Анемиялық түрінде – құрсақ қуыстық қан кету белгілері бар.
Объективті тексергенде жалпы жағдайына өзін ұстау, гинекологиялық креслодағы жағдайы және ауырсынуға мимикалық белгілері, тері және кілегей қабаттарының түсіне көңіл аударады.
Перитонитте, жедел қан кетуде – тыныс алу жиілігі минутына 20 жоғары болуы мүмкін.
Перитонитте, жедел қан кетуде – тыныс алу жиілігі минутына 20 жоғары болуы мүмкін.
«Жедел іштің» кез-келген түрінде тахикардия болады, ол қызбаға, гиповолемия, жедел қан кетуге тән.
«Жедел іште» гипертензия болмайды. Гипотензияның болуы септикалық жағдайға немесе жедел қан кету нәтижесіндегі (түтік жыртылуы, кистаның жарылуы, аналық без апоплексиясы) гиповолемия салдарынан болады.
Жалпы тексергенде жүктілік белгілері анықталады: сүт бездерінің қатаюы, емізіктер пигментациясы, уыздың бөлінуі.