Өзіндік зерттеу
Оңтүстік Қазақстан Ғылыми Зерттеу Ветеринарлық Станциясында ішкі жұқпалы емес аурулары пәнінен практикалық дәріс өту барысында жалпы қанды тоқтату әдістерімен танысып, жарақаттанған қойға алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеттік.
Ветеринария ғылымының кандидаты пән оқытушысы Өсербай Асқар ағай бағыт-бағдар көрсетіп тұрды.
Бірінші жәрдем қан тоқтатудан басталады. Қан көп кеткенде ми торшаларының жансыздануы және жүрек қан айналысының жұмысы бұзылады, сондықтан организмнен кеткен қанның орнын толтыру керек. Қансыраған қойдың басын төмен қаратып, аяқтары мен бөксесін жоғары көтереді. Аяқтардан қанды сырып отыру керек, ол үшін мал аяқтарын резина бинтімен орап, тұяғынан бастап таңамыз. Өйткені қанның азаюы салдарынан мал организмінде сұйық заттар кемиді, жүрек жұмысы нашарлап, қан қысымы төмендейді. Бұл үшін негізгі мақсаттардың бірі сұйықтардың тапшылығын жою. Физиологиялық ерітіндіні ірі веналарға жіберсе, қан қысымы тез қалпына келеді. Бір ретте 2-3 л ерітінді енгізу қажет. Оны тәулігіне 2-3 рет қайталауға да болады, дегенмен шамадан тыс қанды сұйылтуға болмайтынын ескеру керек.
Әр түрлі жарақаттанулардан кейін артериядан аққан қанды, сол жерге дәріленген дәке-тампон ұстап, қан тиылғанша таңып, тоқтатуға болады. Кейде сол қан ағып тұрған жерге 1,5 хлорлы темір қышқылының 10 пайыздық ерітіндісіне бірдей мөлшерде 4 пайыз формалин араласқан ерітінді сіңірілген дәке тампонын таңған жөн. Қыздырылған парафинге 60-65 градус ятрен қосып (1 г парафинге 2,5 г ятрен) сіңірілген дәке тампонын басуға да болады. Артерия қан тамырлары өте тереңде болмаса, жараланған жерден біршама алыстау маңнан артерияны үстінен қысып немесе қан тоқтатқыш қысқыштармен қан ағуды уақытша тоқтатқан жөн.
Қан тамырлар жүйесінің аурулары
Қан жүйесінің патологиялық физиологиясы
Қан – организм тіршілігіне қажетті маңызды функция атқарады. Қанның негізгі функциялары мыналар: қоректендіру, тыныс алдыру, бөлу, қорғану, жылу реттеу және коррелятивтік (мүше функцияларының өзара байланыстылығы).
Патологиялық жағдайда қан құрамы, оның морфологиясы, биохимиялық және физико-химиялық қасиеттері бұзылатындығы байқалады. Мұның өзі қан функциясын бұзып, бүкіл организм қызметіне әсер етеді.
Ауыл шаруашылық малдарында қалыпты жағдайда қанның жалпы массасы дене массасының 5-9 % құрайды. Соның ішінде 55-60 % сұйық бөлігіне (плазма), 40-45% формалы элементтерге (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) жатады. Плазманың жалпы көлеміне формалық элементтердің проценттік мөлшерінің қатынасын гематокрит көрсеткіші деп атайды. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда 35-48 % аралығында ауытқиды. Бұл қатынасты нормоволемия деп атайды.
әр түрлі патология жағдайында айналыстағы қан мөлшері және эритроциттер мен плазма арасындағы қатынас түрліше өзгереді. Мұндайда жалпы қан көлемі мынадай формада өзгеретіндігі байқалады: гиперволемия және гиповолемия.
Жалпы қан мөлшерінің көбеюін гиперволемия деп атайды. Гиперволемияның үш түрі бар:
Қарапайым гиперволемия – формалық элементтер мен плазманың біркелкі көбеюі. Бұл денеге көп мөлшерде қан құйғанда, қарқынды дене жұмысы кезінде тамыр арнасына қан мен ұлпа сұйығы көптеп келгенде уақытша байқалатын сирек құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |