Гистология және цитология кафедрасы



бет16/22
Дата14.09.2023
өлшемі0.87 Mb.
#477640
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
БӨҚ Педиатрия 1 курс.2022

2. Жағдаяттық есептер


Тақырыбы: Цитология. Жасуша және жасуша емес құрылымдар. Плазмолемма. Гиалоплазма. Мембранды органеллалар. Жасушаның мембранды емес органеллары. Қосындылар

1.Электронды микроскоппен қарағанда, шеткері орналасқан 9 жұп және ортасында орналасқан 1 жұп микротүтікшелері бар құрылымдар жасушаның бос бетінде орналасқан. Осы құрылымдар қалай аталады және олардың функциясы қандай?


2. Жасушалардың бос бетінде негіздік фосфатаза ферментінің жоғарғы активтілігі анықталған. Электронды микроскоппен қарағанда осы жасушалардың бос беттері қалай көрінеді?
3.Электронды микроскоппен қарағанда, жасуша цитолеммасының көптеген майда төмпешіктері мен ақшылт көпіршіктері көрінеді. Бұл қандай процессті көрсетеді?
4.Электронды микроскопен әртүрлі жасушаларды қарағанда, бірінің үсінде бір-екі микротүктер, ал екіншісінде жиегі көрінген. Осы жасушалардың функциясы туралы қандай қорытынды жасауға болады.
5.Электронды микроскоппен жекеленген жасшаларды зерттегенде, біріеің бетінде мерцательді кірпікшелерді, ал екіншісінде – десмосомалар көрінеді. Осылардың қайсысы бос, қайсысы байланыс жасайды?
6.Ішекті жиекті жасушалар қаптап жатады. Кейбір ауруларда жасуша жиегі зақымдалады. Бұл жағдайда жасушаның қандай функциясы өзгеріске ұшырайды. Неге?
7.Тін кесіндісін метиленді жасыл-пиронинмен Браше әдісі бойынша бояғанда жасушаның цитоплазмасы қызыл күрең түске боялады. Осылай боялу себебін түсіндіріңіздер. 2 тапсырманы қараңыз.
8.Бүйрек түтікшесіндегі жасушаларға улы затпен әсер еткенде ферменттердің тотығу-тотықсызданудың белсенділігі бұзылады. Бұл қандай жасушаішілік ұрылыстың бұзылуына байланысты? 7 тапсырманы қараңыз.
9.Иондық радиацияның әсерінен кейбір жасушаларда белгілі бір органеллалар зақымдалады. Оның қалдықтары қандай жолмен шығарылады?
10.Жарақат бетінде бірінші реттік лизосомалар, көптеген фагосома мен екінші реттік лизосомалар құрамына кіретін жасушалар пайда болады. Бұл жасушалардың қандай функциональді мәні бар?
11.Зерттеуші алдында жасушаның лизосомасы мен митохондриясын анықтау мәселесі алға қойылған. Оны қандай әдістермен анықтауға болады? Қандай белгілеріне қарай ажыратуға болады?
12.Жасушада Гольджи комплексі, түйіршікті эндоплазмалық торы жақсы дамыған, митохондриясы және жасуша орталығы бар. Басқа жасушада митохондриясы өте көп, лизосомасы көп мөлшерде және түйіршікті, түйіршіксіз мембраналы эндоплазмалық торы көп емес. Осы жасушалардың атқаратын функциясы қандай? Бұларда белок синтезі жүре ме?
13.Зерттеушінің алдына қойылған тапсырма құрамында ДНҚ және РНҚ бар структураларды анықтау. Ол үшін қандай әдістерді қолдану керек?
14. Гистологиялық зерттеу барысында жасуша ядросында хроматин мен ядрошықты ажырату қажеттілігі туындады. Қандай әдістер қолданылады? 15. Препаратта ірі ядросы және ядрошығы бар нерв жасушаларлы көрінеді. Осы жасушалардағы белок синтезінің белсенділігін бағалаңыз.
16. Экспериментальді араласу барысында жасушаны жасанды түрде екі бөлікке – біреуі ядромен, екіншісі ядросыз. Жасушаның бұл бөліктерінің түршілікке қабілеттілігі қандай?
17. Қанның лейкоциттерінің цитологиялық талдауы барысында барабанды таяқша түріндегі ядролық өсінді табылды. Бұл қан әйелдің қаны ма немесе ер адамның қаны ма?
18. Жасушада бөлінгеннен кейінгі екі жұлдыз көрінеді. Бұл митоздың қай сатысы? Әрбір жұлдызда қанша хромосомадан?
19. Адамның соматикалық жасушасында митотикалық бөліну нәтижесінде жас жасушалар пайда болды. Онда неше хромосома бар? Хромосома санының тұрақты сақталу механизмін түсіндіріңіз.
20.Клетка митоз жолымен бөлініп жатыр. Осы уақытта белок синтезі жүре ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет