Тақырыбы: Жабын эпителийі. Безді эпителий.
31. Алақанның беткі терісі және бастың шашты терісі көп қабатты мүйізденетін эпителиймен жабылады. Осы эпителийлердің құрылысындағы айырмашылығы қандай, себебі не? Оларды препараттан табу керек.
32. Қуық қабырғасының созылу дәрежесіне байланысты, өтпелі эпителий көпқабатты немесе бірқабатты эпителийге ұқсас болуы мүмкін. Препаратқа қарап ағзаның созылу әлде ықшамдалу кезін белгілеңіздер.
33. Бездің препараты Шифф-йодты қышқылымен боялған. Бояу әсерінен жасуша цитоплазмасына қызыл-күрең түске боялған зат анықталады. Бұл бездің секретінің құрамында қандай химиялық компоненттер бар?
34. Майлы бездің секретті түзіп шығаратын бөлімінің орта жағында зақымдалған көп жасушалар көрінеді. Бұл белгі нені аңғартады?
35. Безді жасушаны зерттегенде цитоплазмасының көп бөлігін алатын, жақсы дамыған пластинкалы комплексі (Гольджи аппарат) көрінеді. Бұл секреторлы процестің қай сатысы көрсетілген?
Тақырыбы: Эритроциттер. Тромбоциттер. Лейкоциттер. Эмбриональды және постэмбриональды қанның өндірілуі.
36. Ядросы сегментті болып келген жасуша. Эритроциттен ірілеу. Жиі кездеседі. Цитоплазмасында дұрыс көрінбейтін қызыл-күлгін гранулалар бар. Бұл қандай жасуша?
37. Жасушаны белгілеңіздер. Жиі кездеседі. Көлемі эритроциттің шамасында. Ядросы бар жасуша. Цитоплазмасы базофильді, жіңішке жиек тәрізді ядроны қоршап тұрады.
38. Цитоплазмасы оксифильді, ядросы болмайды. Саны көп болады. Бұл қандай пішінді элементі?
39. Көлемі өте ұсақ, ядросы болмайды, азурмен бірқалыпты боялмаған эритроциттердің арасында кішкене тобымен орналасқан. Бұл қандай пішінді элементтер?
40. Сіңірдің, эластикалы байламның және лимфа безінің гематоксилин-эозинмен, пикрофуксинмен және азотты қышқыл күміспен сәйкес боялған гистологиялық препараттарын талдағанда, бұл ағзалардғы дәнекер тіннің ең көп болатын талшықтары әр түске боялған: сіңірде-қызғылт, байламда-сары, лимфа безінде-қара-қоңырлы. Осы талшықтарды атап беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |