Гистология және цитология кафедрасы


Тақырыбы: Адам эмбриологиясы. Прогенез Эмбриональды дамудың алғашқы кезеңі. Эмбриональды ұрықтық кезеңі. Ұрықтан тыс ағзалар



бет17/22
Дата14.09.2023
өлшемі0.87 Mb.
#477640
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
БӨҚ Педиатрия 1 курс.2022

Тақырыбы: Адам эмбриологиясы. Прогенез Эмбриональды дамудың алғашқы кезеңі. Эмбриональды ұрықтық кезеңі. Ұрықтан тыс ағзалар.

21. Препаратта жұмыртқа жасушасының әртүрлі даму сатыларында екендігі көрініп тұр. Жұмыртқа жасушасының ұлғаюымен, оның ішіне сарыуыз қосындыларының бір полюске көптеп жиналуын байқауға болады. Бұл жұмыртқа жасушасының қай түріне және қандай жануарлар түріне тән екендігін анықтаңыздар.


22. Препараттағы ұрықтың бластомерлер саны жұп және өлшемді бірдей екендігі көрініп тұр. Осындай ұрықтарға бөлшектенудің қандай түрі тән екенін анықтаңыздар.
23. Препаратта көпіршік тәріздес орталықта орналасқан құралысты көп жасушалы ұрықты көруге болады. Осы ұрық дамудың қандай сатысында жүріп жатқанын және қандай жануарлар түріне жататын анықтаңдар.
24. Электронды микросуретте сперматозоидтар көлденең кесіліп көрсетілген. Біріншісінде митохондрияларымен қоршалған осьтік жіпшелерді, екіншісінде тек центриольдарды көресіңдер. Осы суреттерде жасушаның қандай бөлімдерінің берілгенін анықтаңдар.
25. Тәжірибе кезінде қосмекенділердің ұрықтары екі бластомер болып келген сатысында, олардың біреуін күйдіру арқылы зақымдайық. Сонда қалғандары қандай күйге ұшырайды?
26.Зерттеушінің алдында термостатта 12 сағат инкубацияланған тауық ұрығының сериялы көлденең кесінділі препараттары жатыр. Препараттың біреуінде ұрық жапырақшалары жасушаларының тығыз жиынтығымен байланысқан. Ұрық дамудың қай стадиясында және қай деңгейде кесу жүргізілген?
27. Соңғы гаструляция кезеңіндегі қосмекенділердің ұрығына жасаған тәжірибеде бір ұрықтың бластопорының арқа (дорсальды) ернінің бет жағына басқа ұрықтың ішкі ернін (вентральды) орналастырған. Осыдан қандай нәтиже күтуге брлады? Осындай тәжірибе нәтижелерін ерте гаструла кезеңіне қолдануға бола ма?
28.Сарыуыз қапшығының негізгі функциясын ескере отырып қоректік заттардың қорға жиналуы және бірінші реттік эртиробласттардың түзілуі, қай балықтарға (терең сулардағы ма немесе таяз сулардағы ма) тән және де қан түйіршіктерінің аралшығының дамуы қайсысында жылдам бақыланатындығын анықтаңдар.
29.Ұрықтану үрдісінде жылтыр қабықшаның қажетті маңызы бары белгілі. Тәжірибеде жылтыр қабықшаны гиалуронидаза фермент арқылы жойып жібереді, осыдан кейін жұмыртқа жасушасы ұрықтандырылады. Ұрықтанудың қандай кезеңдері бұзылады?
30. Электрондық микросуретте ұрықтанған жұмыртқа жасушасының екі пронуклеусі көрінеді. Бірінде осьтік жіпшелер мен митохондриялар, екіншісінің жаңында полярлы денешіктер орналасқан. Осының қайсысы аналық, қайсысы аталық пронуклеус екендігін анықтаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет