Гистология кафедрасы


Миофиламенттер немесе миофибриллалар



бет2/4
Дата06.06.2023
өлшемі60.44 Kb.
#474762
1   2   3   4
СРС ГИСТО 2

Миофиламенттер немесе миофибриллалар —кальций иондарының міндетті түрде қатысуымен өтетін, олардың құрамындағы негізгі екі фибриллярлық нәруыздардын — актин және миозиндердің өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болатын және жиырылуды қамтамасыз ететін арнайы жиырылу органеллалары. Митохондриялар бұл үдерістерді энергиямен қамтамасыз етеді. Энергия қорын гликоген мен липидтер кұрайды. Миоглобин — нәруыз, ол оттегінің байланысуын және бұлшық еттің жиырылуы кезінде қан тамырлары қысылған жағдайда, онын қорының жиналуын қамтамасыз етеді.

Жіктелуі. Бұлшық ет тіндерінің жіктелуі екі принципке негізделген — морфофункционалдық және гистогенетикалық. Бұлшық ет тіндері жиырылу органеллаларының құрылымына байланысты, морфофункционалдық прин­ципке сәйкес екі топка бөлінеді.
Бірінші топ — көлденең-жолақты бұлшық ет тіндері (textus muscularis striatus). Онын элементтерінің цитоплазмасында миозин филаменттері ұдайы полимеризацияланып, актин жіпшелерімен тұрақты кұрастырылған миофи­бриллалар құрайды. Сонғылар арнайы кешендер — саркомерлерді түзейді. Көрші миофибриллаларда саркомерлердің құрылымдық бірліктері бір денгейде орналасады және көлденең-жолақтықты кұрайды.
Екінші топ — жазық бұлшық ет тіндері (textus muscutaris nonstriatus). Бұл тіндер жиырылмаған кезде миозин филаменттерінің деполяризациялануымен сипатталады. Кальций иондарының қатысуымен олар полимеризацияланады және актин филаменттерімен әрекеттеседі. Пайда болатын миофибриллалардың көлденең-жолақтығы болмайды: арнайы бояулармен бояған кезде, олар ұзындығын бойлай біркелкі боялған жіпшелер түрінде анықталады.
Гистогенетикалық принципке сәйкес бүлшық ет тіндепі мен бұлшық ет элементтері даму көздеріне (эмбрионалдық бастамаларға) байланысты келесі топтарға бөлінеді: сомалық(миотомдық), целомдық (спланхнотомның висцеральды жапырақшасының миоэпикардиалды табақшасынан), мезенхималық(мезенхима кұрамындағы десмалдық бастамадан), нейралдық(жүйке түтікшесінен), эпидермалдық(терілік эктодермадан және прехордальды табақшадан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет