БОЙКОТ (англ.) –
мемлекеттермен, мекемелермен,
ұйымдармен, жеке тұлғалармен
толық немесе ішінара қарым-қатынасты бір нәрсеге байланысты
тоқтату туралы саяси
күрестің тәсілі. Бұқара халық бойкотты ӛкілетті ұйымдарға ішінара немесе толық
сайлаудан бас тарту үшін қолданады.
БОПСА (шантаж) (фр.) –
қиянат жасау, қандай да бір мақсатпен әйгілейтін,
масқаралайтын мәліметті (шындық немесе жалған) жариялаумен қорқытып алу.
БОСҚЫНДАР - ӛз мемлекетінің азаматтық тиістілігі бар елден тысқары болып, нәсілдік,
діни, ұлттық және белгілі бір әлеуметтік топқа немесе саяси сенімге байланысты қуғынға
ұшырауға қауіптенетін тұлғалар, адамдар.
БОСТАНДЫҚ – адамның алдына қойған мақсаты ӛзінің
қызығушылығы, тілегімен
пиғылы арқылы жүзеге асырылатын жұмысы.тәжірибеде тұлғаның ішкі Б. арқылы жүзеге
асырылады.
БРИФИНГ (англ.)
телевидение, радио, газет тәрізді ақпарат құралдары ӛкілдерінің
қысқаша хабарлама жиналысы. Онда арнайы рұқсаты бар адам белгілі бір мәселе
бойынша үкіметтің немесе ұйымның позициясын баяндайды; келіссӛз жүргізуші, мәжіліс
немесе конференция ӛткізуші екі жақтық келісімімен олардың барысы, кӛзқарастары және
т.б. туралы хабарлар етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: