Глоссарий аксиома — ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем. Анықтама


Жартышеңбер — диаметрге керілетін доға. Катет



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата10.08.2024
өлшемі107.75 Kb.
#503139
1   2   3
Учебник Geometria 7 kz Глосаррий

Жартышеңбер — диаметрге керілетін доға.
Катет — тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қа-
бырғалары.
A
D
E
B
D
D
B
B


138
Кесінді — түзудің берілген екі нүктесі мен олардың арасында жатқан 
барлық нүктелерінен тұратын бөлігі.
Кесіндінің ортасы — кесіндіні тең екі бөлікке бөлетін нүкте.
Кесіндінің орта перпендикуляры — кесіндіге перпендикуляр және оның 
ортасы арқылы өтетін түзу.
Кесіндінің ұзындығы — бірлік кесіндіні берілген кесіндінің бо йынан 
неше рет орналастыруға болатынын көрсететін оң сан.
Көлбеу — берілген нүктеден берілген түзуге жүргізілген кесінді.
Негізгі ұғымдар — анықтамасыз қабылданатын ұғымдар.
Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық — перпендикулярдың ұзын дығы.
Нүктелердің геометриялық орны — берілген қасиетті немесе бірнеше 
қасиетті қанағаттандыратын барлық нүктелерден тұратын фигура.
Параллель түзулер — бір жазықтықта жатқан және ортақ нүктесі бол-
майтын түзулер.
Перпендикуляр — берілген нүктеден берілген түзуге түсірілген кесінді.
Перпендикуляр түзулер — тік бұрыш жасап қиылысқан екі түзу.
Сәуле — жарты түзу.
Сүйір бұрыш — тік бұрыштан кіші бұрыш.
Сүйір бұрышты үшбұрыш — барлық бұрыштары сүйір болатын үш-
бұрыш.
Сыбайлас бұрыштар — бір қабырғасы ортақ, ал басқа екі қабырғасы бір 
түзудің бойында жататын екі бұрыш.
Тең бұрыштар — екі бұрышты беттестіргенде сәйкес қабырғалары мен 
төбелері дәл келетін бұрыштар.
Тең кесінділер — беттестіргенде ұштары дәл келетін кесінділер.
Тең үшбұрыштар — сәйкес қабырғалары мен бұрыштары тең болатын 
үшбұрыштар.
Тең фигуралар — сәйкес нүктелері беттесетін екі фигура.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет