Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды атом-молекулалық деңгейде түсіндіру. Жай және күрделі заттардағы молекулалар құрамы. Физикалық құбылыстар кезінде молекулалардың сақталу және химиялық құбылыс кезінде бұзылуы. Молекулалардың кинетикалық және потенциалдық энергиясы.
III кезең 8- класта физиканы оқытуда.
Заттардың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды қалыптастыру.
Атомның ядролық моделі. Ядро заряды және атомдағы электрондар саны. Денелердің электрленуі құбылысының мәнін, металдрдағы және электролиттердегі электр тогының табиғатын, өткізгіштердің кедергісін және т.б. түсіндіру кезінде заттың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды нақтылау және жүйелеу.
IV кезең 9- класта химияны оқытуда.
Заттардың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды дамыту.
Атомдардың электрондық қабаттарының құрылымы. Атом ядросының құрамы. Изотоптар. Молекулалар мен кристалдардың электрондық құрылымы. Иондық және коваленттік байланыстар. Полярлы және полярлы емес ковалентті байланыс. Иондық, атомдық және молекулалық кристалл торлар.
Жоғарыда көрсетілген кезеңдерден заттардың молекулалық құрылысы жайындағы ұғымдар 7-класс оқушыларына физика сабақтарында қалыптастырылатынын көруге болады. Бұл ұғым кейіннен 8-кластың химия курсында дамытылады. Осының нәтижесінде оқушылар заттың атом-молекулалық құрылымы жөніндегі ұғымдарды кеңінен меңгеретін болады. 8-класс физика және химия, кейіннен 9-класс химия курстарында бұл ұғым дамытылады және тереңдетіледі.
Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың жалпы шарттарына төмендегілерді жатқызуға болады: ұғымдық жүйенің негізін құрайтын қалыптастырылатын ұғымдарды таңдау; ұғымдарды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті оқу материалының көлемін таңдау; сәйкес курсты оқыту процесінде оқушыларға ұғымдарды қалыптастырудың және дамытудың кезеңдерін анықтау; пәнаралық байланыстарды тағайындау; ұғымдарды тиімді қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін таңдау.