Уақыттық белгісі бойынша пәнаралық байланыстарды болып өткен, ілеспелі және келешекте болатын байланыстарға бөледі.
Мазмұндық байланыстарды-факті жүзіндегі, ұғымдық және теориялық деп ажыратады.
Оқушыларға ғылым негіздерін игерту процесінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың мынадай тәсілдерін көрсетуге болады:
1)жаңа оқу материалын меңгертуде оқушылардың басқа пәндер сабақтарында алған білімін пайдалану, мұнда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың үш кезеңі қарастырылады:
-жаңа ұғымды қабылдауға оқушыларды дайындауда пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
-жаңа ұғымды меңгерту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
-жаңа оқу материалын бекітуде және есептер шығаруда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру;
3)қорытындылау сипатындағы қайталау сабағын өткізу, мұнда әр түрлі пәндерді оқып үйрену кезінде алған білім біртұтас етіп біріктіріледі, мысалы, физиканы, химияны және биологияны оқып үйрену процесінде энергия туралы алған білімін қорытындылау, соның нәтижесінде оқушылар энергияның сақталу және айналу заңын толық әрі терең түсінеді. Іргелі ұғымдар әртүрлі пәндердің өзара байланысқан ұғымдарының жалғасымдылықпен қалыптастырылуы барысында ұзақ процесс нәтижесінде меңгертіледі. Мысалы, “зат” ұғымын қалыптастыру физиканы, химияны және биологияны оқыту нәтижесінде жүзеге асады; бұл ұғым осы оқу пәндерін оқып игергенде ғана қалыптасқан болып саналады.
Көптеген әдіскерлердің зерттеулері мектеп оқушыларында іргелі ұғымдарды қалыптастыру және дамыту берік бекіген пәнаралық байланыстарды тағайындау нәтижесінде жүзеге асатындығын көрсетеді.
7-8 кластарда физика мен химияны оқыту кезінде заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың негізгі кезеңдерін қарастырайық:
I кезең 7- класта физиканы оқытуда.
Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды молекулалық деңгейде қалыптастыру. Молекулалардың қозғалысы. Дене температурасының молекулалардың қозғалыс жылдамдығымен байланыстылығы. Молекулалар арасындағы өзара әрекет.