Материалды меңгеру сапасы: сабақта қолданылатын оқу материалын баяндау әдістеріне, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдеріне, олардың білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін тексеру фомаларына
Оқыту әдістерінің және оқушылардың сабақтағы әрекетінің алуан түрлілігі, оларды шебер пайдалану – физиканы оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі. 1-кестеде сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру негіздері көрсетілген.
Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынадай бірнеше түрлерге бөлуге болады:
а) жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы;
ә) білімдерді бекіту және практикалық іскерліктерін қалыптастыру сабағы;