-өзбетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу; сондай-ақ, оқулық, анықтамалық және хрестоматия әдебиеттерін пайдалана білу іскерлігін қалы
-өзбетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу; сондай-ақ, оқулық, анықтамалық және хрестоматия әдебиеттерін пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
-қайсыбір эксперименттік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды пайдалана білу; өлшеу нәтижелерін шығара білу, және тәжірибе мәліметтері негізінде қорытынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу;
-физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, шығармашылық қабілетін дамыту, мамандықты саналы таңдауға дайындау;
-оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру – негізгі фактілер, ұғымдар, заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде физикалық құбылыстарды кең ауқымды қорытындылауға үйрету;
-физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі бастапқы қағидаларын қолдана білуге үйрету;
-оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту – физикалық құбылыстардың, заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру, құбылыстардың қалай болатынын алдын-ала болжау;
-оқушыладың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету;
-оқушылардың оқылған физикалық заңдар мен заңдылықтардың іс-жүзінде қолданылуы жайындағы білімдерін кеңейту;
-оқушыларды әртүрлі физикалық аспап, құралдар мен қондырғыларды пайдалана білуге тікелей іс жүзінде дағдыландыру;
-оқушылардың патриоттық және ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
-физика курсын өзбетінше оқып үйренуге баулу;
-оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша оқу материалдарын талдай білу;
-физикалық жаттығуларды, эксперименттік және оқыту тәжірибелерін, лабортаориялық жұмыстар мен есептер шығаруды еркін меңгерту, т.б.