Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі мынадай түрлерден құралады (2-сурет): 2)лабораториялық эксперимент; 3)физикалық практикум; 4)сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент; 6)қолдан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау. -
Физикалық оқу эксперименті | | | лабораториялық эксперимент | | | | кластан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент | | | | қолан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау | 2-сурет. Физикадағы оқу экспериментінің жүйесі. Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстінде көрсетіледі. Демонстрациялық экспериментті көрсеткенде оқушылар пассивті түрде бақылаушы ролін атқарады. Лабораториялық экспериментте оқушылар өздері белсене қатынасады, физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, өлшеулер жүргізеді, физикалық шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды. Мектепте жүргізілетін лабораториялық эксперимент белгілі ерекшеліктеріне қарай 5 топқа классификацияланады (3-сурет): І.Лабораториялық экспериментке оқушылардың қатыстырылуы бойынша: 1) олардың барлығы түгел міндетті түрде орындайтын сыныптық лабораториялық жұмыстар; 2) сыныптан тыс уақытта (физика кабинетінде, үйде), физикаға қызығушы оқушылардың ғана істейтін лабораториялық жұмыстары болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |