Глоссарий ақпараттандыру


Тәрбие – тұлғаның дамуына және қалыптасуына негізгі жағдайларды жасауға бағытталған мақсатты үдеріс. Типтік оқу бағдарламасы



бет4/6
Дата16.05.2024
өлшемі20.74 Kb.
#501260
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Қосымша мат.

Тәрбиетұлғаның дамуына және қалыптасуына негізгі жағдайларды жасауға бағытталған мақсатты үдеріс.
Типтік оқу бағдарламасы – педагогика оқу пәні бойынша студенттер меңгеруге тиіс негізгі білім, іскерлік, дағды мен құзыреттіліктің шегі анықталатын және педагогиканы оқытудың ерекшеліктеріне тән әдістер, тәсілдер мен оқытудың құралдарының тізімдері көрсетілген әдістемелік сипаттағы нұсқаулықтары бар нормативті құжат.
Типтік оқу жоспары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген нормативтік құжат. Онда оқытылатын пәндердің тізімінен және оларды оқу семестрлеріне бөлетін және пәндерді әр оқыту сатысындағы оқыту көлемін анықтайтын, оқу сабақтарының формалары (дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, өзіндік жұмыстар және т.б.), аралық және қорытынды бақылау түрлері (емтихан, курстық, дипломдық жұмыс) көрсетілген.Типтік оқу жоспарының құрылымындағы инвариантты және вариативті компоненттерді ерекшелеуге болады.
Түсіну – оқылатын пәннің (құбылыстың, үдерістің) арасындағы байланыс пен қарым-қатынастың алғашқы мәнін ашу, оның құрамын, қызмет ету себептері мен көздерін анықтайтын үдеріс.
Ұғыну – оқылатын ақпаратты талдау және жинақтау, салыстыру және салғастыру, топтау және жүйелеу үдерісі.
Ұйымдастырушылық-әдістемелік принциптерпедагогиканы оқыту үдерісінің ұйымдастырушы формалары мен әдістерін анықтайтын ережелер.


Шеберлік – ол өте көп мағынада қолданылады. Мысалы: іскерлік, өнерпаз, іскер, ұста, білімпаз т.б. Шебердің қолы ортақ деуге болады.
Іскерлік ойын - әр түрлі жағдайларда берілген неме­се қатысушылардың өздері бекіткен ережелер бойынша басқаратын шешімдер қабылдауының еліктеушілік әдісі (имитация).
Білім бағдарламасы – белгілі бір деңгейдегі және бағыттағы білімнің мазмұнын анықтайтын бағдарлама. Білім бағдарламалары жалпы білім беру (негізгі және қосымша) және кәсіби (негізгі және қосымша) болып жіктеледі.
Жұмыс оқулығы – зерттелінген оқу курсы бөлімінің шеңберінде белсенді, үй тапсырмасы, семинарлық, тесттік және емтихан сабақтарына студенттің өз бетімен оқып дайындалуына арналған оқулық болып табылады. Жұмыс оқулығы білім алушы оқу үрдісін, үй жұмысын өз бетімен орындауына ықпал ететін белгілерді жазып жүретін жұмыс дәптерінің қызметін атқарады. Жұмыс оқулығы қажет кезде компьютер қолданылатын кезде электронды немесе баспаханалық жолмен шығарылған принтерлі болуы мүмкін. Жұмыс оқулықтарының негізгі айырмашылығы ақпаратты ұсыну мен қайта өзгертудің тәсілдері мен әдістеріне байланысты болады.
Реферат – автордың қосымша талдауынсыз немесе сыншыл ескертулерінсіз негізгі деректі жағдайлар мен қорытындыларды қамтитын құжат мазмұнының қысқа әрі нақты баяндалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет