Ғылыми мақала – нақты тақырып бойынша шағын мөлшерлі ғылыми публицистикалық шығарма.
Эссе – автордың аса дара ұстанымы ауызша сөйлеуге бағдарланған парадоксалды баяндалған композициялы және көлемі шағын прозалық шығарма. Эссе – философиялық, тарихи-өмірбаяндық, публицистикалық, әдеби-сыншыл және беллетристикалық сипатта болуы мүмкін.
Жазбаша курстық жұмыс – студенттің меңгерген теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын, әдебиетпен жұмыс жасау, бастауларды талдау, шартты және негізгі қорытындыларды жасау іскерліктерін сипаттайтын, ғылыми талдау элементтері бар зерттеу пәні бойынша нақты тақырыпта өздік жұмысты құрастыру.
Біліктілік жұмысы – бітірушінің нақты міндетті орындау барысында теориялық білімдерді және тәжірибелік дағдыларды жүйелейтін, бекітетін және кеңейтетін, қорытынды ғылыми-тәжірибелік жұмысы.
Нормативті құжат – пайдаланушылардың кең ауқымына түсінікті, іс-әрекеттің нақты түрлеріне немесе нәтижелеріне қатысты ережелерді, жалпы ұстанымдар мен сипаттамаларды қамтитын құжат.
Іскерлік – қатаң түрде берілген алгоритмдер мен ережелер бойынша орындалатын нақты әрекеттерден тұратын аяқталған әрекет.
Білім базасының қисынды сызбасы – нақты бір оқу пәніне тән терминдер мен категорияларда анықталған қайсібір білім көлемінің сызбалық түрі.
Тренинг – іскерлік пен дағдыларды жетілдіруге арналған сабақ, жаттығу.
Дағды – тұрақты жаттығулар жолымен автоматтандырылған бұлшық ет әрекеттері.
Глоссарий – түсініктер мен терминдердің түсіндірме сөздігі.
Түсінік – қайсыбір зат жайлы (құбылыс, күй) қисынды берілген жалпы ұғым.
Термин – арнайы, ғылыми немесе кәсіби түсінікті белгілеуге қабылданған сөз немесе сөз тіркесі.
Глоссарлық оқыту – кәсіби сөздіктерге енген түсініктер мен деректерді жүйелі жаттау.
Тезис – қайсыбір идеяны немесе лекцияның, баяндаманың, шығарманың негізгі ойларының бірін қысқаша баяндайтын ереже.
Достарыңызбен бөлісу: |