Курстан кейінгі қолдау Педагог қызметін курстан кейін қолдау – педагогтің кәсіптік
құзыреттілігін оның курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және
әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы дамытуды қамтамасыз
ететін іс-шаралар жүйесі.
Бағдарлама бойынша курстық оқытудан өткен курстық оқыту
тыңдаушыларының қызметін курстан кейінгі қолдауды өткізу нысандары:
- курстан өткеннен кейін бірінші күнтізбелік жыл ішінде педагогтің
кемінде үш дербес жұмысын жоспарлауы, ұйымдастыруы және өткізуі;
- біліктілікті арттыру курстарынан өткен және алған білімдерін,
іскерліктерін, дағдыларын практикада табысты қолданатын педагогтерді
тәжірибе алмасу жөніндегі іс-шараларға қатысуға тарту, олардың тәжірибесін
көпшілік алдында тану.