Өткір радиация — ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны.
Жердің радиоактивті ластануы— ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады.
Электромагниттік импульс- ядролық жарылыстың зақымдаушы факгоры, гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар
ағыны мен оң иоңдардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрді және магнитті сәулелер.
Дауыл - күші қиратушы және жылдамдық ұзақтықтығы секундке 30 метрлерiне жететiн жел.
Құйын — бұл циклонның орталық бөлігінде тез арада өршіп кететін атмосфералық қатты жел.
Күйік - жоғары температура (от, ыстық бу, қайнаған су), химиялық заттар (қышқылдар, негіздер) немесе иондаушы радиациялық сәуле әсер етуі нәтижесінде ұлпалардың зақымдануы.
Термиялық күйік - денеге жалын, қайнаған су, газ, қызған және балқыған металлдардың тікелей әсерінен пайда болған күйік.
Химиялық күйік -бір қатар химиялык заттардың (қатты қышқыл,
сілті), сәулелік күйік- иондаушы радиацияның әсер етуі кезінде пайда болады.
Алғашқы көмек зақымданушының өмірін сақтап қала алатын, жаралану немесе аурудың асқынып кетуін және ауыртпалығынан сақтандыратын қарапайым шаралардан құралады.
Реанимация, латын сөзі, тірілу түсінігін білдіреді, яғни жұмыс істеу қабілеті бұзылған немесе тоқтап қалған адам организмінің жұмысын қалпына келтіруді айтады. Бұл шара клиникалық өлімде, тыныс алуы тоқтаған, қан айналысы бұзылған жағдайда қолданылады.
Инфекция - адам мен жануарлар организміне ауру қоздырғыш микробтардың енуі және олардың организмде өсіп - өнуі, оны түрлі кеселге ұшыратуы.
Қауіп-қатер - ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс -әрекетімен тығыз байланысты құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |