Глоссарий Өмір тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз



бет3/4
Дата13.09.2023
өлшемі18.2 Kb.
#477392
1   2   3   4
Глоссарий

Тірі қалу факторлары - төтенше жағдайдағы іс- әрекетке әзір болу, өмірге құштарлық, өзін- өзі құтқару негіздерін білу, тіршілік дағдылары, авариялық құралдар мен кешендердің болуы, дене шынықтыру, өзін- өзі құтқаруды дұрыс ұйымдастыру.

  • Обсервация - инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оқшауландыру – шектеу, емдеу –сақтандыру және арнайы – эпидемияға қарсы шаралардың жүйесі.

  • Пандемия - жұқпалы аурулардың тұтас елдердің (құрлықтардың) үлкен аумағына жаппай таралуы.

  • Ядролық қару - жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қару.

  • Салауатты өмір салты - әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдасының жеке жүйесі.

  • Эпидемия - адамдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.

  • Эпизоотия - малдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.

  • Эпифитотия - өсімдіктердің жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.

  • Антисептика - жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою.

  • Асептика - жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі.

  • Дезинфекция - адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиыны.

  • Дезинсекция - жұқпалы ауруларды таратуға қатысатын, азық-түлікті бүлдіретін жәндіктерді жою.

  • Дератизация - аса қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын кеміргіштермен күрес шаралары.

  • Карантин - жұқпалы ауруларды ескертуге және зақымдану ошағын жоюға бағытталған режимдік, әкімшілік және санитарлық шаралар кешені.

  • Дезактивация - зақымдалған обектіден радиактивті заттарды жою.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет