Глоссарий Тобы: фи-23-1к1 Орындаған: Әбдіпатта Қ. Қабылдаған



бет2/3
Дата01.05.2024
өлшемі37.74 Kb.
#500275
1   2   3
Глоссарий тарих

*Капитализм[1] – жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. Капитализм бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-экон. құрылым ретінде қалыптасты.
*Феодалдар өз иеліктеріндегі шаруашылықты басқаратын ұйымдастырушылар болды. Жекелеген аймақтардың, елдердің қуаттылығы шаруалардың күнделікті тіршілігін басқаратын феодалдардың іскерліктеріне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне байланысты еді.
*Әскери шен — Қарулы Күштер қатарында қызмет етушілерге әскери мамандығына, қызмет бабына, сіңірген еңбегіне, әскери және арнайы дайындығына, әскери қызмет түрлеріне қарай арнайы берілетін шен. 
*Бекінісқорғанқамал — тұрақты әскері, қару-жарағы бар, қажетті азық-түлік, т.б. нәрселермен қамтамасыз етілген, әскери-стратегиялық тұрғыдан маңызды, жау қоршауында қалған жағдайда ұзақ уақыт қарсыласуға мүмкіндігі мол әскери тұрақ.
*Старшина — армия мен әскеритеңіз флотындағы кіші командирлер құрамындағы жоғары атақ иесі.
*Пристав - орыс кінәздіктері мен Патшалық Ресейдегі жазаның орындалуын қадағалайтын полицейлік іздеу, тергеу органы. Көне орыс жазба дерегі «Русская правдада», 16 ғасырда жазылған Приставтық сот грамотасында кінәздің қызметшілері әскери приставтар жұмысын атқарғаны туралы жазылады. 
*Губерния - Ресейде болған әкімшілік - аумақтық бөліктің ең жоғарғы түрі. 18 ғасырда І Петр тұсында қалыптасты. 1708 жылы Ресей 8 губернияға бөлінді.
*Экспансия (лат. expansіo – таралу, тарату) – монополистік бірлестіктердің, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың экономикалық әдістермен де, басқа әдістермен де (аумақтарды қарулы күшпен басып алу, дипломатиялық қысым жасау, т.б.) ықпал ету аясын кеңейтуі.
*Кеңес үкіметі, немесе Кеңестер билігі - бұрынғы Ресей империясында уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет