73
соған әкеліп тастау деген заңдылық сияқты. Ұялмайды, балалар сол жерде
ойнап жүреді, олар ауру табуы мүмкін.
Жоқ. Санаға тәрбие болу керек. Азан шақырғандай радиодан,
теледидардан, көліктің радиосынан қайта-қайта айта беру керек.
Көшеге
арақтың жарнамасын іле бергенше, ар-намыстың жарнамасын ілу керек.
Аялдамаларға да екі тілде: «Жерге түкіргенің – Жер ананың бетіне
түкіргенің. Анаңның бетіне біреулер түкірсе, қалай болар еді? Бізге өмір
сыйлаған, асырап-баққан Жер ананың қарғысына қалмайық,
таза ұстап,
алғысын алайық» т.б деген сияқты сөздерді жазып, көп жерге іліп тастау
керек. Қоқыс тастап жатқандарды камераға түсіріп, теледидардан қайта-
қайта көрсету қажет. Ұялсын, өзгелерге сабақ болсын. Енді әрекетсіз отыруға
болмайды.
Кемал Ататүрік: «Әлем бізді құрметтесін десек,
өз ұлтымызды және
ұлттық бейнемізді алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл-ойымызбен,
бүкіл қимыл-әрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба
алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын білгеніміз дұрыс» деген
екен. Ұлт дейтін де, ұлтым дейтіндер де өз туған жерін, тұрған жерін, суы
мен нанын қадірлей алатындардан ғана шығады. Кемал Аттүріктің
айтқан
қимыл-әрекеттің бірі – Жер ананы ластамау, қоқыс сарайына айналдырмау.
Осындай кішкентай нәрседен бастап көрейікші, содан үлкенге жету оңай
болар.
Әке, менің радиодан сөйлеген сөздерімді тыңдап, теледидардан
сөйлегенімді, Елбасымен кездесіп сөйлегенімді де көрдің ғой. Жан әкем-ау,
дұрыс деп алып: «Рас қой, қызым сен дұрыс айттың. Көшеге қоқыс лақтырып
жатқандарды көрсем,
ұстап алып, ұялтамын. «Сен үйіңде осыны жасайсың
ба? Мынау – Жер, адамдардың ортақ үйі. Біз бәріміз оны таза ұстауымыз
керек» деп айтамын.
Достарыңызбен бөлісу: