65
Қыз дегенге қимаған қайран елім, қадіріңе жетем бе, енді сенің?..
Шежіреге «Сайыннан Гүлтас»
деп жазыпты, жандарым-ау,
жарықтарым-ау, арыстай әкемді жал-құйрықсыз етпейік дедіңдер-ау,
Гүлтасы тұрғанда ұлы жоқ деп қалай айтамыз дедіңдер-ау... Әйтеуір дедіңдер
ғой... Көзімде жас, көңілімде мұң. Бұл шежіренің күндердің бір күнінде
шығатынын жүрегім сезетін, сонда әкем қайтер екен, әттең-ай, дер ме екен,
ешкімге көз жасын көрсетпей жылар ма екен, төрт қызымның біреуін ұл ғып
неге бермедің деп Аллаға арызын айтар ма екен? Бауырына салып төрт
қызынан артық көрмесе, кем көрмеген Сәлігім де шежіреде шын әкесін
тауып
кетті-ау дер ме екен деп, ешкімге көз жасымды көрсетпей оңашада
жылап алушы едім. Алтын әкетайым шежірені көрді, оқыды, «Сайыннан
Гүлтас» дегенді оқыды. Қандай сезімде, ойда болды оны білмедім. Өзімде
қуаныштан өкініш басым болды. «Әттеген-ай...» дедім. Дедім де, тағы да
жылап алдым. Жылағаннан не пайда?
Ертеңіне бір тіл туралы
дөңгелек столға шақырған, соған қатыстым да,
одан шыққаннан соң аулымды, Күреңбелімді «қыз» дегенге қимаған
жақындарымды есіме алып, Алматының көшесін жаяу кезіп, жүріп алдым.
Басыма не келіп не кетпеді? Өмірден озғандарды,
артта қалғандарды,
болашақта аулым қалай болады, Батырбек бабамның да басына Күлтегін
бабаның басына қойылған ескерткіш тас сияқты белгі қойсақ-ау. Айналайын,
ағайындарым-ау, шежіреге қараңдаршы, бөлінетін жайымыз жоқ қой. Сонда
ауылға, көшеге Батырбектей датқаның атын беруге неге іштарлық
білдіресіңдер? Қайран бауырларым-ай, біз деген Қараша бидің
қарлығаштары емеспіз бе? Бәйдідібектің тараған бұтақтары емеспіз бе?
Тегімізге тартсақ, тектілік ғана бізге жараспай ма? Қалың ойды арқалап,
сүлдерімді сүйретіп үйге келдім. Келсем, әкем үйде екен. Екеуміз шай іштік.
Әкеме қарындасы сияқты сөйлеймін ғой, апамның қызы болғаннан соң.
–
Сәке,–дедім.
–
Иә,–деді әкем.
–
Сен өміріңде екі рет өте қатты қылмыс жасадың.
Әкем қылмысы несі деп шошып, қарап қалды.
–
Енді қылмыс деп асырып айтып жатқаным ғой, екі қателігің болды.
Бірінші –
сен оқуға алғыр бола тұрып, жетінші класты жақсы бітіріп, ары
қарай оқымағаның. Егер сен оқып, жоғары білім алсаң, бәрі басқаша болар
еді. Біздің тағдырымыз да басқаша болар ма еді?
–
Енді жағдай солай болды ғой, әкеден ерте айырылдық. Ағай соғыстан
жаралы болып, жалғыз аяқпен оралды, оның үстіне жеңгесі, біздің шешемізге
үйленді. Содан арба айдадым. Мамам да: «Енді қайтесің, Сайынтай, біреуің
колхоздың жұмысын жасаңдар, Сайып оқысын» деді. Әрі балалық болды.
Екінші қылмысым не?
-–
Екінші қылмысың өте үлкен. Саған шешеміз екінші әйел алуға рұқсат
берді. «Егер ол әйел ұл тауып берсе, басыма көтеремін» деді. Сен соны
жасамадың. Сен бізге бауыр керек екенін ойламадың. Әкем ойланып, үнсіз
қалды. Мен де үндемедім. Біраз үнсіздіктен соң: Әкем:
66
–
Өкінетін ешнәрсе жоқ, бұған да тәубә, сендерді бергеніне рақмет. Енді
менде бір ғана арман бар. Сырымтайым жазылып кетсе, басқа арманым жоқ.
Кейде Аллаға: «Алла, маған өмір бердің, жаман өмір сүрген жоқпын, балалы-
шағалы болдым, немере, шөбере сүйдім, енді алсаң да разымын, Алла менің
жанымды алып,
Сырымтайыма денсаулық берші, ол да балалы-шағалы
болсын, қызымды қуандыршы» деп тілеймін деді. Мен шыдап бақтым,
жыламауға тырыстым, менің көзімнен жас шықса, әкем екеуміз мұңлық,
зарлықтай еңірейік деп отырмыз. Тағы да біраз үнсіздік болды.
Туған жерім, тамырым, тіршілігім, мен саған разымын. Сен менің әкемді
осындай нар тұлғалы етіп,
өмірге беріпсің, қасиетіңнен айналайын, туған
жерім-ау, сен мені де өзгешелеу етіп жаратыпсың. Сол үшін де саған рақмет.
Бауырларым-ау, туыстарым-ау, сағынғаным-ай... Сендер барда, сендердің
ұрпақтарың бар да, аруақтарымен желеп-жебеп жүрген бабаларымның рухы
бар да, менің әкем Сайын жал-құйрықсыз емес.
«Сиқым Борасұлы Есбосын» шежіресін жинақтап жазған Мамыр
ағатайым, мен сізді өмірімде көрген емеспін, танымаймын. Сізге көп рақмет.
Кітапты көргенде жүрегім лүпілдеп, қуанғанымды
жолдасымнан да жасыра
алмай, кітапты бабамдай, бауырымдай құшақтадым, бауырыма бастым.
Сағыныш шері қозғалды, жыладым, бірақ бұл қуаныштың, тәубәлықтың көз
жасы еді. Шежіре жазу өте қиын, «инемен құдық қазған» деген теңеу
шежіренің жұмысына дәл келеді. Мамыр аға, Алла ғұмыр берсін,
бабалар
рухы қолдасын, осы игі істі тастамаңыз. Толықтырып, схема түрінде де
берсеңіз де жақсы болар еді. Елдегі Сиқым атаның балалары, бауырларым,
Мамыр ағаға көмектесіңдер, іштарлық жасамаңдар. Кейбір қателіктер кетсе,
түсінушілікпен қараңыздар. Шежіре жазу өте қиын. Мамыр аға, бабаларымыз
туралы материалдарды тапсақ, сізге жіберейік. Алла сізге денсаулық, ұзақ
ғұмыр берсін! Кітап шығару өте қиын да қымбат екенін білеміз, ағайын-туыс
бауырлар материалдық жағынан да шамамыз келгенше көмектесеміз.
Қуанышымыз ұзағынан болсын, бауырларым. (2007 жыл)
Достарыңызбен бөлісу: