«гнпф» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі



бет2/6
Дата24.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#17625
1   2   3   4   5   6

1. Бизнесті ұйымдастыру
а) Негізгі қызмет, жалғасы
2006 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Тәсімде 3,321,828 жеке зейнетақы шоты бар, оның 691,784 шоты тіркелген жеке әлеуметтік кодтары жоқ салымшыларға тиесілі. 2006 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша тиісінше көрсеткіштер 3,242,865 және 699,067 шотты құрайды. Қате шоттарда шоғырланған жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы 2006 жылғы 31 желтоқсанға жобамен 3,7 миллиард теңгені құрайды. Қате шоттардың басым бөлігі зейнетақы реформасының бастапқы кезеңінде 1998 жылы ашылған. Зейнетақы заңнамасына сәйкес барлық салымшылар әлеуметтік жеке код алулары және таңдап алынған жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы келісім-шартын жасасуы тиіс. Даму кезеңіндегі зейнетақы жүйесіне тән жетімсіздіктер салдарынан әлеуметтік жеке код тағайындалмаған салымшылардың зейнетақы жарналары «жанама» түрде Тәсімге аударылып отырды.
б) Тәсім өзінің қызметін жүзеге асырған экономикалық орта
Қазақстанның экономикалық ахуалы 2005 және 2006 жылдары халықаралық рейтинг агенттіктерімен бағаланған болатын. 2006 жылы «Standard & Poor’s» ұзақ мерізмді валютті рейтингті «ВВВ» дейін және ұлттық валютада қарызға алу ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ+» ретінде, ұлттық валютада қарызға алу қысқа мерзімді рейтінгін А-2 деңгейінде бағалады және шетелдік валютадағы қысқа мерзімді рейтинг «А-3» (2005: тиісінше «ВВВ-», «ВВВ», «А-3» және «А-3») деңгейінде белгіленді. Сонымен қатар 2006 жылы «Moody’s Investors Service» шетелдік валютадағы борыштық міндеттемелер бойынша рейтингіні «Ваа2» ретінде (2005: «Ваа3») және ұлттық валютадағы борыштық міндеттемелер бойынша рейтингіні «Ваа1» ретінде (2005: «Ва1») бағалады. «Fitch» 2005 жылы шетелдік валютада ұзақ мерзімді қарызға алу рейтингісін «ВВВ» дейін (2005: «ВВВ-»), ал ұлттық валютада – «ВВВ+» дейін (2005: «ВВВ+») көтерді.

Тәсімнің қызметі Қазақстанда бизнес жүргізуге тән экономикалық, саяси және әлеуметтік тәуекелдіктерге ұрымтал. Аталған тәуекелдіктерге үкімет саясатының, экономикалық шарттардың, салық және құқық салаларындағы өзгерістердің, валюта бағамдарының ауытқуының және контрактілік құқықтардың іске асырылуының салдары кіреді.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының экономикалық ахуалының ілгерілеуі байқалатындығына қарамастан, оның экономикасы нарықтық экономика қалыптасу кезеңіндегі елдерге тән сипаттамалық ерекшеліктерге орын беріп келеді. Өзгелерімен қатар мұндай сипаттамалық ерекшеліктерге елден тыс жерде еркін айырбасталатын ұлттық болмауы және биржа нарығындағы қағаздардың өтімділігінің төменгі деңгейі жатады.
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ

Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі

2006 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе

1. Бизнесті ұйымдастыру, жалғасы
б) Тәсім өзінің қызметін жүзеге асырған экономикалық орта

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру секторы саяси, заң шығарушы, қаржылық және реттеуші өзгерістерге ұрымтал. Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығының болашағы басым деңгейінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдайтын экономикалық шаралардың тиімділігіне тәуелді. Тәсімнің қызметіне теріс әсер ететін қаржылық эәне экономикалық саладағы болжап болмайтын өзгерістердің орын алу мүмкіндігі бар. Басшылық экономикалық қиыншылықтардың не деңгейін, не олардың орын алу уақытын мөлшерін болжай алмайды, тиісінше бірге тіркеліп отырған қаржылық есептілікте орын алған дүдәмал жағдайлардың анықталуы нәтижесінде қажет болуы мүмкін түзетулер жоқ. Ондай түзетулер қажет болған жағдайда, олар анықталған кезеңдегі Тәсімнің қаржылық есептілігінде мазмұндалып, бағаланатын болады.

Экономикалық шарттар қаржы нарығындағы қызметтің көлемін шектеуді жалғастырады. Нарықтық бағалама мүдделі сатушылар мен мүдделі сатып алушылардан тұратын тиімді әрекет ететін нарықта анықталуы мүмкін қаржы құралдарының құнын бейнелемеуі мүмкін. Сөйтіп, бұл қажет деп табылған жағдайда, басшылық әділ құнның ең жоғарғы бағасын бейнелеу мақсатында қолда бар ақпараттың ең жақсысын пайдаланады.
2. Есептілікті құрастырудың негіздері
а) Бухгалтерлік есеп қағидаттарына сәйкес келу

Бірге тіркеліп отырған қаржылық есептілік қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді.

Тәсімнің қаржылық есептілігі Тәсімнің пайдаланушылардан тәуелсіз дербес субъект ретіндегі жиынтық қаржылық ережелерін ұсынады. Бұл қаржылық есептілік зейнетақы төлемдері үшін қолда бар Тәсімнің таза активтерін және жыл ішіндегі таза активтердегі өзгерістерді ұсынады.
б) Негізгі ұсыныс

Бұл қаржылық есептілік нарықтық бағамдарға сүйеніп әділ құны бойынша бейнеленген, сатуға арналған, қолда бар инвестициялық бағалы қағаздарды қоспағанда, бастапқы құны бойынша есепке алу қағидаттарына сәйкес дайындалған.



«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ

Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі

2006 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе

2. Есептілікті құрастырудың негіздері, жалғасы
в) Бернелік валюта және есептілік беру валютасы

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы болып қазақстан теңгесі (бұдан әрі – «теңге») табылады. қордың басшылығы теңгені бернелік валюта ретінде анықтады, өйткені теңге Қордың экономикалық оқиғалары мен операцияларының мәнін бейнелейді. Теңге сонымен қатар осы қаржылық есептілікті ұсыну мақсаты үшін пайдаланылатын есептілік валютасы боып табылады.

Теңгеде ұсынылған барлық қаржылық ақпарат жақын мыңдыққа дөңгелектелген.
г) Бағамдарды пайдалану

Осы қаржылық есептілікті дайындау үшін Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес басшылық активтер мен міндеттемелердің есептілігін белгілеуде, сондай-ақ есептілікте шартты активтер мен міндеттемелерді ашуға қатысты бірқатар бағамдар мен болжамдар жасады. Нақты алынған нәтижелер болашақта бұл бағамдар өзгеше болуы мүмкін.


3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары

Осы қаржылық есептілікті дайындау кезінде есеп саясатының төмендегідей негізгі қағидаттары қолданылды. Есеп саясатының аталған қағидаттары жүйелілікпен қолданылды.


а) Шетелдік валютадағы операциялар

Шетелдік валютадағы операциялар операция жасалған күні қолданыста айырбас бағамы бойынша бейнеленеді. Шетелдік валютадағы ақша активтері мен міндеттемелері операция күні қолданыста болған ресми айырбас бағамы бойынша теңгеге аударылады. Тарихы құны бойынша шетелдік валютадағы ақшалай емес активтер мен міндеттемелер операция күні қолданыста болған ресми айырбас бағамы бойынша теңгемен аударылады. Активтер мен міндеттемелерді аудару кезіндегі бағам айырмашылығының нәтижесінде болған кірістер мен шығыстар таза активтердегі өзгерістер туралы есепте бейнеледі.

2006 жылғы 31 желтоқсанда Тәсімнің шетелдік валютадағы қалдықты аудару үшін пайдаланған айырбас бағамы төмендегідей болды:


Валюта

2006

2005

1 АҚШ доллары

127.00

133.77

1 еуро

167.12

158.54



б) Ақша

Ақша банк шоттарындағы ақшадан тұрады.



«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ

Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі

2006 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе

3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы

в) Қаржы құралдары
і) Сыныптама

Кірістер мен шығыстар туралы есеп арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері мен міндеттемелері болып саудаға арналған бастапқы тану кезінде әділ құны бойынша бағаланған қаржы құралдары және туынды қаржы активтері мен міндеттемелері.

Қаржы құралдары негізінен жақын арада сату мақсатында сатып алынған болса, саудаға арналған болып сыныпталады немесе қаржы құралдарымен жақын арада болған мәмілелер қысқа мерзімді негізде нақты кіріс алу туралы куәландыратын қаржы құралдары қоржынының бөлігі немесе туынды құралдар болып табылады.

Тәсім:


  • активтер немес міндеттемелер әділ құны бойынша есепке алынатын және бағаланатын болса;

  • мұндай бағам кері жағдайда туындайтын бухгалтерлік сәйкессіздіктерді болдырмайтын немесе барынша кемітетін болса;

  • активтер немесе міндеттемелер келісім-шартта бастапқыда көрсетілген ақша қаражаты ағынын айрықша өзгертетін бірге құрылған туынды құралдан тұратын болса, кірістер мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша қаржы активтері мен міндеттемелерін анықтайды.

Кірістер мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтері мен міндеттемелер кейінгі мойындау кезінде қайта сыныпталмайды. Кірістер мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтері мен міндеттемелер сауда бағалы қағаздарынан, кірістер мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша бағаланған басқа қаржы құралдары мен міндеттемелерден, сондай-ақ деривативтерден тұрады.

Берілген кредиттер мен дебиторлық берешек Тәсім дереу немесе жақын арада сатуға ниеттілерінен, және Тәсім бастапқы мойындаудан кейін таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есеп арқылы әділ құны бойынша бейнелейтіндерден немесе кредиттік қабілетінің төмендеуі салдарынан басым бөлігін иегері өтей алмайтындардан басқаларынан белсенді рынокта бағаланбайтын беркітілген немесе анықталған төлемдері бар туынды емес қаржы активтерінен тұрады.

Өтегенге дейін ұсталатын активтер – беркітілген немесе анықталған төлемдері және беркітілген өтеу мерзімі бар туынды емес қаржы активтері, оларға Тәсім берік ниетті және төмендегі активтерден басқаларын өтеу мерзімі жеткенге дейін иелене алады:

  • Тәсім бастапқы мойындаудан кейін таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есеп арқылы әділ құны бойынша бейнелейді;

  • Тәсім сатуға арналған ретінде сыныптады; немесе

  • Қарыздар мен дебиторлық берешек анықтамасына енгізілген.

ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ

Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі

2006 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе

3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы

в) Қаржы құралдары, жалғасы
і) Сыныптама, жалғасы

Саудаға аранлған қолда бар активтер саудаға арналған қолда бар деп анықталған немесе қарыз немесе кредиторлық берешек ретінде сыныпталмаған туынды емес қаржы құралдары, өтелгенге дейін ұсталып қалатын инвестициялар немесе таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есеп арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтері.
іі) Мойындау

Қаржы активтері және міндеттемелер Тәсім сол қаржы құралы туралы келісім-шарт бойынша Тараптың бірі болып саналған сәттегі таза зейнетақы активтері туралы есепте мойындалады. Негізгі қызмет барысындаға барлық қаржы активтерінің сатып алынымы төлем күніне мойындалады.


ііі) Бағам

Бастапқы мойындау кезінде қаржы активі немесе қаржылық міндеттемелер әділ құны бойынша бағаланады, қосымша, таза активтердегі өзгерістер туралы есеп арқылы әділ құн бойынша бағаланбайтын қаржылық активі немесе қаржылық міндеттеме жағдайында, қаржы активтін немесе қаржылық міндеттемелерді сатып алумен немесе шығарумен тікелей байланысты мәміле бойынша залалдар.

Бастапқы мойындаудан кейін қаржы активтері, оның ішінде активтер болып табылатын туынды құралдар олардың әділ құны бойынша Тәсім сату кезінде мәмілеге кеткен шығыстарды және басқалай залалдарды есептен шығарып бейнелейді. Төмендегі қаржы активтері есепке кірмейді:


  • сыйақының тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдаланып, амортизациялық құны бойынша бағаланатын қарыздар мен дебиторлық берешектер;

  • кірістіліктің тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдаланып, амортизациялық құны бойынша бағаланатын, өтелгенге дейін ұсталынып қалатын активтер;

  • белсенді рынокта бағаланатын рыноктық бағасы жоқ және құны сенімді бағаланбайтын, өзіндік құны бойынша бағаланатын үлестік құралдарға инвестициялар.

Кіріс пен залал арқылы әділ құны бойынша есептелетіндерден және қаржы активтерін әділ құны бойынша аудару мойындауды кері қайтаруға келмейтін кезде туындайтындардан басқа барлық қаржылық міндеттемелер амортизациялық құны бойынша бағаланады. Сыйлықақылар мен дисконттар мәміле бойынша бастапқы залалдармен бірге тиісті құралдың баланстық құнына енгізіледі және аталған құралға тиесілі сыйақының тиімді мөлшерлемесі негізінде амортизацияланады.

ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ

Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі

2006 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе

3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы

в) Қаржы құралдары, жалғасы
іv) Әділ құн бойынша бағалау қағидаттары

Қаржылық құралдардың әділ құны мәмілелер бойынша қандай-да залалдарды шегерместен, есеп беретін күнгі жай-күй бойынша олардың бағаланатын рыноктық бағалары негізінде анықталады. Қаржы құралдарының бағаланатын рыноктық бағалары болмаған жағдайда, әділ құн бағамдық үлгілерді немесе ақша ағынын дисконттау әдістерін пайдаланып, анықталады.

Ақша ағынын дисконттау тәсілін пайдаланған кезде болжалды ақша ағындары Тәсім басшылығының барынша мүмкін болжамы негізінде анықталады, ал дисконттау мөлшерлемесінің сапасында ұқсас шарттары бары қаржы құралдары бойынша есеп беретін күнгі жай-күй бойынша рыноктық мөлшерлеме қолданылады. Бағамдық үлгілер пайдаланылған кезде шығыс деректері есеп беретін күнгі жай-күй бойынша рыноктық көрсеткіштер негізінде анықталады.

Биржада бағаланбайтын туынды қаржы құралдарының әділ құны Тәсім ағымдағы нарықтық шарттарды және мәміле бойынша контрагенттердің кредиттік мүмкіншілігін есепке алып, есеп беретін күнгі жай-күй бойынша келісім-шартты бұзу кезінде алуы немесе төлеуі мүмкін сома ретінде анықталады.


v) Кейінгі мойындау кезінде туындайтын кірістер мен шығыстар

Қаржы активтінің немесе міндеттемелерінің әділ құнын өзгерту кезінде туындайтын кірістер мен залалдар төмендегідей сипатта танылады:



  • кірістер мен шығыстар туралы есеп арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активі ретінде сыныпталатын қаржы құралы бойынша кірістер немесе шыңыстар таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есепте танылады;

  • сатылуға арналған қолда бар қаржы активтерінен кірістер мен шығыстар таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есепте танылады.

Амортизациялық құны бойынша есептелінетін қаржы активтері мен міндеттемелер бойынша кірістер мен шығыстар таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есепте қаржы активін немесе міндеттемесін тануды немесе құнсыздандыруды тоқтату сәтіне, сондай-ақ амортизация рәсімі арқылы танылады.
vi) Танылудың тоқтатылуы

Қаржы активтерін тану қаржы активтерін пайдалану ақша ағындарын алуға келісім-шарт құқықтарының іс-әрекет ету мерзімі өткен соң немесе Тәсім қаржы активтерін иелену өұқығынан шығатын барлық айрықша тәуекелдіктер мен пайданы тапсыру кезінде тоқтатылады. Осындай табыстау кезінде туындайтын немесе сақталатын құқықтар мен міндеттемелер бөлек актив немесе міндеттеме ретінде танылады. Қаржы міндеттемелерін тану олар өтелген кезде тоқтатылады.




ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ

Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі

2006 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе

3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы

в) Қаржы құралдары, жалғасы
vii) РЕПО және кері РЕПО келісімі

Сату және кері сатып алу («РЕПО») жөніндегі мәлілелер бойынша сатылған сатылған бағалы қағаздар қамтамасыз етілген қаржы операциялары ретінде есепке алынады және таза зейнетақы активтері туралы есепте РЕПО келісімі бойынша қамтамасыз етумен бой көтеретін бағалы қағаздар ретінде сыныпталады және әділ құны бойынша есепке алынады; келісім-шарт бойынша контрагенттің міндеттемелері тиісінше сипатта банктердің немесе өнім берушілердің кредиторлық берешегінің сомасына енгізілген. Сату бағасы мен кері сатып алу бағасының арасындағы айырмашылық сыйақы түріндегі шығынды білдіреді және осындай келісімдер іс-әрекет ететін мерзім ішіндегі кірістер мен шығыстар туралы есепте танылады.

«Кері РЕПО» келісімі бойынша алынған бағалы қағаздар тиісінше сипатта банктердің немесе өнім берушілердің дебиторлық берешегінде мазмұндалады. Сату алу бағасы мен кері сатып алу бағасының арасындағы айырмашылық сыйақы түріндегі кірісті білдіреді және сыйақының тиімді мөлшерлемесі әдісінің негізінде осындай келісімдер іс-әрекет ететін кезең ішінде есептеледі.
г) Активтерді және міндеттемелерді өзара есепке алу

і) Амортизациялық құны бойынша есептелетін қаржы активтері

Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын қаржы активтері негізінен сатуға арналған қолда бар қарыз, басқалай дебиторлық берешек немесе бағаланбайтын қарыз қағаздарынан («қарыз және дебиторлық берешек») тұрады. Тәсім өзінің кредиттік қоржынын оның құнсыздану мәніе тұрақты негізде талдап отырады. Қарыздар мен дебиторлық берешек құнсызданып отырады, және Тәсім, қарызды және дебиторлық берешекті бастапқы тану күнінен кейін болған бір немесе бірнеше жағдайлардың негізінде, тек құнсызданудың объективті себептері болған жағдайда ғана және мұндай жағдай (немесе жағдайлар) сенімді бағалануы мүмкін қарыздар бойынша болашақ ақша ағындарына әсер еткен кезде, құнсыздану салдарынан шығын тартады.



ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ

Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі

2006 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе

3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы

д) Құнсыздану, жалғасы

і) Амортизациялық құны бойынша есептелетін қаржы активтері, жалғасы

Сатуға арналған қолда бар, әрқайсысы айрықша болып табылатын бағалы қағаздар үшін және сатуға арналған қолда бар әрқайсысы айрықша болып табылмайтын бағалы қағаздар үшін жиынтығында құнсызданудың объективті себептерінің бар екендігін бағалайды. Егер тексеру нәтижесінде Тәсім оның айрықша немесе айрықша емес екендігіне қарамастан бөлек бағаланатын бағалық қағаздың құнсыздануының объективті себептерінің жоқ екендігін анықтаса, мұндай бағалы қағаздар сатуға арналған қолда бар кредиттік тәуекелдігі ұқсас бағалы қағаздар тобына қосылады, және Тәсім сатуға арналған қолда бар мұндай бағалы қағаздар тобын олардың жиынтығында құнсыздану мәніне тексереді. Сатуға арналған қолда бар, құнсыздануына бөлек-бөлек сынақтан өткізілген, құнсызданудан келетін шығыны танылған немесе танылып жатқан бағалы қағаздар жинытығында құнсыздану мәніне тексерілетіндер қатарына енбейді.

Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнсыздануының объективті себептері болған кезде, құнсызданудан болған залалдың сомасы сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздың баланстық құны мен қарыз кепілдері және бағалы қағаздардың сыйақысының бастапқы тиімді мөлшерлемесі бойынша дисконтталған қамтамасыз ету бойынша дебиторлық берешекті есепке алғанда болжалды болашақ ақша ағындарының ағымдағы құны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Ағымдағы экономикалық шарттарды мазмұндайтын тиісті шолу деректері негізінже түзелтілген контракт бойынша ақша ағындары және тарихи залалдар болжалды ақша ағындарын бағалау үшін негіздеме болады.

Кейбір жағдайларда бағалы қағаздың құнсыздануынан болған залал сомасын есептеу үшін қажетті мұндай шолу деректері шектеулі немесе ағымдағы экономикалық шарттарға толық көлемінде сәйкес келмейтіндей болуы мүмкін. Мұндай ахуал егер қарызгер қаржылық қиыгшылықтарға ұшыраған болса және ұқсас қарызгерлер бойынша жеткілікті деңгейдегі тарихи деректер болмаса, туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда залал сомасын құнсызданудан анықтау мақсатында Тәсім басшылығы өзінің тәжірибесі мен пікіріне сүйенеді.

Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнсыздануынан болған барлық залал таза зейнетақы активтері туралы есепте танылады және егер өтелетін құнның кейінгі өсімі құнсызданудан болған залал танылғаннан кейін орын алған жағғдайға объективті жатқызылуы мүмкін жғдайда ғана түзетіледі.

ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ

Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі

2006 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе

3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы

д) Құнсыздану, жалғасы

(іі) Өзіндік құны бойынша есептелетін қаржы активтері

Өзіндік құны бойынша есептелетін қаржы активтері сатуға арналған қолда бар және әділ құны бойынша есептелмейтін, өйткені ол сенімді анықталуы мүмкін емес активтерге енгізілген нарқы белгіленбеген үлес құралдарынан тұрады. Егер инвестициялардың құнсызданатындығы жөнінде объектиівті себептер болатын болса, құнсызданудан болған залал инвестициялардың баланстық құны мен аталған актив бойынша кірістіліктің ағымдағы нарықтық мөлшерлемесі бойынша дисконтталатын болашақ болжалды ақша ағынының ағымдағы құны арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

Аталған бағалы қағаздардың құнсыздануынан болған барлық залалдар таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есепте танылады және түзетілмейді.
ііі) Қаржылық емес активтер

Мерзімі ұзартылған салықтардан басқа қаржылық емес активтер әрбір есепті датаға құнсыздану себептерінің болу мәніне бағаланады. Қаржылық емес активтердің өтелетін құны сату шығындары мен пайдалану құнының шығынын шегергендегі әділ құнының ең жоғарғысы ретінде анықталады. Пайдалану құнын бағалау кезінде болашақ ақша ағындарыағымдағы құнға дейін активке тән ақшаның уақытша құны мен тәуекелдіктің ағымдағы нарықтық бағамын мазмұндайтын есептелген (салық төлегенге дейінгі) дисконттық мөлшерлемені пайдалану жолымен дисконтталады. Ақша ағыны басым болмайтын актив (басқа активтерден ерекше деңгейде тәуелсіз басым болатын) үшін өтелетін құн актив тиесілі басым ақша ағынының бірлігімен анықталады.

Басқа активтерге қатысты құнсызданудан болған барлық залалдар таза зейнетақы активтеріндегі есепте танылады және бағамдардағы өзгерістер өтелетін құнды анықтау үшін пайдаланылған болса ғана өзгертіледі. Құнсызданудан болған әрбір залал амортизацияны шегеріп анықталған құннан аспайтын активтік баланстық құннан аспайтын мөлшерде, егер құнсыздану залалы танылмаған болса, өзгертіледі.
е) Салық салу

Тәсімге кіріс салықтары салынбайды.


ж) Сыйақы түріндегі кірістер

Сыйақы түріндегі кірістер таза активтердегі өзгерістер туралы есепте олардың есепке алыну шамасына қарай, активтің немесе міндеттеменің тиімді кірістілігін немесе қолданылатын қозғалмалы мөлшерлемені есепке ала отырып, танылады. Сыйақы түріндегі кірістер дисконт немесе сыйлықақыдан, немесе проценттік құралдың бастапқы баланстық құны мен оның өтеу күнгі құны аралығындағы, сыйақының тиімді мөлшерлемесі бойынша есептелген басқа айырмашылықты құрайды.



ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ

Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі

2006 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе

3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет