- Гормондардың инактивациясы көбінесе эффекторлы мүшелерде өтеді – бауырда.
- Гормондардың ағзадағы қызметтері:
- бойдың реттелуі, ұлпалар мен мүшелердің дамуы мен дифференцировкасы, физикалық, жыныстық, ақыл-ойдын дамуы.
- сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделушілік
- гомеостазды қалыпта ұстау
- Гормондар бөлектеніп жалғыз қызмет атқармайды.
Синергизм мен Антагонизм. - Синергизм – екі немесе бірнеше гормондардың бағытталған әсері. Мысалы, адреналин, глюкагон. Олар бауырдағы гликогенді глюкозаға дейін ыдыратып, қанда қанттың дәрежесін жоғарлатады.
- Антагонизм. Инсулин және адреналин қанда глюкозаның мөлшерін қалыптастырады, яғни қарама қарсы әсер, инсулин гипогликемияны тудырады. Биологиялық маңызы – көмірсулық қоректенудің жақсаруын қамтамасыз етеді.
Нейрогуморалды реттеушілік жүйелерге сипаттама. - Қандағы физиологиялық деңгейдегі гормондардың болуын гомеостаздын бірнеше механизмдері қатысады, олар нақты алмасу сигналдарын: гормонды түзуші безбен – нысана-мүше арасында, бұл механизм бір немесе бірнеше эндокриндік бездермен жүзеге асады. Көбінесе кездесетін жүйе: гипоталамус-гипофиз-без-нысана.
- Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары (соматотропин, тиротропин, котикотропин, фоллитропин, лютропин, пролактин) олар пептидті заттардын бақылауында болады. Олар гипоталамуста пайда болады, гипофизде пайда болатын тропты гормондарды күшейтіп тежейді.
- Гипоталамус – гипофизға өтетін ми қабатының ауданы. Гипоталамуста гуморальдік жүйке импульстерінің өтуі жүреді. Қазіргі уақытта гипоталамустан бірнеше рилизинг-гормондар (либериндер) бөлінуде: тиреотропин-рилизинг-гормон (тиролиберин, қысқартқанда ТРГ) гонадотропин-рилизинг-гормон (люлиберин), кортикотроптық гормонды шығаруын реттейтін гормон – кортикотропин-рилизинг-гормон (кортиколиберин), пролактин секрециясын қоздырушы гормон (пролактолиберин), меланоцит гормонды босатушы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |