Гормондардың ерекше белгілері



бет11/24
Дата29.12.2023
өлшемі1.11 Mb.
#488309
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Эндокринология ответы (копия)

Биологиялық мембраналардың молекулалық ұйымдастырылуын түсіндіріңіз және мембраналардың негізгі қызметтерін тұжырымдаңыз. Мембраналық белоктардың маңызын талдап, түсіндіріңіз.

Кез - келген мембрананың негізін екі қабатты липидтер (көптеген жағдайда фосфолипидтер) құрайды. Мембрананы жасаушы липид молекулалары амфипатиялық қосылыстар болып табылады, яғни әртүрлі қызметтегі екі бөліктен тұрады: полярлық, гидрофилді «бастан» және полярлы емес, гидрофобты «құйрықтан» тұрады.
Екі қатпарлы липидтік қабат жеке қабатты екі липидтерден тұрады, екеуінің де «құйрықтары» ішке қарап тұрады. Бұл модель гидрофобтыбөліктің сумен аз жанасуына жағдай жасайды (10.2 сурет).
Алайда мембрана құрылымының мұндай бейнесі мембранада ақуыздар орналасуы туралы сұраққа да, (кейбір мембраналарда  олардың өзі массаның жарты бөлігінен де көп кездеседі), гидрофильді бөлшектер үшін мембраналардың өтімділігі             туралы сұраққа да жауап бере алмады. Осыдан кейін де биологиялық мембраналар туралы көптеген болжамдар айтылды, алайда олардың біреуі де толық мақұлданбады. Қазіргі кезде 1972 жылы ұсынылған Синджер мен Никольсонның сұйықтық – мозаикалық моделі кеңірек тараған. Олардың негізінде де биқабатты липидтік мембрана жатады.
Мембрананың фосфолипидті бұл түрі екі өлшемді еріткіш сияқты, онда белгілі бір мөлшерде ақуыздар болады. Осы ақуыздардың есебінен толықтай немесе жекелей мембрананың мынандай қызметтері жүзеге асады - өтімділігі, мембрана арқылы белсенді өту, электрлік потенциалдың түрленуі және т.б. 

Мембрана қозғалмайтын құрылым емес. Липидтер мен ақуыздар орын алмастырып отырады және олардың мембрана жазықтығының бойымен орын алмастыруын литеральды диффузия, ал көлденең орын ауыстыруын «флип – флоп» деп атайды. Латеральды диффузияға липидтердің жоғарғы бөлігінің қозғалысы, ал «флип-флопқа» төменгі бөлігінің қозғалысы сәйкес келеді, яғни мембрананың екі жағындағы липидтердің орын ауыстыруы сирек үрдіс болып табылады.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет