4. Уақытша әкімшілікке кедергі ету
19. Егер ұйымның басшылары және қызметкерлері немесе олардың тапсыруы бойынша әрекет ететін өзге адамдардың заңсыз әрекет жасауы немесе әрекет етпеуі арқылы уақытша әкімшілік оған жүктелген қызметтерді толық немесе ішінара жүзеге асыра алмайтын жағдайлар жасаса, уақытша әкімшіліктің жұмысты жүзеге асыруына кедергі ету туралы актіні (бұдан әрі – кедергі ету туралы акт) уақытша әкімшілік жасайды.
Кедергі ету туралы акт кедергі ету фактісі анықталған күні жасалады және оған уақытша әкімшіліктің басшысы және мүшелері қол қояды.
20. Уақытша әкімшілік кедергі ету туралы акт жасау күні Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес кедергі ету туралы актіні әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді.
Егер уақытша әкімшіліктің басшысы немесе мүшелері әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасау және қол қою құқығы бар болса, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасағаннан кейін уақытша әкімшілік оны назарда ұстау үшін уәкілетті органға жібереді.
Өңірде уақытша әкімшілік мүшесі жасаған және қол қойған кедергі ету туралы актінің көшірмесі уақытша әкімшіліктің басшысына жіберіледі.
21. Уақытша әкімшіліктің жұмысты жүзеге асыруына кедергі еткен ұйымның қызметкерлері немесе өзге тұлғаларының заңнаманы бұзу фактілерін уақытша әкімшілік анықтаған кезде, уақытша әкімшіліктің басшысы «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңының 25-бабына сәйкес көрсетілген адамдарға заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныcты енгізуді сұраумен прокуратура органдарына өтініш береді. Бұл жағдайда уақытша әкімшілік уәккілетті органды аталған өтініш жөнінде хабардар етеді.
5. Уақытша әкімшіліктің шығыстарын жүзеге асыру,
уәкілетті органға ақпарат ұсыну
22. Лицензиядан айырған және уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап ұйым қаржылық қызметті, оның ішінде:
шығыстар сметасы шеңберінде уақытша әкімшіліктің қызметін қамтамасыз етумен және ұйымға келіп түсетін ақшаны есептеумен байланысты ұйымды күтуге;
банктiң активтерiн және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы мiндеттемелерiн бөлiгiмен не толық көлемде бiр мезгiлде басқа банкке (банктерге) беру бойынша операциялар жүргізуге;
сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруге;
қате төлем құжаттары бойынша келіп түскен ақшаны қайтару бойынша шығыстармен байланысты жағдайларды қоспағанда бар шоттар бойынша барлық операцияларды жүзеге асыруды тоқтатпайды.
23. Уақытша әкімшіліктің басшысы бекіткен шығыстар сметасына сәйкес уақытша әкімшіліктің шығыстары Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Шығыстар сметасы жоспарланатын ай сайынғы шығындарға сүйене отырып жасалады және уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей түсіндірме жазбамен бірге уәкілетті органға ұсынылады.
Бұдан кейін шығыстар сметасы ай сайынғы негізде жоспарланатын кезеңнің алдында айдың жетісі күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынылады.
Филиалдық желісі бар ұйымда уақытша әкімшіліктің басшысы уақытша әкімшілік бөлімшелерінің шығыстар сметасын жасау бойынша қызметін үйлестіреді және шығыстарды уақытша әкімшілік бөлімшелері бойынша бөлігінде шығыстардың шоғырландырылған сметасының жасалуын қамтамасыз етеді.
24. Уақытша әкімшілік, уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын жасау, қарау және бақылау кезінде шығыстардың нақтылығы, негізділігі, мақсатқа сәйкестігі және шынайылығы қағидаттарын басшылыққа алады.
Шығыстардың нақтылығы қағидаты, шығыстар сметасын жасау кезінде ұйымның нақты қаржылық жағдайына, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешек көлеміне сүйену қажеттігін білдіреді.
Шығыстардың негізділігі қағидаты уақытша әкімшіліктің қызметін жүзеге асырудың белгілі бір кезеңіндегі болжанатын шығындардың объективті қажеттілігін ұғыну қажет.
Мақсатқа сәйкестігі қағидаты уақытша әкімшілік жасайтын шығындар алдыға қойған мақсатқа сәйкестігін білдіреді, яғни мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Шығыстардың шынайылығы қағидаты уақытша әкімшіліктің жасалған (жоспарланған) шығындарының құжаттық расталуын білдіреді.
25. Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасымен көзделген ақшаның пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.
Ұйымның нақты қаржылық жағдайын негізге және уақытша әкімшілік орындайтын жұмысты есепке ала отырып бекітілген шығыстар сметасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, олар сондай-ақ сметаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.
Егер уақытша әкімшіліктің басшысы бекіткен шығыстар алдыңғы кезеңде жүзеге асырылмаған болса және оларды жоспарланған кезеңде жүзеге асыру қажеттігі бар болса, көрсетілген шығыстар жоспарланған кезеңдегі тарату шығыстары сметасына енгізілуі тиіс.
26. Шығындар сметасында шығындардың мынадай баптары көзделеді:
1) еңбекке ақы төлеу шығындары;
2) бюджетке аударым жасау;
3) әкімшілік шығындары;
4) тауар-материалдық құндылықтар иелену бойынша шығындар;
5) іссапар шығындары;
6) қате нұсқаулар бойынша келіп түскен ақшаны қайтару бойынша шығындар;
7) банктің активтер және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру бойынша операцияларды жүргізуге шығындар;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін толық көлемде басқа сақтандыру ұйымына беру бойынша шығындары;
9) күтпеген шығындар.
Екінші бап бойынша үнемдеу есебінен шығындардың бір бабы бойынша артық шығындануға рұқсат етілмейді.
27. Еңбекке ақы төлеу шығыстары мына шығындарды көздейді: уақытша әкімшіліктің құрамына қосылған уәкілетті орган қызметкерлерінің, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының еңбегіне ақы төлеуді қоспағанда, уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу, ұйымының бар филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, ұйым қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу.
Еңбекке ақы төлеу бөлігіндегі шығыстардың сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған еңбек шарттарына, ақылы қызмет көрсету шарттарына және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарға негізделеді.
Уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шарттарын өзгертуіне жол беріледі.
28. Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес жасалады.
29. Әкімшілік шығыстар уақытша басқару шығынының негізгі бөлігін білдіреді. Осы шығыстар:
- жасалған шарттардың талаптары (көлікті күзету, мүлікті бағалау және т.б.);
- заңнама талаптары (жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алымдарды төлеу - салық заңнамасына сәйкес);
- құжаттамалық расталған алдыңғы кезеңдегі және айдан айға қайталанып тұратын шығыстар (шот-фактуралар негізіндегі коммуналдық қызметтер) ескеріле отырып, жоспарлануы тиіс.
30. Әкімшілік шығыстар:
1) қызметтік және шаруашылық қажеттіліктер үшін көлік жалдау қызметтері;
2) байланыс қызметтері (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қарааралық және халықаралық сөйлесулер, почта және анықтамалық қызметтер бойынша шығыстар);
3) үйлер мен ғимараттар күзеті және сигнализациясы бойынша қызметтер (меншікті және кепіл мүлкін), құлыптар мен кілттерді жасау;
4) көлікті күзету қызметтері;
5) көлікке арналған тұрақтарды ұсыну қызметтері;
6) көлікті тіркеу қызметтері;
7) көлікті техникалық тексеру бойынша қызметтер;
8) көлікті сақтандыру қызметтері;
9) коммуналдық қызметтер;
10) мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, оларға техникалық, сервистік қызмет көрсету (тексеру) жұмыстары;
11) бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсету;
12) үй-жайды жалдау;
13) тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікке құқықтарды және тиісті құжаттаманы тіркеу қызметтері;
14) мүлікті бағалау қызметтері;
15) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері;
16) сауда-саттықты ұйымдастыру және оны жүргізу бойынша қызметтер;
17) жылу жүйелерін іске қосуға дайындық жасау қызметтері;
18) сантехникалық жұмыстар;
19) мүлікті сақтау қызметтері;
20) нотариатта куәландыру қызметтері;
21) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру бойынша қызметтер;
22) инкассация қызметтері;
23) сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер;
24) құжаттарды аудару бойынша қызметтер;
25) телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе көшіру;
26) бағалы қағаздар ұстаушылары тізілімдерінің жүйесін жүргізу бойынша тіркеушінің қызметтері;
27) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу қызметтері;
28) банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпай жатып жүзеге асырылған ақша аударымдары мен төлемдері жөніндегі қызметтер.
Жұмыстарға және қызмет көрсетулерге ақы төлеу тұрақты және бір жолғы сипатқа ие.
31. Уақытша әкімшілік қаржы ұйымының қаражатын үнемдеу мақсатында:
- жалдау алаңдарын қысқартады;
- телекоммуникациялық және басқа байланыс қызметтерінің (қаржы ұйымының ішкі байланысы) жекелеген түрлерінен бас тартады, телефон орындарын қысқартады, тым арзан модемді байланысқа ауысады, телефон сөйлесулерінің басып шығарылуын және қызметкерлердің штаттық санын талдау нәтижелері бойынша телефон сөйлесулеріне шығыстар лимитін белгілейді, шарттардың талаптарын өзгертеді, жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымы жасаған байланыс қызметін көрсету шарттарының талаптарын өзгертеді;
- күзет орындарының, дабыл сигнализация пультіне тапсырылатын объектілердің санын азайту жолымен қаржы ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты тәуекелдерді азайтуға байланысты үйлер мен ғимараттарды күзету бойынша шығыстарды қысқартады;
- мүмкіндігінше жеке көлігі бар жүргізушілерді жалдайды немесе үнемді автомобильдерді пайдаланады.
32. Ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға және:
1) офистік жабдықтарды жұмыс жағдайында ұстауға;
2) көлік құралдарын ұстауға;
3) үй-жайларды ұстауға;
4) қағаз және бланк өнімдерін сатып алуға;
5) жанар-жағар май материалдарын сатып алуға;
6) кеңсе тауарларын сатып алуға арналған ең аз рұқсат етілетін қорды құруға бағытталған тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған шығыстар.
33. Уақытша әкімшілік сатып алынатын әртүрлі қызметтер мен тауар-материалдық құндылықтарды шығыстар сметасына енгізу кезінде есептерді тиісті өңірде белгіленген тарифтік кестелер мен орта нарықтық бағалар негізінде жүргізеді.
Жанар-жағар май материалдарының мақсатты әрі орынды пайдаланылуына бақылау болмаған кезде уақытша әкімшілік бақылау жүйесін әзірлеуі (жол парақтарын және талондарын жүргізуі) не жанар-жағар май материалдарын тұтыну лимиттерін белгілеуі қажет.
34. Уақытша әкімшілік басшыларының және мүшелерінің, ұйым қызметкерлерінің іссапарларға шығу шығыстары сметада көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Осы шығыстар:
-
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мөлшерде тәуліктік;
-
тұрғын үй-жайларды жалдау бойынша шығындарды;
-
іссапар орнына және одан кері көлік шығыстарын құрайды.
Қызметкерлер өте қажет кезде, мәселені қашықтықтан шешу (байланысты пайдаланумен) немесе адамдарды жергілікті жерлерде тарту мүмкін болмаған жағдайда іссапарға жіберіледі. Әуе көлігімен ұшу өте қажет жағдайда жүргізіледі.
35. Қате көрсетілу бойынша келіп түскен ақшаны қайтару Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
36. Болжанбаған шығыстар уақытша әкімшіліктің кезек күттірмейтін қажеттіліктеріне жұмсалатын, Қағидалардың 26-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделмеген, мөлшері банкке – екі жүз айлық есептік көрсеткіштерден және сақтандыруға (қайта сақтандыруға) жүз айлық есептік көрсеткіштерден аспайтын жоспарланбаған шығындарды құрайды.
37. Уақытша әкімшілік жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды уәкілетті органға шарттарды, шот-фактураларды, чектерді және өзге де растаушы құжаттарды ұсыну арқылы растайды.
38. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша уақытша әкімшілік өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты ұсынады.
6. Ұйымның ақша қаражатын және басқа құндылықтарын тексеру (ревизия), ұйымның мүлкін және құжаттарын түгендеу, қабылдау-өткізу
39. Ревизия банкноталарды, монеталарды, қатаң есептегі бланкілерді, өзге құндылықтарды және құжаттарды сақтау орындарындағы (материалды жауапты тұлғаларда жеке тұрған кассалардағы, банкоматтардағы, қоймалардағы (сейфтердегі және құндылықтарды сақтаудың басқа орындарындағы) барлық банкноталарға, монеталарға, қатаң есептегі бланктерге, өзге құндылықтарға және құжаттарға тексеру жүргізеді. Ревизияның нәтижелері актімен ресімделеді. Ревизия нәтижелері бойынша қолма-қол ақшаның және құндылықтардың жетіспеушілігі белгіленген кезде арыз және осы факті бойынша растайтын құжаттар құқық қорғау органдарына тапсырылады.
40. Ұйымның бас офисінде, филиалдарында және өзге құрылымдық бөлімшелерінде қолма-қол ақшаны және өзге құндылықтарды тапсыруға уәкілетті тұлғалар болмаған кезде және (немесе) оларға кілттер (кіру кодтары) болмағанда уақытша әкімшілік акт жасайды және құндылықтарды сақтаудың көрсетілген орындарын ашу мақсатында ұйымның уақытша әкімшілігінің мүшелерінен, ұйым қызметкерлерінен комиссия құрады.
41. Ұйымның мүлкін және құжаттарын түгендеуді жүргізу үшін түгендеу комиссиясы құрылады, оған уақытша әкімшіліктің мүшелері, басшысы, бас бухгалтер және ұйымның қызметкерлері кіреді. Түгендеу комиссиясының құрамын уақытша әкімшіліктің басшысы бекітеді.
Уақытша әкімшілік түгендеу басталған күннен бастап бір ай бойы түгендеуді жүргізуді. Түгендеуді жүргізу мерзімі жұмыстың сипаты мен көлемі ескеріле отырып, уәкілетті органның келісімімен ұзартылады.
42. Уақытша әкімшілік түгендеуді жүргізу алдында:
1) бөлек кіретін және шығатын есіктері бар қосалқы үй-жайларды, жертөлелерді және мүлікті сақтаудың басқа да орындарын пломбалайды;
2) түгендеу кезінде соңғы кіріс және шығыс құжаттарын немесе түгендеуге жататын мүліктің қозғалысы туралы есептерді алады.
43. Уақытша әкімішілік түгендеуді жүргізу кезінде уақытша әкімшіліктің басшысымен бекітілген түгендеу тізімдемелерінің нысандарын басшылыққа алады. Түгендеу нәтижелері түгендеу тізімдемелерімен ресімделеді, олар екі данада жасалады және оған түгендеу комиссиясының мүшелері мен материалды жауапты тұлғалар қол қояды.
44. Түгендеу нәтижелері бойынша уақытша әкімшілік ұйымның мүлкі мен құжаттарын түгендеу (салыстырып тексеру) нәтижелерін ескере отырып, оларды қабылдайды, ал ұйымның басшысы, бас бухгалтері және қызметкерлері тапсырады.
Ұйымның бұрынғы басшысынан уақытша әкімшілік басшысына ұйымның құжаттары мен мүлкін қабылдап-өткізу үш данада жасалатын қабылдап-өткізу актісімен ресімделеді. Қабылдап-өткізу актісінің бір данасы уәкілетті органға жіберіледі.
Ұйымның бұрынғы басшысы қабылдап-өткізу актісіне қол қоймаса, онда ол туралы белгі қойылады.
45. Егер ұйымның басшысы және (немесе) бас бухгалтері және ұйымның өзге де қызметкерлері мүлікті, бухгалтерлік және өзге де құжаттаманы толық көлемде бермесе, уақытша әкімшілік басшысы уақытша басқарушыға берілмеген мүлікті және құжаттарды көрсете отырып олардың жоқ екендігі туралы акт жасайды.
46. Егер ұйымның басшысы және (немесе) бас бухгалтері және өзге де қызметкерлері ұйымның мүлкі мен құжаттарын беруден бас тартса, уақытша әкімшілік басшысы қарсылық білдіргендігі туралы акт жасайды.
47. Түгендеу өткізу және ұйымның мүлкі мен құжаттарын ұйымның бұрынғы басшылығынан қабылдап-өткізу аяқталғаннан кейін ұйымның мүлкі мен құжаттары табылған жағдайда уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшілік мүшелерінің және ұйым қызметкерлерінің қатысуымен олардың анықталған орнын және анықталу себебін, олардың сақталу жағдайын, тізімдемесінің болуын, жүйеге келтірілгендігі, сақталу талаптарын көрсете отырып мүлік пен құжаттардың анықталғандығы туралы акт жасайды.
7. Уақытша әкімшілік қызметінің аяқталуы
Достарыңызбен бөлісу: |