Государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»



жүктеу 198.3 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі198.3 Kb.


Қ Р Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 12074 тіркелген



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2015 жылғы 17 шілде
Алматы қаласы




№ 129
город Алматы



Өзара сақтандыру қоғамдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы




«Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзара сақтандыру қоғамдары есептілігінің тізбесі;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қызмет туралы есептің нысаны;

3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес инвестициялық портфель туралы есептің нысаны;

4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есептің нысаны;

5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру резервтері туралы есептің нысаны;

6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес Өзара сақтандыру қоғамдарының есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Өзара сақтандыру қоғамдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4) және


5) тармақшаларында көзделген есептілікті ұсынады.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Өзара сақтандыру қоғамдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 29 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6163 тіркелген, 2010 жылғы


3 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 456 (26299) жарияланған)
1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

4. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің Төрағасы

Ә. Смайылов _________________

2015 жылғы «13» тамыз  
Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 17 шілдедегі

№ 129 қаулысына

1-қосымша

Өзара сақтандыру қоғамдары есептілігінің тізбесі
Өзара сақтандыру қоғамдарының есептілігіне мыналар кіреді:

1) қызмет туралы есеп;

2) инвестициялық портфель туралы есеп;

3) сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есеп;

4) сақтандыру резервтері туралы есеп.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 17 шілдедегі

№ 129 қаулысына

2-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

Қызмет туралы есеп

Есепті кезең: 20__жылғы «___»________

Индекс: 1- OVS_G


Кезеңділігі: жыл сайын
Ұсынатындар: өзара сақтандыру қоғамдары
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін
Нысан

__________________________________________________________

(өзара сақтандыру қоғамының атауы)

20__ жылғы _________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)



р/с №

Көрсеткіштер

Сомасы

1

2

3

1.

Активтер, оның ішінде:

 

1.1

ақша және ақша баламасы




1.2

салымдар (депозиттер)




1.3

бағалы қағаздар




1.4

«кері РЕПО» мәмілелері




1.5

өзге активтер




2.

Міндеттемелер, оның ішінде:

 

2.1

сақтандыру резервтері

 

2.2

өзге міндеттемелер

 

3.

Капитал, оның ішінде:

 

3.1

құрылтайшылардың жарналары

 

3.2

бөлінбеген пайда

 

4.

Кірістер (ағымдағы жылдың басынан бергі кезеңдегі), оның ішінде:

 

4.1

сақтандыру сыйлықақылары

 

4.2

инвестициялық қызметтен түскен кірістер

 

4.3

өзге кірістер

 

5.

Шығыстар (ағымдағы жылдың басынан бергі кезеңдегі), оның ішінде:

 

5.1

сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар

 

5.2

жалпы және әкімшілік шығыстар

 

5.3

өзге шығыстар

 

6.

Таза кіріс (шығын)

 

Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) ________________________________________________________ ________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)       қолы
Бас бухгалтер __________________________________________ _________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы


Орындаушы_________________________________________ ____________ ____________

лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)  қолы телефоны


Есепке қол қойған күн  20_____ жылғы «_____» __________
Мөрге арналған орын (бар болса)

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша

түсіндірме
Қызмет туралы есеп


  1. Жалпы ережелер

1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Қызмет туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2. Нысан «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

3. Өзара сақтандыру қоғамдары Нысанды жыл сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме


5. 3-бағанада көрсеткіш атауына сай есепті кезеңнің соңына мың теңгемен сома көрсетіледі.

6. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 17 шілдедегі

№ 129 қаулысына

3-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

Инвестициялық портфель туралы есеп

Есепті кезең: 20__жылғы «___»________

Индекс: 2- OVS_G


Кезеңділігі: жыл сайын
Ұсынатындар: өзара сақтандыру қоғамдары
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін

Нысан


__________________________________________________________

(өзара сақтандыру қоғамының атауы)



20__ жылғы _________ жағдай бойынша
(мың теңгемен)

р/с №

Актив атауы

Сатып алу күні

Өтеу күні

Сату/өтеу күні

Баланстық құны

1

2

3

4

5

6

1.

Ақша және ақша баламасы

х

х

х




2.

Салымдар (депозиттер), оның ішінде:







х




2.1

банктің атауы







х














х




3.

Бағалы қағаздар, оның ішінде:













3.1

бағалы қағаздың түрі және эмитент





























4.

«Кері РЕПО» мәмілелері, оның ішінде:













4.1

мәміле бойынша қарсы агент, бағалы қағаздың түрі және эмитент





























5.

Барлығы (1-4-жолдың сомасы)













  
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) ________________________________________________________ ________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)       қолы


Бас бухгалтер __________________________________________ _________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы


Орындаушы_________________________________________ ____________ ____________

лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)  қолы телефоны


Есепке қол қойған күн  20_____ жылғы «_____» __________
Мөрге арналған орын (бар болса)

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша

түсіндірме
Инвестициялық портфель туралы есеп

1. Жалпы ережелер


1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Инвестициялық портфель туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2. Нысан «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

3. Өзара сақтандыру қоғамдары Нысанды жыл сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 3-бағанада тиісті активті сатып алу күні көрсетіледі.

6. 4-бағанада тиісті активті өтеу күні көрсетіледі.

7. 5-бағанада сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздарды және өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды сату/өтеу күні көрсетіледі.

8. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 17 шілдедегі

№ 129 қаулысына

4-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

Сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есеп

Есепті кезең: 20__жылғы «___»________

Индекс: 3- OVS_G
Кезеңділігі: жыл сайын
Ұсынатындар: өзара сақтандыру қоғамдары
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін

Нысан


__________________________________________________________

(өзара сақтандыру қоғамының атауы)

20__ жылғы _________ жағдай бойынша
(мың теңгемен)

р/с №


Сақтандыру сыныбының атауы

Сақтандыру сыйлықақылары

Сақтандыру шарттарының саны (бірліктермен)

Сақтандыру төлемдері

Сақтандыру жағдайларының саны (бірліктермен)

Сақтандыру төлемдерінің сомасы (бірліктермен)

1

2

3

4

5

6

7

1.

 

 

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) ________________________________________________________ ________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)       қолы


Бас бухгалтер __________________________________________ _________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы


Орындаушы_________________________________________ ____________ ____________

лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)  қолы телефоны


Есепке қол қойған күн  20_____ жылғы «_____» __________
Мөрге арналған орын (бар болса)

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша

түсіндірме
Сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есеп

1. Жалпы ережелер


1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2. Нысан «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

3. Өзара сақтандыру қоғамдары Нысанды жыл сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

5. 3-бағанада барлық сақтандыру сыйлықақыларының сомасы мың теңгемен көрсетіледі.

6. 4-бағанада сақтандыру шарттарының саны бірліктермен көрсетіледі.

7. 5-бағанада барлық сақтандыру төлемдерінің сомасы мың теңгемен көрсетіледі.

8. 6-бағанада сақтандыру жағдайларының саны бірліктермен көрсетіледі.

9. 7-бағанада сақтандыру төлемдерінің сомасы бірліктермен көрсетіледі.

10. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 17 шілдедегі

№ 129 қаулысына

5-қосымша


Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

Сақтандыру резервтері туралы есеп
Есепті кезең: 20__жылғы «___»________

Индекс: 4- OVS_G


Кезеңділігі: жыл сайын
Ұсынатындар: өзара сақтандыру қоғамдары
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін

Нысан


_______________________________________________________________

(өзара сақтандыру қоғамының атауы)

20__ жылғы _________ жағдай бойынша

 

(мың теңгемен)



р/с №


Сақтандыру сыныбының атауы

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві

Орын алмаған шығындар резерві


Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві

Қосымша резервтер

1

2

3

4

5

6

7

1.

 

 




 

 

 

2.

 

 




 

 

 



 

 




 

 

 

Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) ________________________________________________________ ________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)       қолы
Бас бухгалтер __________________________________________ _________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы


Орындаушы_________________________________________ ____________ ____________

лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)  қолы телефоны


Есепке қол қойған күн  20_____ жылғы «_____» __________
Мөрге арналған орын (бар болса)

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша

түсіндірме
Сақтандыру резервтері туралы есеп

1. Жалпы ережелер


1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Сақтандыру резервтері туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2. Нысан «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

3. Өзара сақтандыру қоғамдары Нысанды жыл сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Бұл нысанда сақтандыру сыныптары бөлігінде есепті кезеңнің соңындағы сақтандыру резервтерінің сомасы көрсетіледі.

6. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 17 шілдедегі

№ 129 қаулысына

6-қосымша

Өзара сақтандыру қоғамдарының есептілікті ұсыну

қағидалары

1. Осы Өзара сақтандыру қоғамдарының есептілікті табыс ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді және өзара сақтандыру қоғамдарының (бұдан әрі – Қоғамдар) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.

3. Есептілік ұсынылатын деректердің түзетілмеуін қамтамасыз ететін электрондық тасымалдағышта Microsoft Office Excel форматында ұсынылады.

4. Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін Қоғамның бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) және Қоғамның бас бухгалтері қамтамасыз етеді.

5. Қағаз тасымалдағыштағы есепті күнгі жағдай бойынша есептілікке Қоғамның бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), Қоғамның бас бухгалтері және орындаушы қол қояды, ол мөрмен расталады және Қоғамда сақталады.



6. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, Қоғам уәкілетті органға пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып жазбаша түсініктемені ұсынады.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет