Графикалық пайдаланушы интерфейсінің (gui) элементтері. Графикалық пайдаланушы интерфейсінің негізгі элементтеріне



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата01.12.2023
өлшемі258.68 Kb.
#485085
1   2   3   4   5
Д 2 қосымша GUI элементтері

Кеңістікте ашылатын мәзір. Пайдаланушы төменгі деңгейден элемент 
таңдаған сайын жоғарыдағы элементтер көрінетін болып қала береді. 
Уақыт бойынша ашылатын мәзір. Мұндай мәзірді пайдалану 
барысында жоғары деңгейдегі элементтер белгілі бір себептерге 
байланысты экран бетінен жоғалады. Мысалы, мәзірмен сұхбат терезе осы 
мәзірді шақырған басқару элементінің орнын басуы мүмкін. 
Бірінші жіктеудегі статикалық мәзір жұмыс жылдамдығының жоғары 
болуын қамтамасыз етеді, пайдаланушыны жақсы оқытады, бірақ экранда 
орын алады. Ал динамикалық мәзірде кері жағдай байқалады. Екінші 
жіктеудегі бірінші типке келер болсақ (яғни кеңістікте ашылатын мәзір), 
пайдаланушының контекспен жұмыс жасауын қолдаса да, экран 
кеңістігінің азаюына әкеледі. Екінші тип кеңістікті үнемді пайдаланады, 
бірақ кон-тексті нашар қолдайды. 
Терезе – бір уақытта орындалатын үдерістерді бөліп көрсететін, 
экранның белгіленген облысы. 
Қазіргі кезде терезелерді келесі типтер бойынша ажыратады: 
– программалардың негізгі терезелері; 
– құжаттар терезесі; 
– режимді сұхбат терезелер; 
– режимсіз сұхбат терезелер; 
– палитралар; 
– браузер 
терезелері 
(интернетте 
қолданылатын 
терезелер 
технологиясы ПҚ технологияларға қарағанда өзгешелігі көп және бұл 
типтегі терезелер бөлек тұратын болып келеді). 
Басқару 
элементтері 
орналасқан 
облыстардан 
басқа 
терезе 
элементтерінің қандай да бір ортақ элементтері бар: ең бастысы терезенің 
тақырып жолы, статус жолы, құрал-сайман тақтасы және айналу жолағы. 


Тақырып жолы. Мәтін және тақырып пиктограммасы ПҚ-да (олар 
үдерістердің ауысуын басқарып отырады) және интернетте (навигацияны 
басқарады) үлкен рөл атқарады. Мәселелердің ауысуы бір уақытта 
қарапайым немесе күрделі болады. Қарапайым болу себебі «Релевантты 
тақырыптар бірінші кезекте шығады». Пайдаланушыға тек нақты 
программаның нақты құжаты керек. Ал күрделі болу себебі Windows 
интерфейсінің қатал болуына сәйкес көп әрекет істелінбейді, программа 
атын үнемі қысқартып отырған дұрыс. 
Тақырып жолын тәжірибелі аудиторияға (пайдаланушылар) керек 
функцияны шақыру үшін пайдаланады, яғни тақырып жолындағы 
пиктограмманы басу кезінде ашылатын мәзірді шақырады. Бұл жерде 
мәзір тәжірибелі пайдаланушылар үшін жалпы тағайындалудағы мәзірге 
қарағанда бөлек болады. Әрине, тәжірибесіз пайдаланушылар үшін бұл 
мәзірді пайдалану ықтималдығы азаяды (олар ондай мәзір барын білмей 
жүруі мүмкін). 
Пайдаланушылар 
терезе 
тақырыбын 
сирек 
оқитыны 
ол 
пайдаланушыларға қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Керісінше, жақсы 
тақырып сұхбат жұмысын жеңіл түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан 
экранда көрінетін және терезенің сәйкес тақырыбының болуы көп 
жағдайда пайдалы болады. Өкініштісі, қарапайым Windows интерфейсінде 
оған арнайы орын жоқ. 
Статус жолы – интерфейстің ең бағаланбайтын (оны интернетте 
қолдану амалы, статистиканы төмендетеді) элементі. Статус жолы екі 
нәрсеге арналған: ол не өзіндік статус жолы болады (яғни жүйенің 
ағымдағы күйін көрсетеді), не тәжірибелі пайдаланушылар үшін құрал-
сайман тақтасы бола алады. Осыны толығырақ қарастырайық. 
Жүйенің ағымдағы күйін бейнелеу. Іс жүзінде әрбір жүйенің не құжатқа 
тәуелді, не уақыттың өзгеру қасиеті болады. Мысалы, көрнекі 
программаларда объектілердің қандай да бір қасиеттері болады және 
барлық осы қасиеттер көрсетіле бермейді. Басқа мысал: жүйе ұзақ уақыт 
бос емес болса, онда ол пайдаланушыға орындалу дәрежесінің 
индикаторын көрсетуі тиіс. Ең қарапайым мысал: мәтіндік процессормен 
жұмыс істейтін пайдаланушы өзі құжаттың қай бетінде екенін білуге 
құқылы. 
Осының бәрін статус жолында шығару тиімді болып табылады. 
Статус жолы орындалу дәрежесінің индикаторын шығаратын аймақ 
ретінде болуы мүмкін. Орындалу индикаторының шығаратын аймағы 
бойынша жүйе интерфейсінің сапасын анықтауға болады деген заңдылық 


та бар. Егер индикатор статус жолында шығатын болса, онда жүйе жақсы 
интерфейске ие, ал индикатор басқа аймақтан шығатын болса, онда нашар 
интерфейске ие дегенді білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет