Графикалық пайдаланушы интерфейсінің (gui) элементтері. Графикалық пайдаланушы интерфейсінің негізгі элементтеріне



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата01.12.2023
өлшемі258.68 Kb.
#485085
  1   2   3   4   5
Д 2 қосымша GUI элементтері



Графикалық пайдаланушы интерфейсінің (GUI) элементтері. 
Графикалық пайдаланушы интерфейсінің негізгі элементтеріне: 
терезелер, мәзір, таңдау барысында іс-әрекет жасайтын, пиктограммалар 
жиынтығын беретін құрал-сайман тақтасы (tool bar), саймандар жолағы 
(tool bar), айналдыру жолағы (scroll bar), басқару элементтері (controls), 
батырмалар (buttons), соның ішінде командалар батырмасы (command 
buttons), баптау батырмасы (options buttons), ауыстырып-қосқыштар (радио 
батырма, radio buttons), мәндер жиыны (value sets), ажыратқыштар (check 
box), тізімдер (list box), мәтін зоналары (text box), спиннерлер немесе 
крутилка (spinners, little arrow), комбобокс (combo box) енгізу өрісі (edit 
text fields), слайдерлер (sliders) және т.б. жатады. 
Батырма деп опцияны таңдауға және оқиғаны шақыруға (мысалы, ішкі 
программаны жіберу) мүмкіндік беретін басқару элементін айтамыз. 
Пайдаланушы мен батырма арасындағы барлық өзара әрекеттесу 
батырманы басумен шектеледі. 
Командалық батырмалар – осындай батырма басу кезінде қандай да 
бір айқын іс-әрекет орындалады (тура іс-әрекет батырмасы). Батырманы 
басу барысында қандай іс-әрекет орындайтынын білдіретін, ортасында 
қысқаша сөзден тұратын тіктөртбұрыш түрінде бейнеленеді. Командалық 
батырма үш күйде болады: қалыпты (пайдаланушы іске қоспаған, бірақ 
қолжетімді), басылған (іске қосылған) және қолжетімсіз (іске қосылмаған, 
батырмаға бекітілген функцияға қатынау мүмкін болмаса немесе батырма 
фондық терезеде орналастырылса). 
Чекбокстар және ауыстырып-қосқыштар – кейінге қалдырылған іс-
әрекет батырмалары, яғни басу кезінде жылдам түрде іс-әрекет орындауды 
көздемейді. Олардың көмегімен пайдаланушылар қандай да бір 
параметрлерді енгізу арқылы өзінің іс-әрекетін басқа басқару элементтері 
арқылы 
қосылған 
іс-әрекеттен 
кейін 
орындай 
алады. 
Басты 
айырмашылықтары ауыстырып-қосқышта тек бір ғана таңдау жасауға 
болады, ал чекбокста бірнеше таңдау жасауға болады. Ауыстырып-қосқыш 
тобында кем дегенде бір батырма үнсіздік бойынша қойылуы тиіс. 
Ауыстырып-қосқыш тек күй жинағын бейнелейді және олар ешқашан іс-
әрекет орындауды көздемейді. Күй жиындары тұрақты болуы тиіс (яғни 
контекске тәуелсіз). Әрқашан топтарға бірігеді (екіден жетіге дейін 
батырмалар болғаны дұрыс). 
Тізімдер ауыстырып-қосқыш және чекбоксты жүзеге асырудың 
нұсқасы болып табылады, ол – ашылатын мәндер тізбегін бейнелейтін 
(көбінесе тізім бойынша жоғары-төмен жылжуға арналған слайдерлермен 


біріктіріледі) және пайдаланушыға тізімнен мән таңдауға немесе 
біріктірілген мәтін өрісіне басқа мәнді енгізуге мүмкіндік беретін 
арнайыландырылған басқару құралдары. Тізімдер – экранда минималды 
орын алатын, сонымен қатар бойында үлкен ақпараттық жүктеме 
орналасқан ыңғайлы және шағын болатын интерфейстің элементі. 
 
Тізімдер парақталатын және ашылатын болып 
бөлінеді. 
Парақталатын бір таңдау жасауды (ауыстырып-қосқышқа ұқсас) және 
бірнеше таңдау жасауды (чекбокс) қамтамасыз етеді. Ал ашылатын тек 
таза ауыстырып-қосқыш түрінде жұмыс істейді. Тізімнің жеке 
элементтеріне қатынау жылдамдығы мен көрнекілігі ықшамды болуымен 
(яғни элементтер саны үлкен болса, экран кеңістігін үнемдейді) және 
кеңейгіштік болуымен (пайдаланушыға жұмыс істемейтін элементтерді 
көрсетпейтіндіктен интерфейсті құрастыру барысында динамикалық 
өзгеріп отыратын элементтер тізіміне жүктеулер жасау) ерекшеленеді. 
Ашылатын тізім тізімнің ең қарапайым түрі болып табылады. 
Тізімдердің жалпы құндылықтарынан бөлек, ашылатын тізімнің жалғыз 
құндылығы бар. Ол тізімнің аз ғана биіктігі арқасында құраушылардан 
жинақталған командаларды қиындықсыз визуалды түрде көрсетеді. 
Парақталатын тізімі тізімдердің қиындау нұсқасы болып табылады. 
Парақталатын тізімдер пайдаланушыға бір немесе бірнеше таңдау жасауға 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет