Графикалық пайдаланушы интерфейсінің (gui) элементтері. Графикалық пайдаланушы интерфейсінің негізгі элементтеріне



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата01.12.2023
өлшемі258.68 Kb.
#485085
1   2   3   4   5
Д 2 қосымша GUI элементтері

Бейне 
(иконкалар). Тікелей 
айла-шарғы 
жасау 
интерфейсінде 
пайдаланушыларға көрінетін объектілерде тікелей іс-әрекет орындайды. 
Осындай объектілердің түрлеріне: батырма, белгілер, мәзір немесе бейне 
(иконкалар) жатады. 
Барлық иконкаларды олардың қаншалықты бойындағы функцияны 
нақты көрсетуіне байланысты жіктеуге болады. 
Ұқсастық иконкалар – олар бейнелейтін объектілерге ұқсас иконкалар 
(«кесу» операциясын бейнелейтін қайшыға ұқсас иконка). 
Үлгі бойынша иконкалар объект типіне мысал болып табылады 
(мысалы, сурет салу құралын ұсынатын сызықты көрсететін иконка). 


Символикалық иконкалар іс-әрекетті немесе күйді символикалық 
формада ұсыну үшін пайдаланылады (мысалы, желілік байланыстың 
үзілгендігін көрсету үшін екі компьютер арасындағы үзілген сызық). 
Еркін иконкалар – олардың берілуі бойынша ешқандай ақпарат 
болмайды, сондықтан олардың тағайындалуы сипатталған болуы тиіс 
(мысалы, «соңғы команданы доғару» іс-әрекетін білдіру үшін кері 
дөңгелектелген нұсқар). 
Курсорлар. Курсор – кері байланыспен қамтамасыз етуге арналған 
тамаша құрал. Мысалы, пайдаланушы курсорды терезе бұрышына 
апарғанда пайдаланушыға терезе формасын үлкейту мүмкіндігі барын 
көрсететіндей курсор өзгереді. 
Өкінішке орай, курсордың кері жағы да бар: пайдаланушылар әдемі 
емес пиктограммаларға бейімделе алады, өйткені олар оған қарамаса да 
болады, ал әдемі емес курсорға пайдаланушылар бейімделе алмайды, 
себебі курсор экран бетінде болған кезде олар әрдайым оған қарап отыруға 
тура келеді. 
Сондықтан курсорды пайдаланудың дұрыс жолы келесідей: 
эстетикалық жағымды еткіңіз келсе, барлық кезде курсордың 
индикациялық көрінісін қолдану керек; ал қалған кезде курсор жайлы 
ойламаса да болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет