Ағылшын тілінде ырықсыз етістің төмендегідей ерекшеліктері бар:
Ағылшын тілінде ырықсыз етіс көп қолданылады. Қазақ ті лінде сөйлем бастауышсыз не бастауыш түсіп қалып айтыла бе реді, ал ағылшын тілінде бастауышсыз сөйлем болмайды, сон дықтан ырықсыз етіс формасындағы сөйлемде бастауыштың орнына толықтауыш келеді.
Ағылшын тілінде ырықсыз етіс формасында қолданылатын етістіктер де бар. Мұндай құбылыстың негізгі себебін ағылшын
тілінің грамматикасының аналитикалық құрылымымен түсінді руге болады.
Ағылшын тіліндегі зат есімнің (ілік септігінен басқа) септік жалғау категориясының грамматикалық көрсеткіші жоқ, сондық тан да сөйлемнің толықтауышын көрсететін зат есімнің арнайы грамматикалық формасы жоқ. Қазақ тілінде жалғаулықтар арқылы берілетін грамматикалық көрсеткіштер ағылшын тілінде сөйлем мүшелерінің орын тәртібі арқылы беріледі. Сондықтан да ағыл шын тілінде толықтауыш, баяндауыштан (етістіктен) кейін тұрады.
We discussed this problem at the conference yesterday (Біз бұл мәселені кеше конференцияда талқыладық).
Бірақ та, жоғарыда атап кеткендей, сөйлемде іс істеуші адамнан гөрі, істелген іс маңыздырақ болған жағдайда негіз етістің орнына ырықсыз етіс конструкциясы қолданылады.
The problem was discussed at the conference (Бұл мәселе кеше конференцияда талқыланды).
Ағылшын тілінде сөйлем мүшелерінің орын тәртібі өзгер генде сөйлемнің мағынасы да өзгереді. Сондықтан бастауыш пен толықтауыштың орын ауыстырғанда сөйлемнің мағынасы өзгер мес үшін баяндауыш ырықсыз етіс формасына ауысады.
(I read a book. The book was read) (Мен кітап оқыдым). (Кітап оқылды).
Ырықсыз етістің ағылшын тілінде көптеп қолданылуының тағы бір себебі ырықсыз етіс конструкциясының екінші компонен тін көптеген етістіктер арқылы беруге болады. Егер сабақты етіс тіктен кейін екі (тура және жанама) толықтауыш тұрса, онда осы сөйлемнен ырықсыз етіс формасында екі сөйлем жасауға болады.
He told us the news { The news was told us (Жаңалық бізге
айтылды).
{ We were told the news (Бізге жаңалық айтылды).
Жоғарыда айтылғандай, осы келтірілген мысалдағы негіз етіс формасындағы сөйлемнің тура және жанама толықтауыштары ырықсыз етіс конструкциясында бастауыш болып тұр.
Ағылшын тіліндегі «advice, allow, ask, deny, forgive, give, grant, offer, order, pay, promise, refuse, show, teach, tell» етістіктері ырықсыз етіс конструкциясында кеңінен қолданылады.
They are tought English at the university (Оларға уни верситетте ағылшын тілін үйретеді. /Оларға универ ситетте ағылшын тілі үйретіледі).
The girl was shown the way to the centre (Қызға орталыққа баратын жолды көрсетті/Қызға орталыққа баратын жол көрсетілді).
The soldiers were ordered to stay in their place (Жауын герлерге орындарында қалу бұйырылды/Жауынгерлерге орындарында қалуды бұйырды).
This Project is granted by government (Бұл жобаны үкімет қаржыландырады).
(Ағылшын тілінде ырықсыз етіс формасындағы сөйлемде іс әрекеттің иесі аталса, мұндай сөйлемдер қазақ тіліне көбінесе негіз етіс формасында аударылады).
Өзінен кейін тура толықтауышты талап етпейтін, яғни жанама толықтауышпен келетін салт етістіктер де ырықсыз етіс конс трукциясында келеді. Мұндай етістіктер: «account for, agree to, upon, arrive at, (an agreement, a compromise, a conclusion, a deci- sion), call for, call on, comment on, count on, depend on, hear of, insist on, interefere with, laugh at, listen to, look after, look at, look down on, look up to, look upon, provide for, put up with, refer to, rely on, run over, send for, speak about, of, to, talk about, over, to». Бұл жағдайда ырықты етіс конструкциясындағы жанама (шылаулы) толықтауыш ырықсыз етіс конструкциясында бастауыш болады да, шылау (предлог) етістіктен кейін тұрады.
The doctor has already been sent for (Дәрігерге адам жіберілді).
Everybody doesn’t like to be talked about (Өзінің сыртынан сөз қылғанды ешкім де ұнатпайды (Өзін сыртынан сөз еткен ешкімге де ұнамайды).
The flowers must be looked after (Гүлдерді күту керек./ Гүлдер күтілуі керек).
The statement was commented on in detail (Мәлімдемеге жанжақты түсініктеме берілді).
The decision was agreed after a long discussion (Ұзақ талқылаудан соң шешім қабылданды (келісілді).
He is not going to be laughed at (Оған ешкім күлгелі жатқан жоқ).
Milk was run over (Сүт тасып кетті).
(«to sent for» етістігі адамға ғана қатысты қолданылады).
Кейбір өзінен кейін тура толықтауышты талап етпейтін
«lіve, sleep» т.б. етістіктер жоғарыда аталған етістіктер сияқты ырықсыз етіс конструкциясында келуі мүмкін. Бұл етістіктердің бір ерекшелігі – ырықсыз етіс конструкциясындағы бастауыш ырықты етіс формасында сөйлемнің пысықтауышы болады.
The bedroom hasn’t been slept in for a long time (Көп уақыттан бері жатақ бөлмеге ешкім ұйықтамайды).
The old house had been lived in for many years (Бұл ескі үйде көптен бері тұрып келеді).
Көптеген етістік пен зат есімнен тұратын фразеологиялық тіркестер ырықсыз етіс конструкциясында келуі мүмкін. Бұған
«find fault with, lose sight of, make fun of, make use of, pay attention to, put an end to, take care of, take (no) notice of» т.б. тіркестер жатады.
This rule must be paid attention to (Бұл ережеге назар аударылуы керек).
The little child was lost sight of in the crouds of people (Көп адамның арасында кішкентай баладан көз жазып қалды (жоғалып кетті).
Health should be taken care of (Денсаулықты күту керек/ Денсаулық күтілуі керек).
His advice must be made use of (Оның кеңесі пайдала нылу керек) (Оның кеңесін пайдалану керек).
The illegal products must be put an end to (Заңсыз тауар ларға тыйым салынуы керек).
This suggestion is taken notice of (Бұл ұсынысты ескереді/ Бұл ұсыныс ескеріледі).
Еск ер т у. Ырықсыз етіс формасындағы жалаң баяндауышты дәнекерлеуші етістік пен негізгі етістіктің көсемше формасы тіркесі түрінде («to be + Partіcіple ІІ») келетін күрделі есімді баяндауышпен шатастырып алмау керек. Өйткені бұл баяндауыштардың екеуі де бірдей элементтерден тұрады. Бірақ та «to be + Partіcіple ІІ» тіркесі жай баяндауыш ретінде ісқимылды білдіреді, ал күрделі баяндауыш болғанда заттың күйін білдіреді. Мұны төмендегі сөйлемдерде салыстырып байқайық.
After the discussion the plan has been changed (Талқыланғаннан
кейін жоспар өзгертілді) (Жай баяндауыш ісәрекетті білдіріп тұр).
They understood that the plan was changed (Олар жоспардың өзгертілетінін түсінді) (Күрделі баяндауыш заттың күйін білдіреді).
Сөйлемде шақ формаларының қолданылуы жоғарыда аталған етістіктің конструкцияларының («to be + Partіcіple ІІ») екі түрлі мағынасына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |