Грамматикасы


Етістіктің рай категориясы



бет64/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Етістіктің рай категориясы


Етістіктің рай категориясы етістіктің модальділігін, яғни айту­ шының сол іс­әрекетке ойын, пікірін, қатысын білдіреді. Ағылшын тілінде етістіктің формасы, мағынасы жағынан сан алуан болып келетін грамматикалық категориясы – рай категориясы.
Ағылшын тілінде тиянақты етістіктердің үш рай түрі бар: ашық рай, бұйрық рай, қалау рай. Тиянақсыз етістіктердің рай категориясы болмайды.


Ашық рай


Ашық рай іс­әрекетті ақиқат шындық ретінде немесе шын­ дыққа (жақын) қатысты (бұйрықты рай) білдіреді. Етістік форма­ сының ашық райы түрі бір нәрсе жайлы хабарлай айтылған сөйлем­ де келеді. Мұндай сөйлемдерде айтушының негізгі мақсаты бір нәрсе жайлы хабарлау, мағлұмат беру болғандықтан, яғни қосым­ ша модальдық мағынасы солғын, шектеулі болады. Сондықтан да шақ формаларының мағынасы ашық райда анық көрінеді.
Water boils at 100 C (Су 100 градуста қайнайды).
It often rains in spring. (Көктемде жиі жаңбыр жауады). If they help us we shall finish the work (Егер олар көмектессе, біз жұмысымызды бітіреміз).
He often receives letters from his friends (Ол достарынан жиі хат алады).
She is an experienced engineer (Ол – тәжірибелі инженер).


Еск ер т у. Шартты бағыныңқылы сөйлемде келер шақ келмейді, оның орнына осы шақтың формалары қолданылады.
Морфологиялық структурасы жағынан етістіктің барлық категория­ сын алып қарағанда, ашық рай ең кең қолданылатын рай категориясы болып табылады.

Бұйрық рай


Бұйрық рай іс­әрекеттің, қимылдың бұйрық, өтініш мағынасын білдіреді. Етістік райларының ішіндегі морфологиялық құрылы­ мы жағынан ең қарапайым түрі бұйрық рай болып саналады. Бұл рай тікелей айтушының мүддесін білдіреді.
Ағылшын тілінде бұйрықты сөйлемнің қай жаққа қаратылып айтылуына қарай жасалу жолы да әртүрлі болады. Бұйрық рай­ дың болымды және болымсыз түрі бар. Бұйрықты сөйлемде етіс­ тік сөйлемнің басында (бірінші) тұрады. Бастауыш мұндай сөй­ лемде көбінесе айтылмайды.

    • Екінші жақта бұйрық райдың болымды түрі «to» шылауын­ сыз келген етістіктің негізгі түбірі арқылы жасалады.

Send him a letter (Оған хат жібер). Соme in, please (Кіріңіз).
Ask him it (Мұны одан сұра).
Бұйрық райдың болымсыз түрі «do» көмекші етістігі мен бо­ лымсыздықты білдіретін «not» сөзі және түбір формасында кел­ ген негізгі етістіктен жасалады. (Көмекші етістік лексикалық ма­ ғынасын жоғалтқандықтан аударылмайды. Ауызекі тілде ережеге сәйкес көмекші етістіктің болымсыз формасының қысқарған түрі
«don’t» формасы қолданылады) Don’t talk (Сөйлемеңдер).
Don’t make any noise (Шуламаңдар).
Don’t worry about it, please (Бұл жөнінде қобалжымаңыз). Please, do not write words (Сөздерді жазбаңыздар).
Don’t go out (Далаға шықпа).

    • Ағылшын тілінде бірінші, үшінші жақта айтылған бұйрық не өтініш «let» сөзінен кейін атау септігіндегі зат есім не табыс септігіндегі жіктеу есімдігінің келуі арқылы жасалады.

Let me see (Мен көрейінші).
Let us (let’s) do this work together (Бұл жұмысты бәріміз бірге орындайық).
Let her read the text (Ол мәтінді оқысын).
Let him go out (Ол далаға шықсын(шы).
Let Кuat help us ( Қуат бізге көмектессін(ші).
Еск ер т у. Үшінші жақта бұйрық райдың болымсыз түрінің ор­ нына «must» модаль етістігі келеді.
They must take care of their health (Олар денсаулығын сақтауы керек).
Сондай­ақ (бұйрықты сөйлемде) бұйрықты мағынаны күшейте түсу үшін қолданылатын эмфатикалық форма сөйлемнің басына «do» етісті­ гін қою арқылы жасалады.
Do let’s discuss the problem together (Мәселені бәріміз бірге шешейікші).
Do let’s clear up everything (Бәрін анықтап алайықшы/Бәрінің басын ашып алайықшы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет