Грамматикасы


Бұйрықты сөйлемді төлеу сөзге айналдырудың екі тәсілі



бет138/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Бұйрықты сөйлемді төлеу сөзге айналдырудың екі тәсілі


Төлеу сөз түріндегі бұйрықты сөйлемді төлеу сөзге айналдыр­ ғанда «be + тұйық етістік (инфинитив)» немесе «should» + тұйық етістік (инфинитив)» конструкциясы арқылы беруге де болады:
1. «іs/ are/ were/ was» + тұйық етістік
Бұл конструкция «tell» + зат есім есімдік + тұйық етістік конс­ трукциясының орнына қолданылады. Бірақ бұл конструкцияның бұйрық мағынасы көмескіленеді.
She saіd: «Look at the blackboard» – She told us to look at the blackboard немесе She saіd that we were to open our books (Ол бізге тақтаға қарауымыз керек екенін айтты).
Бұл конструкция егер басынқы сөйлемнің баяндауышы осы шақта тұрса, «tell» + күрделі толықтауыш конструкциясына қарағанда көбірек қолданылады.
She says, «We discuss this problem today» – She says that they are to discuss that problem that day (Ол өздерінің сол күні мәселені талқылауға тиіс екендігін айтты).
Сондай­ақ бұл конструкция бұйрық тікелей белгілі бір адамға
қаратылып айтылмай, тек бұйрықты орындауға тиіс екенін білдіргенде қолданылады.
The policeman said; «Wait for until green light come on» – The policeman told that we were to wait for until the green light come on (Жол сақшысы жасыл шам жанғанша біздің күтуіміз керектігін айтты).
«order + should» + инфинитив конструкциясы бұйрықты сөй­ лем (төлеу сөз) мағынасын білдіреді.
The captain ordered that they were to follow his instructions (Капитан өзінің нұсқауын орындауды бұйырды).
«That» жалғаулығы басыңқы сөйлемдегі етістіктен кейін ке­ леді және ешуақытта түсіп қалмайды. Бұл конструкция «be» + тұйық етістік тіркесінің орнына қолданылады, бірақ бұл ресми тілге тән конструкция болып есептеледі.
The lawyer saіd that suspector was to question – The lawyer ordered that the suspector should question (Заңгер күдіктіден жауап алудың керек екендігін айтты).
«Be» + тұйық етістік тіркесі сияқты бұл конструкцияда да бұйрық берілген кісі аталғанмен, бірақ оған тікелей бұйрық беріл­ меген жағдайда қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет