Грамматикасы



бет50/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Жанама шақ формалары


Жанама шақ формалары мен созылмалы негізгі шақ форма­ ларының арасындағы айырмашылықты былайша түсіндіруге бо­ лады: негізгі шақ формалары іс­әрекетті екінші бір әрекетке қа­ тыссыз, байланыссыз, тек сол сөйлеп тұрған уақытқа қатысты
білдіреді. Ал жанама шақ формалары іс­әрекетті екінші бір іс­әре­ кетке қатысты, яғни оның алдында не сол іс­әрекеттің жүзеге асқан уақытта аяқталғанын білдіреді. Жанама шақ формаларына жедел өткен осы шақ, жедел өткен өткен шақ (бұрынғы өткен шақ), жедел өткен келер шақ, жедел өткен созылмалы осы шақ жедел өткен созылмалы өткен шақ, жедел өткен созылмалы келер шақ жатады.


Жедел өткен осы шақ


Жедел өткен осы шақ сол сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болған және аяқталған іс­әрекетті, істің нәтижесін білдіреді. Сонымен қатар оның жанама мағынасы да бар, яғни одан кейінгі әрекеттің (қазіргі уақытта болып жатқан іс­әрекет) нәтижесі, себеп­салдары болады. Жедел өткен осы шақ «to have» көмекші етістігінің осы шақ формасы мен негізгі етістіктің көсемше формасы (Participle II) арқылы жасалады. Жедел өткен осы шақта іс­әрекеттің мезгілін білдіру үшін олардың жүзеге асу уақытына қатысты «already (әлдеқашан), just (жаңа ғана), yet (әлі) (болымсыз, сұраулы сөйлемдерде келеді), for (...бойы), since (... бері), ever (бұрын­соңды) (сұраулы сөйлемде), never (еш­ қашан) (болымсыз сөйлемде келеді), lately (соңғы кезде, recently (жақында), this morning (бүгін таңертең), this month (осы айда), today (бүгін), this year (осы жылы), this winter (осы қыста)» т.б. сөздері келеді.
Болымды түрі
I have already translated the text (Мен мәтінді әлдеқашан аударып болдым).
You have already translated the text (Сіз мәтінді әлдеқашан аударып болдыңыз).
He (she) has already translated the text (Ол мәтінді әлдеқашан аударып болды).
It has just rained (Жаңа ғана жаңбыр жауып кетті).
We have already translated the text (Біз мәтінді әлдеқашан аударып болдық).
You have already translated the text (Сіздер мәтінді әлдеқашан аударып болдыңыздар).
They have already translated the text (Олар мәтінді әлдеқашан аударып болды).
Сұраулы сөйлем түрі
Have I already translated the text? (Мен мәтінді әлдеқашан аударып болдым ба?)
Have you already translated the text? (Сіз мәтінді әлдеқашан аударып болдыңыз ба?)
Has he (she) already translated the text? (Ол мәтінді әлдеқашан аударып болды ма?)
Has it just rained? (Жаңа ғана жаңбыр жауды ма?)
Have we already translated the text? (Біз мәтінді әлдеқашан аударып болдық па?)
Have you already translated the text? (Сіздер мәтінді әлдеқашан аударып болдыңыздар ма?)
Have they already translated the text? (Олар мәтінді әлдеқашан аударып болды ма?)
Have you ever been to Astana? (Сіз бұрын­соңды Астанада болдыңыз ба?)
– No, I haven’t been to Astana (Жоқ мен Астанада болғаным жоқ. (I have never been to Astana (Мен ешқашан Астанада болғаным жоқ.)
Who has already translated the text? (Кім мәтінді әлдеқашан аударып болды?)
Whose friend has already translated the text? (Кімнің досы мәтінді әлдеқашан аударып болды?)
What text have you already translated? (Сіз қандай мәтінді әлдеқашан аударып болдыңыз?)
What text has he (she) translated? (Ол қандай (қай) мәтінді әлдеқашан аударып болды?)
Болымсыз түрі
I have not translated the text yet (Мен әлі мәтінді аударып болғаным жоқ).
You have not translated the text yet (Сіз мәтінді әлі аударып болған жоқсыз).
He (she) has not translated the text yet (Ол мәтінді әлі аударып болған жоқ).
It has not rained yet (Әлі жаңбыр жауған жоқ).
We have not translated the text yet (Біз мәтінді әлі аударып болған жоқпыз).
You have not translated the text (Сіздер мәтінді әлі аударып болған жоқсыздар).
They have not translated the text (Олар мәтінді әлі аударып болған жоқ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет