Грамматикасы


ЕТІСТІКТІҢ ТИЯНАҚСЫЗ ФОРМАЛАРЫ



бет82/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

ЕТІСТІКТІҢ ТИЯНАҚСЫЗ ФОРМАЛАРЫ


Ағылшын тілінде етістіктің төрт тиянақсыз формасы бар: тұйық етістік, есімше, көсемше және герундий. Заттанған етістік­ тердің басқа етістіктерден айырмашылығы олардың жақ, түр, рай категориялары болмайды. Сондықтан да олар сөйлемде дербес баяндауыш қызметін атқара алмайды.
Қазіргі ағылшын тілінде заттанған етістіктердің басқа етістік­ терден төмендегідей айырмашылық, ерекшеліктері бар:

    • Заттанған етістіктердің синтаксистік функциясы басқа етістік­ терден өзгеше және олар етістікке қарағанда басқа сөз таптарына, кө­ бінесе есімдерге тән ерекшеліктері бар, яғни есімдерге ұқсас келеді.

    • Етістіктің тиянақсыз формалары (заттанған етістіктер) екі элементтен тұратын күрделі баяндауыштың құрамында оның не­ гізгі бөлігінің қызметінде кеңінен қолданылады. Баяндауыштың компоненттері сөйлемде бір­бірімен бастауыш пен баяндауыштың қатысындай байланысады. Олар сөйлемнің бір мүшесі сияқты біртұтас синтаксистік бірлік құрайды.

    • Заттанған етістіктердің шақ формасы сөйлемнің баяндауы­ шының шақ формасына қатысты анықталады. Олар тиянақты етістік арқылы берілген сөйлемнің баяндауышы білдіретін іс­

әрекетпен қатар не одан бұрын болған іс­әрекетті көрсетеді. Сон­ дықтан олардың жедел өткен шақ формасы болмайды.

    • Заттанған етістіктердің де негіз етіс пен ырықсыз етіс фор­ малары бар.

    • Тиянақты етістіктер сияқты заттанған етістіктерден кейін де толықтауыш келуі мүмкін және пысықтауышпен де бірге келеді.

    • Заттанған етістіктердің етістіктің басқа формаларынан ең басты айырмашылығы олардың екі жақты қасиеті, яғни етістіктің де, есімдердің де қасиетіне ие болып, сөйлемде есімдерше баста­ уыш толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштың қызметін атқара алатын қабілеті болып табылады. Ағылшын тіліндегі заттанған етістіктердің қазақ тіліндегі заттанған етістіктерден басты айырма­ шылығы – ағылшын тілінде заттанған етістіктер қазақ тіліндегідей есімдерге тән көптік, тәуелдік, жіктік, септік жалғау категориясын қабылдамай, өздерінің бастапқы етістік формаларында жұмсала береді. Сондай­ақ етістіктің формасы ретінде оларда (заттанған тұйық етістіктен басқа формаларында) етістіктің басты граммати­ калық категориясы болып табылатын шақ категориясы да жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет