Дене тәрбиесінің Әдістері



бет1/7
Дата19.10.2023
өлшемі36.86 Kb.
#481131
  1   2   3   4   5   6   7
Дәріс 4. Дене тәрбиесінің әдістері


Жоспары:
1.Терминдер мен түсініктер
2.Әдістердің түрлері


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕРІ
Әр түрлі жаттығушылар тобымен әр қилы жағдайда белгілі бір міндеттер орындау үшін дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану, пайдалану жолын дене тәрбиесінің әдістері дейміз. Нақтылы үйрету міндетіне сәйкес жаттығуларды орындауды әдістемелік тәсіл дейміз.
Әдістеме  деп дене тәрбиесі үрдісіне белгілі бір нәтижеге жету жолына бағытталған амалдар мен әдістер жүйесін айтады.















Ойын және жарыс әдісі
Ойын әдісі
Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындарды, элементтерін қолдану - ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар:
1 Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды оқиғалы ұйымдастыру.
2 Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген талас, көңіл-күйлерінің көтерілуі.
3 Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-әрекетке шешім қабылдауы (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды).
4 Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы.
5 Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-қатынастары.
Ойын әдісінің көмегімен дене қуаты қасиеттерін (күш, төзімділік, шапшаңдық, ептілік) кешенді дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық), бұдан басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады.
Жаттығуларды ойын әдісімен жүргізу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер қалдырады, бірқалыптылықтан құтқарады. Ойын әдісінің бір кемшілігі, жүктеме мөлшерін дәл біле алмайтынымыз.
Жарыс әдісі
Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс әдісі дейміз. Жарыс әдісінің ең негізгі белгісі - біріншілікті,
қарсыласыңды, команданы, топты жеңіп алу үшін бәсекелесу, күрес, күш сынасу жағдайында жоғарғы керсеткіштерге жету. Бұл әдіс әр түрлі мақсаттарды орындауға пайдаланылады. Мысалы, адамгершілік, жігерлілік, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, күрделі жағдайда қимылдың ептілігі мен дағдысын жетілдіру. Жарыс әдісі адам ағзасының мүмкіншіліктеріне жоғарғы талаптар қояды да, оның әрі қарай тез дамуына ықпал етеді. Бұл жарыс әдісінің міндетті түрде орындалу керек шарты: жарыс, бәсеке жаттығуларына оқушылар өте жақсы дайындықпен, дайындалып келулері керек, ондай болмаса берілетін үлкен қарқынды жүктемелер олардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
Сонымең қатар бұл әдіс оқушылардан жаттығуды орындау кезінде пайда болатын міндетке өз шешімін тез қабылдауын талап етеді (өйткені, мұғалімнің, жаттықтырушының ақылын жарыс кезінде ести қою мүмкіндігі өте аз).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет