ГрамматикасыАғылшын тілінің практикалық грамматикасы ЕСІМШЕ МЕН КӨСЕМШЕ
Әдетте екі ісәрекеттің алдыңғысы есімшенің жедел өткен шақ формасы арқылы беріледі. Ал сезімді білдіретін «see, feel, hear, come, arrіvіng, enter, turn» т.б. сияқты етістіктер (алдыңғы болған ісәрекет екендігіне қарамастан) жедел өткен шақ формасында келмейді. Having finished his work, he went home (Жұмысын бітіріп, ол үйіне қайтты). Entering the room he understood that the discussion had al ready begun (Бөлмеге кіргенде, ол талқылаудың басталып кеткенін түсінді). Turning to the right she saw a new building of the town council (Оңға бұрылғанда ол жаңадан салынған қала кеңесінің ғимаратын көрді). Есімшенің осы шақ, жедел өткен формаларының ырықсыз етіс формалары бар. Being on a trip in Paris he decided to go sightseeing (Ол Парижде болғанда, қаланың көрнекі жерлерін көруді ұйғарды). Having lost his key he couldn’t open the door (Кілтін жоғалтып алғандықтан, ол есікті аша алмады). Crossing the street he noticed an advertisement (Көшені қиып өтіп бара жатқанда ол жарнаманы көрді). Having been written the letter was sent (Жазылып болғаннан кейін, хат жіберілді). Көсемшенің шақ формасы жоқ. Сабақтас етістіктердің көсем ше формасы ырықсыз етіс мағынасында болады: Typed paper (басылған қағаз), translated article (аударылған мақала), reported news (хабарланған жаңалық). «Exіst, tіe, dіe» т.б. сияқты ырықсыз етіс формасында қолда нылмайтын салт етістіктердің жекедара жұмсалатын көсемше түрі болмайды. «Gone, fallen, drunken, learned, retired, faded, vanished, run- away» т.б. сияқты етістіктер қазіргі ағылшын тілінде сын есім ретінде жұмсалады. Мұндай етістіктердің ісәрекетті білдіретін мағынасы көмескіленіп, құбылыстың сапасын анығырақ білді реді: fallen snow (түскен қар), faded paper (тозған қағаз), learned rules (оқылған ереже), vanished animals (жойылып кеткен аңдар), a retired old man (зейнетке шыққан қарт кісі). Етістіктің осы екі формасы да ағылшын тілінде етістіктің аналитикалық формасының көмекші (құрылымдық) элементі ре тінде кеңінен қолданылады. Есімше (Partcіple І) арқылы созылмалы шақ формалары жасалады. We are learning English (Біз ағылшын тілін үйреніп жүрміз). We were learning English (Біз ағылшын тілін үйреніп жүргенбіз). We shall be learning English (Біз ағылшын тілін үйреніп жүреміз). We have been learning English (Біз ағылшын тілін үйреніп келеміз). Көсемше (Partcіple ІІ) арқылы жедел өткен шақ және ырықсыз етіс жасалады. I have (had) translated the article (Мен мақаланы аударып болдым). They (are) were told (Оларға айтылады/айтылды). жүктеу/скачать 1.05 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |