Грамматикасы


Есімше мен көсемшенің мағынасы мен



бет95/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Есімше мен көсемшенің мағынасы мен сөйлемдегі атқаратын қызметі


Етістіктің есімше, көсемше формаларының грамматикалық та­ биғаты жағынан етістікке, сын есімге, үстеуге тән белгілері бар. Есімше мен көсемшенің етістікке тән белгілері олардың мағынасы мен грамматикалық категориялары арқылы көрінеді. Есімше мен көсемшенің сын есім мен үстеуге тән ерекшеліктері олардың син­ таксистік функциясы арқылы көрінеді (беріледі). Есімше мен кө­ семшенің морфологиялық құрылымы, синтаксистік функциясы жа­ ғынан бір­біріне ұқсамайтын айырмашылықтары бар. Сондықтан олардың әрқайсысын жеке­жеке алып талдап, қарастырған жөн.


ЕСІМШЕ


Есімшенің ерекшеліктеріне назар аударсақ, оның грамматика­ лық формалары жағынан герундиймен ұқсас (синонимдес) екенін көреміз. Есімше мен герундийдің арасындағы айырмашылықтар­ ды олардың мағынасы мен атқаратын қызметіне қатысты анық­ тауға болады. Есімше сын есім сияқты адамды не затты сипаттап немесе екінші бір іс­әрекетті үстеу сияқты анықтап, толықтырып тұратын іс­әрекетті білдіреді. Герундий іс­әрекетті жалпылама мағынада, дәлірек айтқанда, іс­әрекеттің атын білдіреді. Осы тұрғыда ол сын есім мен үстеуге қарағанда зат есімге ұқсас.
Есімше де, герундий де сөйлемде анықтауыш, пысықтауыш қызметін атқара алады. Олардың арасындағы негізгі айырмашы­ лығы – есімшенің алдында шылау келмейді.

  1. Есімше анықтауыш қызметін атқарғанда зат есімнің ал­ дында не зат есімнен кейін келеді.

Өзі анықтайтын сөздің алдында келгенде (жай есімше) есім­ шемен пысықтауыш не толықтауыш келмейді, өзі жеке тұрады.
It was fun for children to see a monkey in the circus (Балаларға циркте маймылды көргені қызық болды).
The moving people have to stop on the street crossing (Жүріп келе жатқан адамдарға көшенің қиылысында тоқтауға тура келді).
He woke up by singing birds outside (Оны ұйқыдан сайраған құстар оятты).
Есімше анықтауыш қызметін атқарғанда өзі анықтайтын сөз­ ден кейін тұрса, әдетте онымен бірге бір немесе бірнеше сөздер тіркесіп, күрделі болып келуі мүмкін.
I notice a man standing in the corner of the street (Мен көшенің бұрышында тұрған адамды байқадым).
Petrov receives engineers working at the factory in the morning (Петров зауытта жұмыс істейтін инженерлерді қабылдайды).
We read a story telling about ancient history. (Біз көне тарихты баяндайтын әңгіме оқимыз).
Students carrying on experiments must give a talk about the results of them (Тәжірибе жұмысын жүргізетін студенттер оның нәтижесі жайлы баяндама жасауы керек).


Еск ер т у. Анықтауыш қызметін атқарғанда есімше осы шақ негіз етіс формасында ғана келеді. Есімше анықтауыш қызметінде жедел өткен шақ формасы не негіз етіс түрінде келмейді. Бұрын болған іс­әрекет қазақ тіліне заттанған есімшенің өткен шақ формасы арқылы аударылады. Күрделі есімше анықтауыш қызметін атқарғанда өзі анықтайтын сөзден кейін тұрып анықтауыш бағыныңқылы сөйлеммен синонимдес болады.



  1. Есімше сөйлемде пысықтауыштың төмендегідей түрлерінің қызметін атқарады:

а) мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады.
Ringing him up I found out that he was ill (Телефон шалғанда, мен оның ауырып қалғанын білдім).
Having packed all his things he called a taxi (Барлық заттарын салып болғаннан кейін, ол такси шақырды).
Not having met for a long time I hardly recognized my school friend (Көп уақыт кездеспегендіктен мен өзімнің мектептес досымды әзер таныдым).
Staying long in this little town she knows everybody by face (Бұл қалада ұзақ уақыт болғандықтан, ол бәрінің түрін таниды).
Мезгіл пысықтауыш қызметін атқарғанда есімше «when, while» жалғаулықтарынан басталатын бағыныңқы сөйлемнің
баяндауышы білдіретін іс­әрекетпен бір уақытта болған (мезгіл­ дес) іс­әрекетті білдіреді.
While travelling in the Siberia he saw many new villages (Сібірді аралағанда, ол көптеген жаңа ауылдарды көрді). I came across many unknown words while translating the article (Мақаланы аударғанда, мен көптеген таныс емес сөздерге тап болдым).

Ескерту. «To be» етістігі есімшенің осы шақ формасында келгенде мезгіл пысықтауыш болмай, себеп­салдар пысықтауыш мағынасын білдіреді.


Being ill he stayed in bed (Ауырып қалғандықтан, ол төсек тартып қалды).
Being out for a long time he felt himself cold (Ұзақ уақыт далада болғандықтан, ол өзінің тоңғанын сезді).
Мезгіл бағыныңқылы сөйлем (менің жас кезімде) ағылшын тілінде
«When I was a child» немесе «In my childhood» конструкциясы арқылы беріледі.

ә) себеп­салдар пысықтауыш қызметін атқарады.


Preparing for test seriously he got an excellent mark (Сынаққа көп дайындалғандықтан, ол емтиханнан бес алды).
Having gained great experience he does his job profession­ aly (Көп тәжірибе жинақтағандықтан, ол өз жұмысын шебер орындайды).
Not having a dictionary he couldn’t translate some words. (Сөздік жоқ болғандықтан, ол кейбір сөздерді аудара алмады).
Working together many years they get friends (Көп жылдар бойы бірге еңбек еткендіктен, олар достасып кетті).
Ауызекі тілде мезгіл, себеп­салдар пысықтауыш қызметін атқаратын күрделі есімшенің орнына мезгіл, пысықтауыш бағыныңқы сөйлемдер келеді.
Travelling a lot in his life he was in many interesting places.
= He saw many interesting places as he travelled much (Көп саяхат жасағандықтан, ол көптеген қызықты жерлерде болды).
б) қимыл­сын пысықтауыш қызметін атқарады.
The writer worked at his book hard and long time not sparing himself (Жазушы өзін де, уақытын да аямастан кітапқа көп еңбек сіңірді).
The audience listened to the lecturer paying attention to the main points of his speech (Тыңдаушылар лектордың сөзінің маңызды жақтарына баса назар аудара отырып тыңдады). He was sitting in his locked room not knowing how to come out of difficulties (Ол өзінің жабық бөлмесінде қиын жағдайдан қалай шығудың жолын білмей отырды).
в) салыстырмалы пысықтауыш қызметін атқарады. Есімше салыстырмалы пысықтауыш қызметін атқарғанда «as іf, as though» жалғаулықтарынан кейін келеді:
He suddenly paused as if thinking about something serious (Ол кенеттен бірдеңе жайлы қатты ойланып кеткендей кідіріп калды).
She looked at me as if disappointing my idea (Ол маған менің ақылымды құптамайтындай қарады).
I felt myself as if falling from my feet (Мен құлап бара жатқандай сезіндім).
He succeeded at the exam as though missing many class­ es (Көп сабақтан қалғанмен, ол емтиханды жақсы тапсырды (емтиханда жетістікке жетті).
They were glad to meet after a long time as though not ex- pecting such a chance (Мұндай мүмкіндікті күтпегенмен, олар көп уақыт өткеннен кейін бір­бірімен кездескеніне қуанды).
г) қазіргі ағылшын тілінде есімше баяндауыш қызметінде сирек қолданылады.
The rate of this firm is loosing (Бұл фирманың деңгейі түсіп барады).
д) «to come» етістігінен кейін келетін қозғалысты білдіретін
«run, jump» т.б. етістіктерде күрделі баяндауыштың құрамдас бөлігі ретінде жұмсалады.
The children came sleeping (Балалар ұйықтап кетті).
In his old age he came retiring (Жасы ұлғайғанда ол зейнетке шықты).
е) Есімше көптеген тұрақты сөз тіркестерінде қыстырма сөз функциясында келеді:
Generally speaking I support his suggestion (Жалпы айтқанда, мен оның ұсынысын қолдаймын).
Frankly speaking it is no use wasting your time such a stupid thing (Ашығын айтсақ, сіздің мұндай түкке тұрмайтын нәрсеге уақытыңызды жоғалтуыңыздың еш пайдасы жоқ).


КӨСЕМШЕ


Басқа заттанған етістіктердің формаларынан көсемшенің айырмашылығы – ол шаққа түрленбейді, яғни оның тек қана бір формасы бар. Көсемше іс­әрекеттен гөрі оның нәтижесін білдіреді. Көсемшенің шақ формасы жоқ, бірақ ағылшын тілінде етістіктің лексикалық мағынасына және контекске байланысты бұрын болған не сөйлемнің баяндауышы білдіретін іс­әрекетпен қатар болған әрекетті білдіреді.
I couldn’t do the task given yesterday (Кеше берілген тапсырманы мен орындай алмадым).
All the questions included on the agenda were considered (Күн тәртібіне қойылған мәселелердің бәрі қамтылды). I was glad to receive an invitation sent by friend (Мен досым жіберген шақыруды алғаныма қуандым).
Сабақтас етістіктердің көсемше түрі ырықсыз етіс мағынасын береді:
connected sides (байланысқан жақтары), discussed prob­ lem (талқыланған мәселе), well-known writers (атақты жазушы).
Әдетте салт етістіктердің көсемше түрі сөйлемде өз алдына жеке мүше бола алмайды. Бірақ «arrived, collapsed, come, de-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет