Грамматикасы


Етістіктің күрделі есімше, көсемше түрлері



бет97/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Етістіктің күрделі есімше, көсемше түрлері


Есімше де, көсемше де абсолютті есімше, көсемше конструк­ циялары (өзінің бастауышы бар) сияқты сөйлемде бастауыш, то­ лықтауыш қызметінде кеңінен қолданылады.

Күрделі толықтауыш


(Есімшелі толықтауыш)
Есімше сөйлемде күрделі толықтауыштың құрамында келіп, толықтауыш қызметін атқарады. Мұндай күрделі толықтауыш атау септігіндегі зат есім не табыс септігіндегі есімдікпен және көсемше не есімшеден тұрады.
а) Сезімді білдіретін «see, hear» т.б. етістіктермен көбінесе есімше келеді.
I saw children playing in the garden (Мен бақшада балалардың ойнап жатқанын көрдім).
She felt somebody touching her hands (Ол өзінің қолын біреудің ұстағанын сезді).
Мұндай конструкцияларда тұйық етістіктер де (инфинитив) келуі мүмкін. Мына сөйлемдерді салыстырып көрейік.
I felt something crawl (Мен бірдеңенің жорғалағанын сездім).
I felt something crawling (Мен бірдеңенің жорғалап бара жатқанын сездім).
Осы екі форманың арасында аздап айырмашылық бар. Инфи­
нитив аяқталған іс­әрекетті білдіреді. Ал есімше аяқталған және аяқталмаған іс­әрекетті де білдіреді, сондықтан тілде жиі қолда­ нылады. Көсемше де осындай конструкцияда келіп, ырықсыз етіс мағынасында жұмсалады.
He saw the car crushed (Ол машинаның қирағанын көрді). I didn’t hear my name called (Мен өзімнің атымды атағанын естімедім).
ә) «Have, want» етістіктерімен көсемше келгенде басқа біреу атқарған, екінші біреуге орындаттырылған іс­әрекетті білдіреді.
I want my coat washed (Мен пальтомды жуғызғым келеді). He must have his car mented (Ол машинасын жөндетуі керек).
She wanted a new dress made (Ол жаңадан көйлек тіктіргісі келді).


КҮРДЕЛІ БАСТАУЫШ


(Есімшелі есім)
Есімшелі күрделі бастауыш атау септігіндегі зат есім не есім­ дік пен есімше не көсемшеден тұрады. Бұл конструкция сөйлемнің біртұтас бір мүшесін құрайды. Сөйлемнің баяндауышы көру­се­ зуді білдіретін «see, hear, feеl, watch, notіce» етістіктердің ырық­ сыз етіс формасында келеді.
A man was seen sleeping in a little boat in the sea (Теңізде, кішкентай қайық ішінде ұйықтап жатқан адам көрінді). The soldier was noticed wounded by enemies (Жау жаралаған солдат байқалды) (Солдатты жау жаралағаны байқалды).
Бұл конструкция әдеби, ғылыми жазба тілде және газет мақалаларында қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет