Күшейтпелі шырайда ілік септігі предлогсыз қолданылады. Оны g e n e t ī v u s p a r t i t ī v u s деп атайды. Мысалы: Fortissĭmus omnium –Барлығының ішіндегі ең батылы
10 Үстеу (Adverbium)
Заттың қимылы мен ісінің мезгілін, жай-күйін, мекенін және сынның белгілерін көрсетеін сөз табын үстеу деп айтады.
Басқа сөз таптары сияқты, үстеудің мағанасында да, тұлғасында да, сөйлемде атқаратын қызметінде де өзіне тән ерекшеліктері бар.
Үстеулер – басқа сөз таптарынан қосымшалар арқылы немесе сөздердің бірігуі арқылы, тіркесу арқылы пайда болып, жаңа бір мағанаға ие болған сөз тобы.
Латын тілінде үстеу сөздер морфологиялық құрамы жағынан екі категорияға бөлінеді. Олар: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.
Қазіргі кезде құрамындағы негіз бен қосымшалардың жігі бөлінбейтін, яғни бөлшектеуге келмейтін үстеулерді негізгі үстеулер дейміз: fere шамалы, ubi қайда, semper ұдайы.
Сын есімнен жасалған үстеулер сын есімнің gen sing.формасындағы жалғауын жұрнаққа ауыстыру арқылы жасалады.
Бірінші топтағы үстеулер I және ІІ септеуге жататын сын есімдердің gen sing.-тағы ī жалғауын ē жұрнағымен ауыстыру арқылы жасалады
Үшінші топғы үстеулерге a c c u s a t i v u s s i n g u l a r i s немесе a b l a t i v u s s i n g u l a r i s формаларында тұрған средний родтағы зат есімдер мен сын есімдер жатады: multum көптеу, primum біріншіден, facĭle жеңілдеу, casu төтенше, multo тым
4. Сөйлемдерді латын тіліне аударыңыз:
1. Ата-анаға (dat.) баладан қымбат ештеңе жоқ
2. Бұл жол ең қысқа жол
3. Ақымақ дос жаудан да қатерлі
4. Ит қасқырға қатты ұқсайды
5. Жазда қысқа қарағанда күні ұзақ, түні қысқа екені белгілі
6. Эдип ең қиын жұмбақты шешкен дейді
7. Күміс алтыннан арзан, алтын күмістен қымбат
8. Отан өмірденнен де қымбат
9. Цицерон рим шешендерінің ең әйгілісі.
10.Барлық галдықтардан ең батыл болғаны бельгилықтар
5. Оқыңыз (Recĭta!):
De Solō et Croeso
Solo, ille sapens, qui leges utilissĭmas Atheniensĭscripsit, terras aliēnas libenter visitābat. Aliquando Croesus, Lydiae rex, Solōnem invitāvit, nam divitias suas viro sapienti ostenděre desiderāvit. Croesus Solōne divitior, sed Solo Croeso sapientior erat. Croesus, qui se ipsum fellicissĭmum putābat (nam divitissĭmus erat), Solōnem interrogāvit: “Quem tu,
vir sapiens, omnium homĭnum felicissĭmum putas?» Solo respondit: «Tellum Atheniensem felicissĭmum puto, nam filios bonos honestosque educāvit et ipse pro patria pugnans morte honestissĭmāvitam finīvit». Alios quoque viros, qui mortem honestam habuěrant, nomināvit; tum rex irātus: «Nonne me felicissĭmu omnium homĭnum putas? Quis enim pulchriōres vestes, splendidiōres gemmas, aedificia ampliōra habet?» «O rex, — inquit Solo,—nunc te divĭtem et regem video, sed felīcem non prius te nominābo, quam vitam bonā et honestā morte finivěris». Hoc responsum minĭme regi placuit, et Solo regnum eius relīquit.
Сөздік
1. Solo, Solōnis — ІІІ септеу, Солон (б.з.д 640 – 560 жылдары өмір сүрген) – жеті грек даналарының бірі, саясаткер, ақын. Б.з.д 594 жылы Афинада елеулі қоғамдық-саяси реформалар өткізген; 2. se ipsum fellicissĭmum putābat - өзін ең бақытты адам деп есептеген; 3. сын есім dives, divĭtis – бай, дәулетті – келесі шырайлары бар: dives, divitior, divitius; divitissĭmus немесе қысқартылған түрі – dives; ditior, ditius; ditissĭmus; 4. te divĭtem et regem video – мен сені бай және патша ретінде көріп тұрмын; 5. minĭme ... placuit – ұнамады, мүлдем ұнамады; 6. carus, a, um - қымбат ; 7. vilis, vilis, vile - арзан; 8. aurum, i - алтын ; 9. argentum, i - күміс; 10. pretiōsus, a, um – қымбат (бағасы жағынан),
жоғары бағалы; 11. fortis, fortis, forte – мықты, күшті; 12. Galli, Gallōrum - галдықтар; 13. Belgae, Belgārum - бельгилықтар
11 Перфект жүйесі
Перфект жүйесіне жататын шақтар: perfectum, plusquamperfectum, futurum II (secundum). Инфект жүйесіндегі шақтардың инфект және перфект формаларының айырмашылығы жалғауында болса, ал перфект жүйесінің актив және пассив формалары толық құрлымын өзгерту арқылы жасалады.
Перфект шақтарының өздік етісі перфект түбірінен синтетикалық жолмен жасалады.
Перфект шақтарының ырықсыз етісі перфект түбірінен аналитикалық жолмен жіктелетін етістіктің participium perfecti passivi формасымен және esse көмекші етістігінің көмегімен жасалады. Participium perfecti passivi формасы супиннан құрылады, сондықтан перфект жүйесінде перфект түбірінен немесе супиннан жасалған формалар деп бөліп отырады. Инфект шақтарында етістіктер төрт жіктеуге бөлініп, олар әртүрлі жолмен жіктелсе, перфект шақтарында барлық етістіктер қай жіктеуге жатса да бірдей жіктеледі.
12 Perfectum indicativi activi
Латын перфект формасының екі түрлі мағанасы бар:
а) Перфект қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта аяқталғанын көрсетеді, оны p e r f e c t u m h i s t o r i c u m деп атайды. Мысалы: Vēni, vidi, vici -Келдім, көрдім, жеңдім (Юлий Цезардың боспор патшасы Фарнакты тез жеңгені жөніндегі хабары). Бұл сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта қысқа мерзім ішінде орындалғанын бір ғана факт хабарлап тұр. Ego semper illum appellāvi inimīcum meum - Мен оны ылғи менің жауым деп атайтынмын. Мында да қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта болғаны көрсетіледі, бырақ ұзақ уақыт бойы орындалғанын ылғи (semper) үстеуі арқылы көрсетіледі.
б) Перфект қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта орындалып, қазіргі кезде орындалып жатқандығын білдіреді. Оны p e r f e c t u m p r a e s e n s деп атайды. Мысалы: consuēvi – менің әдетім (қазір де сол өткендегі әдетті сақтаймын); sibi persuāsit – оның көзі жетті (қазір де сенеді). Көбінесе мұндай мағаналар перфектті ырықсыз етіс формасында береді: illud mare Aegaeum appellatum est – Бұл теңіз Эгей теңізі деп аталған (қазір де солай аталады). Латын перфектісінің осындай мағаналары батысеуропа тілдерінде қазір де кездеседі.
Perfectum indicativi activi перфект түбіріне арнайы жалғаулар жалғау арқылы жасалады. Жалғаулар барлық төрт жіктіктегі етістіктерге бірдей. Етістіктердің Perfectum indicativi activi формасы перфект түбіріне төмендегі жіктік жалғауын жалғау арқылы жасалады:
-
Жақ
|
Singularis
|
Pluralis
|
1
|
-ī
|
-ĭmŭs
|
2
|
-ĭstī
|
-ĭstĭs
|
3
|
-it
|
-ērunt
|
Еске саламыз, перфект түбірі І жақ жекеше түрде тұрған Perfectum indicativi activi -дің –ī жалғауын алып тастау арқылы анықталады.
Numerus
|
Persona
|
orno, ornāvī, ornātum, ornāre - әшекейлеу
|
Sing.
|
1
2
3
|
ornav - ī
ornav - ĭstī
ornav - it
|
мен әшекейледім
сен әшекейледің
ол әшекейледі
|
Pl.
|
1
2
3
|
ornav - ĭmŭs
ornav - ĭstĭs
ornav - ērunt
|
біз әшекейледік
сендер әшекейледіңдер
олар әшекейледі
|
Есте сақтаңыз, перфект түбірі етістіктерде біркелкі емес, алты түрлі жолмен құрылады:
І және IV жіктеуге жататын етістіктерде перфект түбірі -vī –ға аяқталады (v жұрнағы мен ī жалғауы инфект түбіріне жалғану арқылы жасалады). Мысалы: orno, ornāvī, ornātum, ornāre 1 - әшекейлеу; audio, audīvi, audītum, audīre 4 - тыңдау
ІІ жіктеуге жататын етістіктердің көбісінде перфект түбірі -uī –ға аяқталады (u жұрнақ + ī жалғау). Бұл жерде инфект түбіріндегі соңғы –ē дауысты әрпі түсіп қалады. Мысалы: moneō, monuī, monĭtum, monēre 2 – сендіру; doceō, docuī, doctum, docěre 2 – оқыту
ІІІ жіктеуге жататын етістіктердің көбісінде перфект түбірі -sī –ға аяқталады (s жұрнақ + ī жалғау). Бірақ s - жұрнағының алдындағы дауыссыз әріптер өзгеріске ұшырайды. Тіл арты дауыссыз g s және t әріптерінің алдында тұрса қатаңданады, с [k] дыбысы s дыбысымен қосылып, x дыбысымен белгіленеді. Мысалы: duco, duxi ( duc + si), ductum, ducere 3 – жетелеу; rego, rexi (reg + si), rectum (reg + tum), regere 3 – билік жүргізу; Ұяң b дыбысы s және t әріптерінің алдында тұрса қатаңданады. Мысалы: scribō, scripsī (scrib + si), scriptum, scriběre 3 – жазу.
Тіл алды d және t дауыссыздары s – дыбысының алдында ассимиляцияға ұшырайды. Мысалы: mittō, misī (mit + si), missum, mittěre 3 – жіберу, жөнлту, жолдау
Біршама етістіктердің перфект түбірі инфект түбіріне жұрнақ жалғау арқылы емес, түбірдегі дауысты дыбыстың ұзақ дыбысқа ауысуы арқылы жасалады. Мысалы: videō, vīdī, visum, vĭdēre 2 - көру
mŏveō, mōvī, mōtum, movēre 2 – жылжыту, қозғау
legō, lēgī, lěctum, legěre 3 - оқу
veniō, vēnī, věntum, věnīre 4 - келу
Берілген етістіктердің:
-
Инфект түбірі
|
Перфект түбірі
|
vĭdē-, movē-, legě-, věnī-
|
vīd-, mōv-, lēg-, vēn-
|
Егер түбірде ă тұрса, жаңа ē тудырады. Осы жолмен жасалған перфект үндіеуропа тілінен келген дауыстылардың орын ауыстырылуы деп аталады. Қазіргі кезде неміс және ағылшын тілдерінде кездеседі. Ондай өзгеріс келесі жиі кездесетін етістіктерде:
ăgō,
ēgī, actum, ăgěrě
қуу
căpiō, cēpī, căptum, căpěrě алу
făciō, fēcī, făctum, făcěrě істеу
jăciō, jēcī, jăctum, făcěrě тастау
-
Инфект түбірі
|
Перфект түбірі
|
ăgě-, căpĭ -, făcĭ -, făcĭ -
|
ēg-, cēp-, fēc-, jēc-
|
Кейбір латын етістіктері үндіеуропа перфектісінің жасалуының көне формасын сақтаған, яғни бастапқы дауыссыздың қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы:
dō, dedī, dătum, dărě беру
mordeō, momordī, morsum, morděrě тістеу
currō, cucurrī, cursum, currěrě жүгіру
ІІІа жіктеуіне жататын етістіктердің бірқатарынның префект түбірі етістік түбіріне ұқсас. Мысалы:
statuo, statui, statutum, statuěre 3 қою
verto, verti, versum, vertěre 3 айналдыру
Көмекші етістік esse Perfectum indicativi activi формасында
-
Жақ
|
Singularis
|
Pluralis
|
1
|
fu–ī мен болғанмын
|
fu–ĭmŭs біз болғанбыз
|
2
|
fu–ĭstī сен болғансың
|
fu–ĭstĭs сендер болғансыңдар
|
3
|
fu–it ол болған
|
fu–ērunt олар болған
|
Жаттығулар
1. Келесі етістіктерді imperfectum indicativi activi және perfectum indicativi activi формаларында жіктеңіз:
deleo 2
бұзу, қопару; pono 3
қою. respondeo 2
жауап беру;
duco 3
жетелеу
2. Етістіктердің формасын анықтап, қазақшаға аударыңыз:
fuistis, affuistis, potuistis, fē respondi, misērunt, expugnavērunt; putavěrat, conscripsěrat, scripsĭmus, potuerĭmus, collocavěrint, interfuěrint, tulērunt; prodiit, voluisti, voluěras.
3. Өздік етісте тұрған сөйлемдерді ырықсыз етіске алмастырыңыз, құрастырған сөйлемді қазақшаға аударыңыз:
a) Milĭtes montem capiunt. б) Graeci monumenta exstruēbant.
4. Оқып аударыңыз:
De Aenēa
Graeci diu Troiam urbem oppugnavērunt; decĭmo anno Troiam expugnavērunt. Aenēas, unus e principĭbus Troianōrum, cum patre sene et filio parvŭlo et cum sociis naves conscendit et post multos et longos errōres in Italiam advēnit. Rex Latīnus Aenēan in hospitium accēpit et filiam Laviniam in matrimonium ei dedit. Sed primum Troiāni cum Rutŭlis pugnābant, Latīnus enim antea Laviniam Turno, Rutulōrum princĭpi, in matrimonium dare promīsit. Aenēas oppĭdum Lavinium (condĭdit) et filius eius, Ascanius, Albam Longam condĭdit. Ea gente Romŭlus, condĭtor Romae, fuit.
Сөздік
1. oppugno, oppugnāvi, āre –
шабуылдау; 2. ex-pugno, expugnāvi, āre – басып алу; 3. conscendo, conscendi, ěre – көтерілу; 4. navem conscendere – кемеге отыру; 5. ad-venio, adveni, īre – жету, келу; 6.
accĭpio, accēpi, ěre – алу, қол жеткізу; 7. do, dedi, dare – беру; 8. pro-mitto, protmsi, ěre – сөз беру; 9. condo, condidi, ěre – негізін салу, қалау; 10. ea gente … fuit – осы рудан тараған.
5. Мәтінді оқыңыз, мәтіндегі етістіктерді талдап, аударыңыз:
De puero mendaci
Puer, custos ovium, saepe per iocum auxilium rogavit magna voce clamans: «Auxilium mihi date! Lupus adest!» Vicīni auxilio veniēbant, sed lupum non vidēbant, et puer eos irridēbat. Aliquando lupi re verā in oves irruērunt, et puer, ut antea, clamāvit: «Lupi adsunt! Auxilium mihi date!» Sed nemo puěri mendāci credĭdit neque ei auxilium dedit, et lupi multas oves arripuērunt.
Сөздік
1. mendax, mendācis - өтірікші; 2. custos ovium – шопан; 3. iocus, i
m -әзіл; 4. auxilium, i
n - көмек; 5. magnā voce –
қатты дауыстап; 6. vicīni – көршілер; 7. auxilio venīre – көмекке келу; 8. аliquando – бірде, бір күні; 9. vere – шынымен; 10. ovis, ovis
f - қой
13 Plusquamperfectum indicativi activi
Қазақ тілінде біреуден естіп барып, содан кейін хабарлап тұрған немесе бұрын көргенін бөгеліп барып хабарлап тұрған етістіктің өткен шағын бұрынғы өткен шақ дейміз. Ал Plusquamperfectum қимыл, іс-әрекеттің өткен шақта аяқталғанын, және қимыл, іс-әрекетттің өткен шақта басқа қимыл, іс-әрекеттен бұрын орындалғанын көрсетеді.
Plusquamperfectum indicativi activi перфект түбіріне –
ěrā жұрнағын және imperfectum activi –дің жақтық жалғаулары арқылы жасалады. Жалғаулар барлық төрт жіктіктегі етістіктерге бірдей.
Numerus
|
Persona
|
orno, ornāvī, ornātum, ornāre - әшекейлеу
|
Sing.
|
1
2
3
|
ornav -ěrā - m
ornav -ěrā - s
ornav -ěrā - t
|
мен әшекейлегенмін
сен әшекейлегенсің
ол әшекейлеген
|
Pl.
|
1
2
3
|
ornav -ěrā -mus
ornav -ěrā -tis
ornav -ěrā- nt
|
біз әшекейлегенбіз
сендер әшекейлегеңсіңдер
олар әшекейлеген
|
Көмекші етістік esse Plusquamperfectum indicativi activi формасында
Жақ
|
Singularis
|
Pluralis
|
1
|
fu-ĕrām мен баяғыда болғанмын
|
fu-ĕrāmus
|
2
|
fu– ĕrās
|
fu-rātis
|
3
|
fu– ĕrăt
|
fu-ĕrant
|
14 Futurum II (secundum) indicativi activi
Futurum II (secundum) indicativi activi болашақта істің басқа істің алдында істелетінін көрсетеді.
Futurum II (secundum) indicativi activi бірінші жақта жекеше түрде – ěr жұрнағы, қалған барлық жақтарда жекеше мен көпше түрлерде –ěrĭ жұрнағы арқылы және осы шақтың өздік етісінде қолданылатын жалғаулар арқылы жасалады.
Numerus
|
Persona
|
orno, ornāvī, ornātum, ornāre - әшекейлеу
|
Sing.
|
1
2
3
|
ornav -ěr - o
ornav -ěrĭ - s
ornav -ěri - t
|
мен әшекейлеймін
сен әшекейлейсің
ол әшекейлейді
|
Pl.
|
1
2
3
|
ornav -ěrĭ -mus
ornav -ěrĭ -tis
ornav -ěrĭ- nt
|
біз әшекейлейміз
сендер әшекейлейсіңдер
олар әшекейлейді
|