“Гуманитарлық білім” факультеті “Педагогика және психология” кафедрасы



бет4/7
Дата14.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#135387
1   2   3   4   5   6   7
Қолданылатын әдебиеттер тізімі

1.Қ Бержанов, С. Мусин. Педагогика тарихы. Алматы-1986ж.

2.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.

3.Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.

4.Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.

Қосымша:

5.Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті.

Педагогика. Алматы-2003ж.

6.М. Жұмабаев. Педагогика Алматы-1992ж.

7..И.П. Подласый. Педагогика.Москва –2000ж.

8.ҚР Білім беру туралы заңы. Астана-2000ж.

9. Ж. Баласағұн . “Құтты білік” Алматы-1986ж.

10. Д. Әшімханов Әл-Фараби және Абай. Алматы 1992ж.

11. Л. И. Литвина История дошкольный педагогики. Москва 1989ж.

12.М. Жармұхамедов. Ы. Алтынсарин тағылымы. Алматы 1991ж.

13.В.А. Сухомлинский: Ата-ана педагогикасы. Алматы 1983ж.

14. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім -тәрбиесі. Алматы 1995ж.

15.В. А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. Алматы 1976ж.

16. Ы. Дүйсенбаев. Абай Құнанбаев. Алматы 1977ж.

17. Қ Жарықбаев. Аталар сөзі-ақылдың көзі (XV-XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ақын жыраулардың тәрбиелік пікірлері.)

18. С. Қалиев. XV-XIX ғасырлардағы ақын- жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ой- пікірлер. Алматы 1990ж.

19. С. Әсілов. Ы. Алтынсарин ұлы ағартушы. Алматы-1983ж.

20. С. Қалиев. Ш. Құдайбердіұлының педагогикалық ой- пікірлері.

Қазақстан мектебі №3 1993ж.

21. Ә. Табылдиев. Этнопедагогика. Алматы 2001ж.

22. С. Қалиұлы. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы 2003ж.

23. М.Әуезов. Қазақ халөқыныңи жұмбақтары. Алматы 1959

24. Әл Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы 1973

25. Қазақ совет энциклопедиясы. 1- 12 томдары .Алматы 1972

26. Қазақ әдебиет тарихы. 2 – том. Алматы 1961

27. Л.Н.Толстой. Педагогические сочинения. Москва 1989

28. А.Құнанбаев. Шығармалары 2 томтық. Алматы 1968

29. Ш. Құдайбердиев. Шығармалары . Алматы 1988

30. Ш.Құдайбердиев. Үш анық. Алматы 1991

31. А.Байтұрсынов. Шығармалары. Алматы 1989

32. М.Дулатов. Шығармалары Алматы 1991

33. М.Жұмабаев. Таңдамалы шығармалары. Алматы 1992

34. Ә.І.Сембав. Қазақ совет мектебінің тарихы Алматы 1967

35. В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. Алматы 1976



ОБСӨЖ сабақтары
1-тақырып Ұлы Түркi қағанаты және оның жазба мұралары

Жоспар:

  1. Еуразия құрлығындағы Сақ, Ғұн дәуiрiндегi жауынгерлiк тәлiм-тәрбие.

  2. Таяу және Қиыр Шығыс ежелгi мемлекеттерiндегi (Египет, Израил-Иудей патшалығы,

Иран, Сирия, Палестина, Үндi және Қытай) тәлiм-тәрбие мен мектептер


  1. Еуразия құрлығындағы Сақ, Ғұн дәуiрiндегi жауынгерлiк тәлiм-тәрбие.

Тарихшы ғалымдардың (Гумилев Л.Н., А.Бахти, т.б.) топшылауынша, шумерлер Еуразия даласына бiздiң дәуiрiмiзден бұрынғы Х ғасырда келген. Олар жергiлiктi көшпелi тайпалармен араласып, жергiлiктi халықтың ықпалына түсiп, қатаң климаттық жағдайларды, тайпааралық соғыстарды бастарынан өткiзген жауынгер көшпелi тайпа – сақтарға сiңiп кеткен. Сақтар болса, Еуразия Ұлы даласында Дунайдан Енисейге дейiнгi аралықта б.з.д. VII-III ғ.ғ. байлыққа кенелген күштi мемлекет құрды.

Бiздiң заманымыздан бұрынғы үшіншi мыңжылдықтың басында Еуразия даласында, Қазақстан мен Орталық Азия жерiнде, төменгi Едiл мен Алтайда, Батыс Сiбiр мен Шығыс Азияда алтайлық тайпалар өмiр сүрдi. Андроновтар мәдениетiнiң даму шағында алтайлықтар арийлiктердiң қалдырған мәдениетi мен шаруашылығын игерiп, олар дәндi дақылдарды егумен қатар, өмiр тiршiлiгiнiң көзi – мал шаруашылығы, негiзгi асы – сүт тағамдары болған.

Сонымен бiрге бұл тайпалардың қолөнермен шұғылданғанын айқындайтын әшекей бұйымдар: мыс бiлезiктер, алтын жалатқан жүзiктер, шолпы, сырғалар, т.б. табылған. Бейiттерден табылған түрлi қарулар: қола шоқпар, балталар мен қылыштар, садақ пен жебелер, темiрден жасалынған арба дөңгелектерi, т.б. қолөнердiң белгiлi дәрежеде дамығандығы және оған балалардың үйретiлгендiгi туралы деректер бередi.

Б.з.д. Х-V ғасырларда Хуанхэ өзенiнен Едiл мен Дунайға дейiнгi аралықты, тарихи жәдiгерлер нақтылағандай, парсыларша – “сақ”, гректерше “скиф” деген атпен белгiлi болған түркi тiлдес тайпалар мекендеген. Олар Қытай шежiрелерiнде айтылғандай, көк көздi, сары шашты он тайпадан құралған. Сақ тайпаларының құрамына: массагет, яксарт, дай (дахи), фарат, комар, асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспилер енген. Әр тайпаның өз билеушісі – ханы болған. Хандар үлкен құрметке бөленген. Хан қаза болса, оның өлігін арбаға салып ел аралатқан. Өлікті көрген бұқара халық қатты қайғырып, өз құлағын кесіп, шаштарын жұлып, бетін жыртып, көзін тырнаған. Сол қолын оқпен тесетін болған. Қаза болған хан үлкен қорғанға жерленген. Өлікпен бірге алтын, күміс ыдыс-аяқтар, қару-жарақтар, жорыққа мінетін аттары қоса көмілген. Тіпті ханның ханымы мен қызметшілері де өлтіріліп, онымен бірге жерленетін жоралғылар болған.

Кей деректерде ежелгi сақтардың бiр тармағы б.з.д. 8-7 – мыңжылдықтарда қазiргi Батыс Үндi, Ауған, Пәкiстан, Шығыс Иран жерлерiн алып жатқан Сақастан (немесе Дрангиана, орта ғасырлар кезiнен 1872 ж. дейiн Систан) елiнiң негiзiн құрағандығы жайлы айтылады.

Сақ мемлекетi құл иеленушi мемлекет ретiнде б.з.д. II ғасырда – Скипур және Палак патшалығы тұсында толықтай қалыптасты. Сақтардың өркендеу дәуiрi кезiнде, көне түркi тектес елдер арасында руханияты мен имандылығы жоғары болғандығын және “… тәрбиелеу, жазу-сызу мәдениетiнiң өз заманындағы басқа халықтардың арасында шоқтығы биiк ел екендiгiн адыгей халқының байырғы “Наргхэр” (Нарты) деп аталатын эпосынан кездестiремiз”, – деп зерттеушi С.Оспанов жазады.

Солтүстiк Кавказды мекендеген адыгейлер б.з.д. 2 – мыңжылдықтары темiр өндiрудi сақтардан үйренген. Байырғы кавказдық халықтармен салыстырғанда ол кездегi сақтар бiлiм мен тәрбие мәселесiне келгенде көш iлгерi болған. Соны мойындап, кавказдықтардың ауқатты отбасылары балаларын сақтарға, “аталықтарға” тәрбиеге берген. Бұл үрдiс ұзақ жылдарға созылған, өйткенi сақтар сол аралықта байырғы түркi тектi халықтармен қарым-қатынаста болған. Тәрбиелеу кезiнде көне түркiлер де, сақтар да балаларды еркелетiп, “қан” (“хан” немесе “қаған”) деп, үлкендер тәрбиешiні “атасы”, ал балалар “дәде” деп құрметтеп атаған. Бұл жерде “дада” сөзiнiң жоғарырақта келтiргендей шумерлердiң тiлiнде де кездесетiндiгi кездейсоқ емес .

Сақтар ата-бабалар аруақтарына, аспан денелеріне, күн көзіне табынған. Оған жылқы сойып құрбандық беретін болған. Ал отырықшы сақтар жерді “ана тәңірі” деп табынған. Олар соғыс тәңіріне де сыйынып, қылышты жерге шаншып қойып, оның үстіне сүт немесе қан құйып тәуіп еткен.

Сақтар үй жануарлары өнiмдерімен, балық және сүт тағамдарымен қоректендi. Тұрақты жерлерi жазық болғанымен, кейбiр сақ тайпалары егiншiлiкпен айналыспай, көшпелi өмiр сүрiп, мал бағып, балық аулап, тiршiлiк еткен. Бұл халықтардың тұрмыс-салты, зираттары ортақ, мiнез-құлықтары бiрдей, дөрекiлеу, бiрақ жауынгер, турашыл, айтқан сөздерiнде тұрушы, уәдесiнен ешқашан да айнымайтын және ат құлағында ойнайтын қайсар халық болған.

Сақтар өздері тұтынатын құралдарына: қару-жарақ, ыдыс-аяқ, т.б. нәрселерге мал мен аңдардың (қошқардың, текенің, аттың, түйенің, арыстан мен аюдың т.б.) суреттерін салып әшекейлеген. Қанжардың сабы, ошақтың бұты, айылбас, т.б. заттарды әртүрлі хайуанаттарға ұқсатып жасаған. Жартастарға аңшылық, малшылық тұрмысты бейнелейтін суреттер мен діни ұғымды білдіретін бейнелерді салатын болған. Бұндай суреттер Алтай, Тянь-Шань, Тарбағатай тауларында күні бүгінге дейін жиі кездеседі.



  1. Таяу және Қиыр Шығыс ежелгi мемлекеттерiндегi (Египет, Израил-Иудей патшалығы, Иран, Сирия, Палестина, Үндi және Қытай) тәлiм-тәрбие мен мектептер

Ерте кездегi Таяу Шығыс (Египет, Месопотамия, Сирия және Палестина) өркениет адамзат қоғамының даму тарихы мен мәдениетiне ерекше ықпал жасады.

Антикалық кезден бастап Шығыс пен Батыстың байланысуына және Батыс өркениетiнің қалыптасуына Шығыстың тигiзген әсерi орасан зор болды. Сол себептен де ертедегi Таяу Шығыстың білім беру практикасын тыңғылықты зерттеу дүние жүзi тарихи - педагогикалық үрдiстiң тұжырымдамасын жасауға негiз болды. Ертедегi Таяу Шығыстағы мемлекеттердiң экономикалық-шаруашылық өмiр тiршiлiгiнде б.з.д. II-I мыңжылдықта елеулi ілгерілеу байқалды. Осы кездерде мектептердiң пайда болып дамуы мемлекеттiң оған деген қажеттiлiктерiнен туындаған. Алғашқы кездерде Таяу Шығыстағы мемлекеттiк саяси жүйенiң қалыптасуына байланысты оның дамуына бiлiм ұйытқы құралы ретiнде қаралғандығын байқауға болады.

Ежелгi Египеттегi патшалық кезеңде (б.з.б. 2800-2250 ж.ж.) отбасының тәрбие дәстүрi негiзiнде шенеунiктердi даярлау формасы тұрақты қалыптаса бастады. Тәжiрибелi шенеунiктер даярлауда қабiлеттi басшы болуға лайықты деген жеткiншектерден топ құрып, олардың басқару дағдысымен, құжаттар толтыру iстерiмен таныстырып, адамгершiлiк және рухани құндылықтарын қалыптастырып отырған.

Әрине, жинаған шәкiрттерiнiң санына байланысты жетекшiлiк жасайтын шенеунiктiң абырой-атағы қандай деңгейде екендiгi байқалады. Ауқатты отбасылардың балалары таққа жақын ақсүйектердiң балаларымен бiрге фараон (Египет) сарайларында тәрбиелендi. Сарай жанындағы тәрбиеде дене және әскери жаттығулар (жүзу, садақ ату, қашыққа жүгiру, атқа жегiлген екi дөңгелектi арбаны игеру, т.б.) ерекше орын алған. Сонымен қатар, оқу мен жазуға оқушыларды үйретiп, мiнез-құлық ережелерiн сарайда ұстануға дағдыландырылды.

Орта патшалық дәуiрiнде шамамен б.д.б. 2050-1700 жылдары Египетте мемлекеттiк басқарудың қалыптасуымен байланысты бiлiмдi адамдар қажеттiлiгiне орай мектептер ашылып, оқушылар жасына және бiлiм деңгейлерiне қарай топтарға бөлiндi.

Орта және жаңа патшалықтардағы мектептерде оқитын кедей отбасы балалары да ұшырасады. Өйткенi, мемлекеттiк билiкке қызмет ету орындаушы мiндетiн атқаратын қолөнершi және кедей отбасы балаларынан шенеунiктер даярлау және олар мектепте оқығандары үшiн мемлекет алдында қарыздар болатын. Египеттегi жалпы бiлiм беру алдында тұрған мақсат - хатшы даярлау едi.

Қарапайым халықтар арасында хат танудың ерекше қолданыс табуы мемлекетте жүргiзген шаруашылықтарының сұранысынан және хатшы мен дiн қорғаушыға деген қажеттiліктен туындайды. Қыз балалар жазу, оқуға үйретiлмей, мектептерге тартылмады, бiрақ олардан бишiлер мен әншiлердi дайындау мақсатымен арнайы кәсiби мекемелер ашылды.

Ежелгi Египеттегi мектеп бiлiм жүйесi екi басқыштан тұрды.



Бiрiншi саты – элементарлық мектеп. Осындағы кiшi жастағы балалар оқу мен жазуды игергеннен кейiн, бiрнеше жылдардан соң тәжiрибе жинақтаған жеткiншектер шенеунiктерге “көмекшi” ретiнде қабылданып, олар балалармен жүргiзген жұмыстарын қорытып, iс-тәжiрибелерiн мектеп “Ережелерiне” енгiзiп оқу материалдары ретiнде пайдаланды.

Екiншi саты – ежелгi Египеттегi бiлiм берудiң жоғары сатысында арифметика мен геометрияға (жер ауданын есептеу, құрылыс материалдарының көлемiн анықтау, т.б.) ерекше көңiл бөлiнген. Аталған пәндердiң теориялық мәселелерiне назар аударудан гөрi, классикалық мәтiндердi, мысалдарды жаттау, практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру мектеп жұмысының негiзi болып саналған. Сөйтiп, ежелгi Египет мектептерiнде алғашқы күндерден бастап математикаға ерекше көңiл бөлiнген.

Египетте отбасы тәрбиесiнiң ықпалы басым болған. Мектептерде мұғалiмдi “әке”, оқушыны “ұлым” деп есептеу тәжірбиеге енген.

Мұғалiм сөйлемдi дауыстап айтса, оқушылар оны бар дауыстарымен қайталаған соң, саз балшықтан жасалған ыдыс-аяққа немесе тақтаға жазып түсiрген. Содан кейiн, қателердi жөндеу, жазылған жазуды дауыстап оқу, оқу барысында оқушылардың тыныш отыруы талап етiлген. Ережелерде көрсетiлгендей “қолыңмен жаз, ауызша оқы” деген ұстанымдар мұғалiмдер тарапынан қайталанып отырылған.

Ежелгi Мысыр патшалығындағы ойшылдар Диедефхор мен Птахотеп (б.з.д. бiрiншi мыңжылдық) және эллинизм дәуiрiндегi (б.з.д. II-I ғ.ғ.) белгiлi авторлардың шығармаларынан үзiндiлердi мектептер үшiн оқыту материалдары ретiнде мұғалiмдер құрастырып, “Ақыл-кеңес” жинағына енгiзген. “Ақыл-кеңесте” өмiр сүрудiң жөн-жобасымен қатар, адамдардың тiршiлiк қызметтерi (тоқыма, әскери, шаруашылық, кеме жасау, хатшылық т.б.) ақпараттар, жазба мәтiндердiң ой қисыны, мәнерi, әртүрлi құжаттар (мәлiмдеме, хат, хаттама, т.б.) үлгiлерi, оқушылардың мiнез-құлықтарына қойылатын талаптар (тиянақтылық, ұстамдылық, мейiрiмдiлiк, т.б.) орын алады. Көптеген ережелер мазмұндық жағынан алғанда оқушы мен мұғалiмнiң өзара сөйлесуі, сырласуы ретiнде жазылған.

Сонымен қатар мектепте оқушыларды әскери атақтармен, қару-жарақтармен таныстыру, жағрапиялық атаулар, техникалық терминдер, тау-тас, өсiмдiк, жан-жануардың аттарын жаттап алуға, есте сақтауға тәрбиелеген.

2-тақырып К.А. Гельвеций мен Д. Дидроның педагогикалық көзқарастары.

Жоспар:


  1. К.А.Гельвецидің қызметі мен педагогикалық идеялары.

  2. Д.Дидроның педагогикалық қызметі мен теориясы




  1. К.А.Гельвецидің қызметі мен педагогикалық идеялары.

Клод Адриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары. ХVII ғасырдың ортасы мен ХVIII ғасырдың аралығында Англиядағы революция және ұлы Француз революциясы дәуiрi болып есептелiндi. Олардың жалпы еуропалықтар үшiн мәнi – жаңа заман қоғамның ұстаған бағыт-бағдары – бостандық, теңдiк және бауырластық адамның табиғи сұраныс құқығы деп есептелдi. Өйткенi, француз ағартушылары өздерiне тән зор сенiммен жаңа заманның, яғни мәңгi ақыл-сананың үстемдiк құру кезеңiн күттi. Француз ағартушыларының iшiндегi педагогикалық көзқарастарымен танымал болған К.А.Гельвеций (1715-1771) мен Дени Дидро (1713-1784) болды.

К.А.Гельвецийдiң ойынша барлық адамдардың табиғи қасиеттерi тең рухани қабiлеттiкпен туады, адамды адам ететiн тек қана тәрбие дейдi. Азаматтардың барлығы бiрдей болатын тәрбиенiң бiртектi мақсат-мiндеттерiн анықтау, жан-жақты тәрбиелеу қоғам алдындағы басты парыз деп есептейдi. Осындай тәрбие арқылы бүкiл қоғамды дұрыс жолға саламыз, көпшiлiк адамдардың тұрмысын жақсартып, балаларын жаңа негiзде қалыптастырып, өз жеке басы мен ұлт қамқорлығын байланыстыра бiлетiн патриоттарды тәрбиелеймiз деген пiкiрдi ұсынды.

Екiншiден, К.Гельвецийдiң педагогикалық идеясы балаларды сословиелiк тәрбие беру мақсатынан мүлдем өзгешiлiгiмен сипатталады және тарихи жағынан алғанда бұрынғылардан көп iлгерi екенiн байқаймыз.

К.Гельвеций тәрбиенi шексiз құдiреттi, тек тәрбие арқылы әлеуметтiк құрылысты да өзгертуге болады деп есептедi.

Дени Дидро өзiнiң “Гельвецийдiң “Адам” атты шығармасына жүйелi түзетулер” деген еңбегiнде тәрбиенi ерекше дәрiптеген, оның мүмкiндiгiн шектен тыс деп қарастырған. Гельвеций көзқарасын сынға алды. Ол тәрбиенiң адамға жасайтын ықпалына жете мән бермедi, адам табиғаты өзгермейтiн абстрактiлiк зат деген түсiнiкте болды.

Гельвеций мен Дидро өздерiнiң педагогикалық еңбектерiнде схоластикалық оқу мен дiни үстемдiктердiң болашағы жоқ, сондықтан мектептердi дiннен бөлiп, тәжiрибеге негiзделген жаңа ғылым мен ақыл-ой тәрбиесiне бағытталып, жан-жақты адамды қалыптастыруы керек деп түйiндейдi. Мектеп діннен ажыратылып, мемлекетке берілуі қажет деп есептеді.

Бұлар балаларға жаңа ғылымға негiзделген ақысыз бiлiм беру ұстанымдарын ұсынып, оқу материалдарының кеңейтiлген түсiнiктi жатық тiлмен берiлуiн талап еттi.

2. Д.Дидроның педагогикалық қызметі мен теориясы

Францияда ұлы буржуазиялық революцияны идеялогиялық жағынан сол дәуірдің атақты ойшылдары , ағартушылары әзірледі.

1751 жылы ХVIII ғасырдың көрнекті материалист – философы

Д. Дидроның реакциясымен “Француз энциклопедиясы” шыға бастады. Энциклопедия феодализмге қарсы бағытталған күрестің идеялогиялық орталығына айналды, ол шіркеуді де, феодалдық тәртіптің негізін де сынап отырды.

Энциклопедияның айналасына сол кездегі революцияшыл буржуазия инттелигенциясының көрнекті өкілдері философтар мен жазушылар топтасты.

Атақты француз ағартушылары Дидро, Гольбах, Даламбер, Вольтер, Руссо т.б. феодализмнің тірегі болып саналған дінге, феодалдық құрылысқа, феодалдық идеялогияға қарсы келіспес күрес жүргізді.

Француз ағартушылары жаңа заманның, мәңгі ақыл - санасының үстемдік құратын кезеңін күтті. Француз материалистерінің ішінде педагогикалық көзқарастары кеңірек баяндалғаны Гельвеций мен Дидро болды.

Олар тәрбиенің зор күшіне сенді, оларша жаңа адамды тәрбиелеу арқылы бүкіл әлемді, қоғамды қайта өзгертуге болады, ағарту ісінің нәтижесінде жалған әдет – ғұрыптар, ескінің қараңғылығы жойылады, бүкіл феодализмге тән кертарпалық алысталынады делінді.

Тәрбие жөніндегі Гельвеций көзқарастарының негізгі принциптерін Д.Дидро (1713 – 1784) қолдады.

Бірақ Дидро өзінің “Гельвецийдің “Адам” атты шығармасына жүйелі түзетулер” – деген еңбегінде тәрбиенің күші мен мүмкіншілігін шектен асыра құдіретті көрсеткен Гельвеций көзқарастарына қарсы шығып баланың табиғи ерешеліктері мен қабілеттерін мойындады.

Сөйте тұра Дидро да тәрбиенің ролі мен орны жөніндегі мәселені дұрыс шеше алмады. Ол адам табиғатын өзгермейтін абстрактылық зат деп есептеді.
ЭССЕ

(студенттің сабақта қарастырған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеяларымен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің өзіндік «Мен» көрініп тұруы крек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе- ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)
3-тақырып И. Гербарттың педагогикалық теориясы.

Жоспар:


  1. И.Гербарт тәрбиенің мәні мен мақсаттары және міндеттері туралы.

  2. И.Гербарттың адамгершілік тәрбие туралы пікірі




  1. И.Гербарт тәрбиенің мәні мен мақсаттары және міндеттері туралы.

И.Ф.Гербарттың педагогикалық идеялары. Германияда дүниеге келген Иоганн Гербарт (1776-1841) алғашқыда латын мектебін бітіргеннен кейін Иен университетін аяқтаған. Ол Кенигсберг университетінде профессорлық қызметімен қатар педагогикалық жұмыспен айналысты. Жалпы И.Гербарттың педагогикалық идеяларын өзінің жазған шығармаларында (“Тәрбие мақсатындағы жалпы педагогика”, “Психология оқулығы”, “Психологияны педагогикада пайдалану туралы хаттар”, “Педагогика лекцияларын оқу”, т.б.) айқындалған және кейінгі дүниежүзі педагог-қайраткерлердің шығармашылықтарына ықпал жасаған пікірлер, әсіресе психология ғылымының дамуына зор үлес қосты.

И.Гербарт психологиялық мәселелерді зерттеуде метафизикалық бағыт ұстады. Оның түсінігінде дүние шексіз, өзгермейтін мәңгілік, оны танып-білу мүмкін емес. Жан адам тәнімен байланысты болады, тән арқылы адамның басқа да түсініктері қалыптасады, одан елестеулер пайда болады деген пікірді дәлелдеуге талпынды. Адамның бүкіл іс-әрекеттері, қызметтері елестеулерден құрылса, яғни ес, ойлау, қиял және басқалары елестеулердің өзара қарым-қатынастарынан құралады.



  1. И.Гербарттың адамгершілік тәрбие туралы пікірі

Сонымен И.Гербарт ассоциативтік психологияның көрнекті өкілі деп санаймыз. Осы идеясын одан әрі жалғастырып, тәрбиенің мәнін гуманистік идеямен сабақтастырып, тәрбиенің мақсаты адамдағы мүмкіндік пен қажеттілікті қалыптастыру, олар да мәңгі және өзгермейді деп қорытындылайды. Мүмкіндік мақсаты – оқушының субъективтік, мазмұндық бет-бейнесіне негізделген бағыт-бағдарын анықтау, өз таңдауын жасау, жеке тұлғасының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, белсенді жан-жақты қабылдауын дамыту, оның кең көлемді қызығушылығын тәрбиелейді деп түйіндейді.

Оқушының кең көлемді қызығушылығын дамытатын басты құрал – оқыту, ал адамгершілік қасиеттерін дамытатын құралы – адамгершілік тәрбие деп тұжырымдайды.

И.Гербарт бойынша тәрбие үрдісін үш салаға: басқару, оқыту және адамгершілік тәрбиеге бөледі. Басқаруда оқушының алғашқы жас кезеңінде балалыққа көп бой беріп, тентектік жасауға бейім болады. Сондықтан басқарудың басты құралы балада қорқыныш туғызу, содан кейін оның жүріс-тұрысын қадағалау қажет. Бұған қосымша бұйыру мен тыйым салу әдістерін қолдану орынды болмақ дейді.

Оның педагогикалық жүйесінің екінші саласы – оқыту. Оқыту үрдісінің мақсаты – білім берумен қатар оқушыларды тәрбиелейді. Сондықтан оқыта отырып тәрбиелеу идеясы қазіргі күнге дейін өз мәнін жоғалтпауда.

И.Гербарт оқыту жүйесіндегі адамның айналасын қоршаған дүниені тануды және қоғамдық өмірге қызығушылықтарының мазмұнына қарай екі топқа бөлуді ұсынды. Бірінші топқа: эмпирикалық, ақыл ойға негізделген, эстетикалық қызығушылықтар жатады. Екінші топты өзара әлеуметтік, дінге деген қызығушылықтар құрайды. Аталған қызығушылықтар оқушылардың алатын білімдерінің мазмұнын белгілеп беруге көмектеседі деп есептейді.

И.Гербарт оқыту үрдісін ұйымдастыруда сатылап оқытудың барысында оқушы-жастардың жан-жақты қызығушылықтарын дамытуға алып келетінін дәлелдеді. Оқыту үрдісін (сабақ) үш сатыға: анықтық, ассоциациялық және жүйелі деп жіктеді. Бірінші сатысында (анықтық) оқушы оқу материалын мазмұндық ерекшелігіне қарап, бөлшектеп, негізгі ұғымдарын есіне сақтайды.

Екінші сатысында (ассоциациялау) жаңа оқу материалдарының негізгісі іріктеліп, бұрынғы алған білімдерімен байланыстыра отырып, өмірден қорытқан елестеулерімен ұштастырылады. Үшінші сатысында (жүйелік) жаңадан алған білімдерін ескі білімдерімен байланыстырып, білімдер жиынтығының негізінде ой тұжырымдарын жасап қорытады.

Бірыңғай оқытудың сатылары ғылыми тұрғыдан жүйелеуге жасалған алғашқы талпыныс педагогиканың ғылым ретінде дамуына қосылған үлес болды. Бірақ бұл жүйеде оқушылардың жеке-дара, дербестік қарым-қатынас жасауға қажетті жағдайлар жасалынбады.

И.Гербарт баланың адамгершілік тұрғыдан дамуында, оның қызығушылығын қалыптастыруда бір жүйелік ұстанымды ұстауды талап етті. Олар да төрт сатыдан тұрған: ерік-күйі; сыртқы жағдайларға байланысты ұстамды мінез-құлықты дамыту; алдына қойған мақсатына жетуді есепке алу; таңдау оқушы талабының бағытына қарай субъектінің діттеген мақсатына жетуде жақсы және жаман жақтарын ойластыруды міндеттеді.

И.Гербарт педагогтар арасынан бірінші тәрбиенің мақсаты мен құралын философиялық-психологиялық тұрғыдан негіздеп, жеке тұлғаны еркіндікке, адамдар арасындағы гуманистік қарым-қатынастарға тәрбиелеу жөнінде ақыл-кеңес береді.

Өзінің этикалық теориясына сүйене отырып, Гербарт тәрбиенің мақсаты - адамдағы ізгілік пен жақсылықты қалыптастыру, бұл ізгілік пен жақсылық та мәңгі және өзгермейді деп тұжырымдады. Демек, Гербарттәрбиенің мақсаты – ізгілік пен жақсылық дей отыра, өмір сүріп отырағн қоғамдық қатынастарға икемделе алатын адамдарды тәрбиелеуді, қалыптасқан тәртіп сыйлай білетін, соған бағына білетін адамдарды тәрбиелеуді көздеді.

Гербарт тәрбиеде екі түрлі қажетті және ілгеріге бағытталған, іске асуға тиісті мақсаттар болады деді.

Бұл мақсаттар адамның бүкіл іс - әрекетінің кез – келген салаларына қажетті. Іске асуға тиісті мақсаттар адамның алдына белгілі бір мамандықтардың салалары бойынша қойылады.

Бүкіл тәрбие процесін Гербарт үш салаға бөлді: басқару, оқыту және адмгершілік тәрбие.



Басқару. Оқу процесі кең өрістегенге дейін балаларда өз іс -әрекеттеріне түсінбейтін “тағылық тәрізді тентектік” кезең болады, бүл кезде оны тәрбиелемей, бағындырып басқару керек.

Басқарудың бірінші құралы – қорқыныш туғызу. Бірақ бұл көздеген мақсаттарға жеркізе бермейді. Күшті және мықты балалар мұны ескере бермейді, мойындамайды да, қайта сотқарлығы күшейе түседі. Ал әлсіз мінезді балалар қорқынышқа жете түсіне алмайды. Сондықтан бағындыра басқаруда қорқыныш туғызуға қосымша құрал ретінде қадағалап бақылау құралын да қолдану керек, мұны әсіресе баланың ертерек жасында қолданған жөн. Бұл да нәтижесіз болуы мүмкін, бақылаудағы бала үнемі сонан құтылатын кезең мен жолдарды іздеумен болады.

Сондықтан баларға бұйрық және тыйым салу әдістерін де қолдану керек, бұл балалар үшін дәл және нақты болуға тиіс.

Белгіленген ережелерді бұзған балалар үшін мектепте штраф кітабы құрылады, мұны үйде де қолданған жөн. Бағындырып басқарудың құралдары ретінде Гербарт жазалауға, оның ішінде ұрып – соғуға көп көңіл бөлді.

Гербарт ұсынған жазалардың түрлері неміс, орыс гимназияларында, француз лицейлерінде және басқа да елдердің орта дәрежелі оқу орындарында қолданылды. Ол ересектердің беделі мен сүйіспеншілік білдіруін басқарудың қосымша құралдары ретінде ұсынды.

Сонымен Гербарт ұсынған балаларды басқару жүйесі оларды жазалауға, ретсіз қайталауларға бағыттала құрылған.

Ол басқаруды, яғни тәртіптендіруді тек қана тәрбиенің алдындағы кіріспе жағдай деп, оны адамгершілік тәрбиесінен бөліп алып қарады. Бұл теріс көзқарас, өйткені тәртіп шындығында тәрбиенің алдындағы жағдай емес, ол тәрбиенің құралы және нәтижесі.

Оқыту. Гербарттың педагогикалық жүйесінің орталығы оқыту теориясы болды. Тәрбиенің мақсаты – ізгілік, жақсылық, ал оның маңызды құралы – оқу, ол оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясын ұсынды.

Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығушылықтарын алды. Адамдағы қызығушылықтар айналысын қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Біріншісіне жататын қызығушылықтар: эмпирикалық; бұл – айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады. Ойлауға негізделген ақыл – ой қызығушылығы; эстетикалық қызығушылық – оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығушылықтың екінші тобына жататындар: симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасындағы қатынас туғызады, әлеуметтік қызығу әр түрлі қоғамдық ұйымдардың ара қатынасын анықтайды; дінге қызығу – діни ұғымды күшейтеді.

Осы алты түрлі қызығушылықтар оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды деді.

Гербарт анықтаған қызығушылықтар жүйесі оның идеалистік көзқарастарынан туған логикалық тұжырымдар еді. Жоғарыдағы қызығушылықтар ақыл – ой түріндегі топшылаулар сипатында болды да, практикалық өмірмен байланыспады. Сөйткенмен де оқушылардың әр салалы қызығушылықтарын дамыту тұрғысынан және оларды оқуға негіздей жүргізу жөнінен Гербарт топшылауының құптарлық пікірі де болды.

Гербарт баланың қызығушылықтарына сәйкес оқылатын білімнің шеңберін белгілей отыра оқу оқушылардың ақыл – ой әрекетін дамытуы тиіс деді. Оқу материалдарын орналастыру мәселесінде білімнің білімнің жүйелі берілу принципін негіз етті.

Гербарт оқудың мазмұны жөніндегі проблеманы оқытудың сатысы жөнінде теориямен тығыз байланыстыра зерттеді.

Оның ойынша, оқу процесі немесе сабақ төрт сатыдан тұрады, мұны әдетте оқытудың формальды сатылары деп те атайды. Олар: 1) анықтық – айқындық, 2) ассоциация, 3) жүйе, 4) єдіс.

Бірінші – анықтық – айқындық сатысында оқылатын материалды оқушылар басқалардан бөліп алып, тереңірек оқиды. Дидактикалық тұрнғыдан алғанда, бұл сатыда оқушы жаңа материалды хабарлап, көрнекілікті қолданады.

Екінші саты – ассоциацияда – жаңа материал оқушылардың мұнан бұрынғы өткен сабақтарда алған мәліметтері өмірден алған елестеулерімен ұштасады. Дидактикалық жағынан бұл кезде оқытушының оқушылармен әңгіме жүргізуі тым сәтті болады.

Үшінші саты – жүйе. Мұнда оқушылар оқытушының басшылығымен өткен сабақта алған мәліметтерін байланыстырып, жаңаның негізіде тұжырымдар мен қорытындыларды, анықтамаларды және заңдарды іздестіреді. Дидактика саласында бұл сатыда әр түрлі оқу жаттығулары жүргізіледі, оқытушылар оқушылардың бұрынғы меңгерген білімдерін талап етеді, олардың логикалық және творчестволық ойлауын бақылайды.

Міне, осы оқыту сатылары, Гербарттың ойынша, оқудың бір ізділігі мен жүйелілігін анықтайды. Бірақ бұл сатылар формальды болды, себебі бұлар оқу материалының нақты мазмұнына да, оқушылардың жасына да, сабақтың дидактикалық міндеттеріне де байланысты болмады.

Оқуды мұндай оқшау универсальдық схемаға ғана салу ғылыми педагогикаға қайшы келді, себебі оқудың әдістері мен құралдарын таңдау оқу материалының нақты мазмұнына да, оқушылардың жасына да, сабақтың дидактикалық міндеттеріне де байланысты болады. Сабақты жоғарыдағыдай жеке – жеке тұратын төрт сатыға міндетті түрде бөліп тастаудың өзі де теріс, себебі күнделікті оқу процесінде бұл сатылар араласып келіп отырады. Ақырында, Гербарттың ұсынған сатылары оқушыларға жеке – жеке, дара қатынас орнатуға қажетті жағдай туғызбады.

Гербарттың дәлелдеуінше, адамгершілік тәрбиесінің мақсаты – мінез – құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие негізінен оқу арқылы жүргізіледі. Осылай Гербарт адамгершілік тәрбиесін түгелдей интеллектуализм тұрғысынан есептеді.

Осыған байланысты Гербарт адамгершілік тәрбиесі де оқу сияқты баланың әр салалы қызығушылықтары мен адамгершілікті елестетулеріне негізделеді деп есептеді.

Ол адамгершілік принциптерін жоғарыда айтылған баланы бағындыра басқаруға қарсы қойды. Бағындыра басқаруда баланың еркі мен саналылығы кемітіледі, тежеу жасалынады, ал адамгершілік тәрбиесінде бүкіл әдістер балада болатын барлық жағымды, жақсы сапаларға арқа сүйеуге негізделеді. Тәрбиеші тіптен тәртіпсіз баланың өзінен жақсы сапаларды іздестіруі тиіс деді ол.

Гербарттың ойынша, адамгершілік тәрбиесінің оқудан басқа мынадай жолдары болады:



  1. Баланы тежеп ұстау. Балалар мінез – құлқының шеңберін белгілеу.

  2. Баланы анықтап біле отыра, бағыттау. Бала тек оқытушының нұсқауынша ғана емес, өз тәжірибесі арқылы да мінезін бағыттап отыруы тиіс.

  3. Мінез – құлықтың нақты ережелерін құру.

  4. Баланың шындыққа деген сенімін туғызу.

  5. Баланы мақылдау және оның кемістігін көрсету.

  6. Балаға насихат – өсиет айту, жіберген қателерін көрсету, оларды түзету.

Адамгершілік тәрбиесінде жазалаулар да қолданылды, бірақ тәрбиелік бағыттағы жазалар кек алуға соқпай, бала үшін мейірімді түріндегі ескерту ретінде болды.

* * * * * * * * * * * * * * * * * * *

Сонымен Гербарттың кейбір теориялық қағидалары өз заманында ірі педагогикалық проблемаларды зерттеуге себепкер болды. Ол алғаш рет оқытудың сатыларын зертеуге тырысты, психологиямен педагогиканың арақатынастарын қарастырды.

Гербарт зерттеген кейбір ұғымдар (“Оқудың тәрбиелілігі”, “Әр салалы қызығушылық” т.б.) кейіннен психология мен педагогикаға енді. Бірақ Гербарт концепциясын түгелімен алып қарағанда ол ғылыми жағынан дәлелсіз болды. Өйткені оның ұсынған проблемалары мәнді болғанымен, олардың теориялық жағынан шешілуі метафизикалық еді.

Гербарттың оқыту “сатылары” дегені өте схематикалық болды да, онысы оқуды бір ғана қалыпқа бағыттады, формализмге апарып соқтырды, сабақ құрылысындағы бір сарындылықты негіздеді.

Гербарттың реакцияшыл әлеуметтік – саяси көзқарастары әсіресе оның зерттеген этикасынан айқын байқалады. Ол халықтағы ең ізгілік пен жақсылық сол халықтың үстем тапқа бағына білуінде деп есептеді.

1948 жылғы бастыстағы буржуазиялық революциядан кейін еңбекшілер мүддесі аяққа басылғанда, буржуазия өз үстемдігі мен тәртібін күшейту үшін Гербарт теориясымен әуестенді. Реакционерлер өздерінің демократияға қарсы теорияларын негіздеу үшін әрдайым Гербарттың материалдарын пайдаланды.

Россиядағы ХІХ ғасырдың 70 – 90 жылдарындағы реакция кезінде консерватившіл бағыттағы методистер мен орта мектеп оқытушылары Гербартқа жүгіне бас иді.


4-тақырып Р.Оуэннің педагогикалық қызметі мен көзқарастары.

Жоспар:

  1. Р.Оуэн социалист – утопист.

  2. Г.Спенсердің педагогикалық көзқарастары.




  1. Р.Оуэн социалист – утопист.

Роберт Оуэн – көрнекті ағылшын қоғам қайраткерінің еңбегін ерекше айтуымыз керек. Жиырмаға келген шағында ол қағаз иіру фабрикасын басқарып, еңбекші халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында 14 сағаттық жұмыс күнін 10 сағатқа төмендетіп, 10 жасқа толмаған балаларды жұмысқа алуға тыйым салды. Өзінің фабрикасы жанынан оқу мекемелерін ұйымдастырды: сәбилер мектебінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленді; бастауыш мектепте 6 жастан 10 жасқа дейінгі оқушылар оқыды; кешкі мектепте өндірісте жұмыс жасайтын жеткіншектер оқыды. Ата-аналарға тәлім-тәрбие жайлы насихат жүргізіп, педагогикалық оқу-тәрбиені ұйымдастыру істерімен тиянақты шұғылданды.

Сәбилер мектебі балалабақша мақсатында ұйымдастырылып, оларды ән айтып, би билеуге үйретті. Табиғат, айналасын қоршаған заттар мен нәрселерді, құбылыстарды тануға орай әңгімелер өткізетін болды.

Бастауыш мектепте оқушылар ана тілі, арифметика, жараталыстану және тарих, география пәндерін оқыды. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай білім беріп, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға көңіл аударылды. Олар үлкен адамдардың еңбектерімен танысып, мектепте еңбек әрекеттеріне дағдыландырылды.

Фабрикада жұмыс жасайтын 10 жастан жоғары оқушы-еңбеккерлер кешкі мектепте оқып, білімді өндірістік еңбекпен ұштастырды. 1816 жылы Р.Оуэннің тікелей қолдауымен Нью-Ленаркте “Адам мінезін қалыптастыру” атты жаңа негіздегі институт ашылды. Сонымен оқу-тәрбие үрдісін жаңа негізде құра білген Р.Оуэн оқушыларға жан-жақты тәрбие мен білімнің ғылыми сипаттауын тиянақтаған, ақыл-ой тәрбиесін дене тәрбиесімен және өнімді еңбекпен ұштастыра білген көрнекті ағартушы педагог болды.



  1. Г.Спенсердің педагогикалық көзқарастары.

ХIХ ғасырдың 30-жылдары Батыс Еуропада жаңа философиялық бағыт – позитивизмдiк бағдар қалыптасып, педагогикалық ойлардың дамуына ықпалын жасады. Соның белгiлi өкiлi, ағылшын философы, әлеуметтанушы, экономист және педагог – Герберт Спенсер (1820-1903) едi. Ол табиғаттың эволюциялық жолмен дамуындағы табиғи сұрыптау идеясын қоғам дамуымен байланыстырып, адам өмiр сүрiп отырған ортасына бейiмделуi тиiс деген пiкiрде болды. Адамның өмiрге бейiмделуiне тәрбие көмектесiп отырады, оқушыға берiлетiн бiлiм мен тәрбие өмiрге қажеттi болып, адам қызметiнiң әр жақты болуына байланысты тiршiлiк iс-әрекеттерiне үйретудi талап еттi.

Адам өз ұрпағын сақтауда және тәрбиелеуде адамның мiнез-құлқы мен әдет-дағдылары, адам өмiр тiршiлiгiнiң заңдылықтары туралы бiлiмдер алуда физиологияны, педагогика мен психологияны жақсы игерулерiне кеңес бердi. Сонымен бiрге әрбiр ер және әйел адамдар тәрбие әдiстерiнен мiндеттi түрде бiлiм курстарын тыңдаулары тиiс деп санады. Г.Спенсер ақыл-ойдың дамуының мына заңдарын ұсынады: қарапайымнан күрделіге, белгісізден белгіліге, жекеден жалпыға, нақтыдан көмескіге өту; білім берудің әрбір саласын тәжірибеден бастап оймен аяқтау; бала тәрбиесі адамзат тәрбиесіне сәйкес болуы. Г.Спенсер бойынша оқу мен тәрбиенiң мазмұны, әдiстерi бала ақыл-ойының даму кезеңдерiне сәйкес болып, оны белсендi түрде дамыту үшiн қоғам дамуының талаптарына сай болуын қадағалап отырды.

ХIХ ғасырдың 40-жылдары Германияда жаңа коммунистiк қоғамды орнатудағы пролетариаттың дүниежүзiлiк тарихи рөлi жайлы және таптық күрес жайлы тұжырымдамалар жасаған Карл Маркс (1818-1883) және Фридрих Энгельс (1820-1895) еңбектерiнде жұмысшы табының қоғамды өзгертудегi прогрессивтi мәнiн айқындаумен қатар оны төңкерiс күшi ретiнде санады.

Олар тәрбие мәселелерiн жұмысшы табының қанауды толық жойып, коммунизм орнату жолындағы революцияшыл күресiмен байланыстырды.

Екiншiден, қоғамдық сананың болмысқа тәуелдiлiгi тәрбиенiң әлеуметтiк сипат алуымен байланысты деп есептедi.

Үшiншiден, тәрбиенiң мақсат, мiндетiн қоғам белгiлеп, қоғамдық қарым-қатынастарды iске асырады деп есептеді.

Төртiншiден, пролетариаттың санасына социалистiк идеялар мен моральдық қасиеттердi тәрбиелеу арқылы ғылыми теорияны игерiп, жаңа қоғамды орнатуға жас ұрпақты даярлайды.

Бесiншiден, социалистiк қоғам құрылысында, жаңа экономикалық жағдайда ғылыми теорияға негiзделген коммунистiк тәрбие жаңа қоғам орнатуда таптық сипатта болуымен қатар жасөспiрiмдердi жан-жақты қалыптастырады деп есептедi.


ГЛОССАРИЙ
Заң

Диалектика

Даму

Жүйелiлiк

Ақиқаттылық

Баламалық ұстаным

Мәндік талдау ұстанымы

Тұжырымдамалық бірлік ұстанымы

Тарихилық және қисындылық ұстанымы

Тарихи - жүйелілік ұстанымы

Синергетика

Тұтастық

Мәдениеттану тұғыры

Этнопедагогикалық тұғыр

Дерекнама
5-тақырып Таяу және Қиыр Шығыстағы орта ғасыр мемлекеттерiндегi

(Араб халифаты, Үндістан мен Қытай) бiлiм беру мен

педагогикалық ойлардың дамуы

Жоспар:

  1. Таяу және Қиыр Шығыстағы орта ғасыр мемлекеттерiндегi (Араб халифаты,

Үндістан мен Қытай) бiлiм беру мен педагогикалық ойлардың дамуы

  1. Антика заманындағы Византиялық педагогикалық ой-пiкiрлер




  1. Таяу және Қиыр Шығыстағы орта ғасыр мемлекеттерiндегi (Араб халифаты, Үндістан мен Қытай) бiлiм беру мен педагогикалық ойлардың дамуы

Батыс Еуропа мен Византия сияқты орта ғасыр өркениетiн сақтап, ежелгi мәдениетi мен бiлiм дәстүрiн жалғастырып келе жатқан орталықтарының бiрi - Таяу Шығыс. ҮII-ҮIII ғасырлардың басында Византия қол астында болған Сирия, Египет, Иран, Солтүстiк Африка елдерiн арабтар жаулап, жаңа дiндi исламды алып келдi. Ислам дiнiн негiздеген, өзiн “Алланың елшiсi” деп атаған тарихи тұлға Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж. болды). Мұхаммед және оның iзбасарлары – халифтер ислам дiнiн уағыздауымен қатар, саяси идеяларды таратушы адамдар болған. Құранмен бiрге қасиеттi кiтап – Сұнна (үлгi-өнеге) жазылды, онда ислам тәрбиесiнiң мән-мазмұны ашылып, мұсылман қауымдастарының нақты реттелген хадистер арқылы дiни және әлемдiк өмiр жолдарын ұстауға бағыттайтын 50 мыңға жуық қысқа тапсырмалар жүктеледi. Ислам дiнiнің басты құрамдас бөлiгi – шариғат, құқық және құдайға табынудың нормалық жүйесiн реттейдi. Шариғат этикалық мiнез-құлықтарға негiзделген және оны қоғамдық рөлiне қарай заңдармен теңестiруге болады. Шариғат талаптарын орындау адамнан адалдықты және саналылықты талап етедi.

Арабтардың үстемдiгiнде болған мемлекеттер өздерiнiң бұрынғы мәдени және әлеуметтiк мұраларынан айрылмай, салт-дәстүрлерiн және өмiр тұрмыстарын ұзақ жылдар бойы сақтай бiлген. Арабтар қоластында Таяу Шығыстың iрi қалалары: Дамаск, Александрия, Кордова тәрiздес қалалық орталықтар өз тiршiлiктерiн жалғастырумен қатар, Бағдат және Каир (Х-ХI ғ.ғ.) сияқты бiлiм ордаларына айналды. Таяу Шығыстағы орта ғасыр мәдениетi және ағарту iсi, сауда-саттық пен қолөнерi дамып, үлкен қалаларда шоғырланған. Халифат мәдениетiн (арабтардың құрған мемлекеттiң басында халифтер – Мұхамед пайғамбардың iзбасарлары тұрды) мұсылман мемлекеттерiнiң халықтары, яғни арабтармен қатар парсылар, түрiктер, тәжiктер, сириялықтар және басқа жұрттар бiрге таратып, дамытуға үлес қосты. Үндістаннан Испанияға дейiнгi кең аумақта арабтардың әдеби тiлi, мәдени мұралары, дүниетанымдық әдiс-амалдары сақталып, ислам дiнiнiң тұрақтануына жағдай жасалды. Арабтардың үстемдiгiнде болған мемлекеттерде бiлiм жүйесi де бiркелкi болды. Араб қалаларының (Мекке, Медина, Йемен, т.б.) халықтары исламға дейiнгi кезеңде балаларды оқытып, хат танытқан. Мысалы, III-IҮ ғ.ғ. арамей әлiппелерiнiң негiзiнде араб жазуы пайда болған. Сирия, Египет, Месопотамия және Иранды арабтар басып алғаннан соң (ҮII ғ.) мұсылмандық жалпы бiлiм беретiн мекемелер-медреселер құрылды. Олар халықтың хат тануына, исламның таралуына ұйытқы болатын басты құрал болатын. Араб тiлдi мектептер ҮII ғасырдың соңында мемлекет қажеттiгiн өтеу мақсатында бiлiмдi шенеунiктер дайындауға кiрiстi. Осы мезгiлден бастап барлық құжаттар грек немесе арамей тiлдерiнде емес, араб тiлiнде дайындалатын болды.

Көп жағдайда оқу үрдiсi мешiттер жанында, кейде үйде немесе тапшанда ұйымдастырылып, құранды оқуға, жазу мен есеп-шотқа машықтандырумен бiрге араб тiлi мен грамматикасын, әдебиетiн оқытуға да бiрсыпыра уақыт бөлiнетiн болды. Шәкiрттер аптасына алты күн оқып, жұма күнi жұма намазға қатысқан. Сейсенбi мен сәрсенбi күндерi ертеңгiлiк мезгiлде өткен сабақтарын қайталаған. Ал, сабақтан тыс мейрамды күндерi, оқушылардың мектепке келетiн мезгiлiн мұғалiмнiң өзi белгiлеп отырған.

Оқыту әдiстерiнiң негiзi – оқу және дiни мәтiндерiн жаттау, сонымен бiрге мұғалiмнiң дауыстап оқығанын жазып алу болатын. Жасы үлкен оқушы, өзiнен кiшi оқушыны оқытуға көмектесуге тиiстi болған, бiрақ ересек оқушы тарапынан қатыгездiк болмасын деген ниетпен оны аракiдiк ауыстырып отыру жөн деп есептеген. Оқушылардың танымдық қызметiн дамытудың жолдарын көрсеткен Араб философиясының негiзiн қалаған Әбу Юсуп Якуббен Исхан Кинди (шамамен 800-879 ж.ж.) Әр түрлi бiлiм салаларынан 200-ден астам шығармалар жазған, олардың iшiнде педагогикалық мәселелер де қарастырылған. Ақылды дамыту iлiмi төрт түрге, яғни өзектi ойлау, шама-шарықты ойлау, қысқа ойлау және айқындала бастаған ақыл-ойлар деп бөлінген. Киндидiң дәлелдеуiнше, ғылым дiннен жоғары тұрғандықтан, балаларды тәрбиелеу үрдiсiнде бiлiм, өмiрге зор сенiмдiлiкпен қарауға, яғни жоғары интеллектiнi қалыптастыруға талпындыруы керек. Өйткенi жоғары бiлiмдiлiк адамды адамгершiлiк тұрғыдан өзiн-өзi жетiлдiруге, өз iс-әрекеттерiн басқара бiлуге үйретедi. Адамның алдына қойған мақсатын орындау, еңбектiң нәтижесiн көрудегi басты құрал – ақыл-ой парасаттылығы деп санаған. Кейiнiрек, оның айтқан ақыл-ойды дамыту идеясы Еуропа философы Р.Бэконның теориясында (ХIII ғ.) дамытылады. Мектептегi бiлiм сапасын көтеруге зиялы қауымдар қатыстырылды. Соның бiрi IХ ғ. араб жазушысы Мұхаммед Ибн Сухнун (817-880 ж.ж.) бастауыш мектепке арнап ''Мұғалiмдердiң мiнез-құлқы'' деген шығарма жазды. Оның педагогикалық ойының мәнi – мұғалiм ешқашанда ашу шақырмай, ауқатты және кедей отбасы балаларына бiрдей қарап, қарым-қатынас жасауы қажет деп мiндеттейдi. Баланың жеке даралық ерекшелiктерiне байланысты жазалау әдiсiн қолдануға болады. Бiрақ, денесiн дүрелеу немесе жан дүниесiне тиетiндей қатал сөздер айтуды өте сирек пайдалану керектiгi, шапалақтаудың өзiн де үштен асырмауды талап еткен. Әсiресе, он жастағы баланы жазалау болмасын, ескерту, кейiс бiлдiру қажет, ал бала тәртiп бұза берген жағдайда, оны оқытып жүрген жасы үлкен оқушыға тәртiпке шақыру тапсырылған.

Халифаттық мектеп практикасында оқушыны жазалаумен қатар мадақтау тәрбие әдiсi де пайдаланылған. Ең тәртiптi, өте жақсы оқитын оқушыны атқа мiнгiзiп, қаланы аралатқан, ал қатар-құрбылары оның үстiне тәттi шашу шашқан.

Бастауыш мектептегі оқушылардың көпшiлiгi саудагерлер мен қолөнершiлердiң және орташа шаруашылық иелерiнiң балалары болған. Ал ақсүйектердiң балаларын үйлерiнде мұғалiм жалдап оқытқан. Үйдегi бiлiм бағдарламаларында құран, намаз оқуға, жазу мен есеп-шотты игерумен қатар, грамматиканы, әдебиеттi (өлең құрастыру, мазмұнды хат жаза бiлу), тарихты оқыту, өзiн ұстай бiлуге үйрету, дене және әскери жаттығуларды (жүзу, атқа мiну, садақ ату, т.б.) меңгерту қарастырылған.

Орта ғасырдағы ақсүйектердiң тәрбие мұраты орта ғасыр Еуропа рыцарлық мәдениетiне ықпалын тигiздi.


  1. Антика заманындағы Византиялық педагогикалық ой-пiкiрлер

Ежелгі шығыстық өркениет ұсынған алғашқы мектеп үлгілері антикалық, яғни ежелгі гректік-римдік дәуірде өз жалғасын тапты. Ежелгі Греция мен Римдегі, Эллиндік кезеңдегі мемлекеттерде өскелең ұрпаққа білім беру ісінің мазмұны, әдістері, оқу-тәрбие істерін ұйымдастырудағы жетістіктері және оларды сол замандағы философтардың рефлексия деңгейіне дейін көтеріп қарастыруы, мектеп пен педагогикалық пікірлердің дамуына игі ықпал жасады.

Антикалық дәуір өркениетінің территориялық шекарасы өте кең де, уақыт өлшемі – ұзақ. Ол б.з.д. 3-2 мыңжылдықта Эгей теңізіндегі аралдарда, олардың жағалауындағы құрлықта ежелгі грек мәдениеті пайда болғаннан бастап, б.з.д. V ғасырда гректік-римдік әлемінің біржола ыдырап, орта ғасырлық өркениеттің бастау алуына дейінгі дәуірді қамтиды. Өйткені, антикалық әлем өзінің жан-жақты даму сатысында Атлант мұхитынан Египетке (Мысыр), Орталық Азия мен Үнді секілді үш құрлықтың жерін қамтиды. Б.з.д. Эгей теңізінің аралдарында ең алдымен Критте және Грекия жерінде экономикасы мен мәдениеті жағынан Египет, Кіші Азия, Финикия және Қосөзен сияқты ежелгі Шығыс өркениетіне ұқсас ерекше мәдениет түрі қалыптасты. Осындай өзіндік мәдени даму жағдайында б.з.д. 3-ші мың жылдықта Критт аралында ежелгі шумерлік жазуға ұқсас пиктографиялық белгілеріне қарай жазу пайда болды, ғибадатханалар мен сарайлар шаруашылық қажеттіліктерін бейнелейтін жазумен безендірілді.

Б.з.д. 2-ші мыңжылдықтың ортасында бұл аймақта абыздар (жрецтер), патша сарайының қызметкерлері, тіпті қалалық бай тұрғындар арасында буындық жазуды меңгеру кең етек жайды. Криттік жазуда кейін дауысты және дауыссыз дыбыстарды білдіретін белгілер пайда болды.

Ежелгі Шығыстық өркениет сияқты бұл жерде де оқытудың алғашқы орталықтары ғибадатханалар мен патша сарайларында құрылды. Мәселен, крит патшасының сарайында хатшы қызметшілер мен олардың шәкірттеріне арналған арнайы орындар болған. Криттік хатшылар жазу ісінің бұлжымайтын ережелерін жасады, жазу солдан оңға қарай және жолдардың орналасуы жоғарыдан төмен қарай орналастырылған. Сондай-ақ, олар бас әріптерді жаңа жолдан бастап жазуды ойлап тапты. Осының өзі кейінгі ғасырларда еуропалық жазба мәдениеті мұрасына айналды. Ежелгі Греция мен Криттегі мәдени даму б.з.д. ХІІ-ХІ ғасырларда Балқан түбегінің грек жағалауларын мекендеген жауынгер тайпалардың басып кіруіне байланысты тоқтап қалды. Б.з.д. IX-VIII ғасырларда Грециядағы жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқыту ісі аты аңызға айналған ежелгі грек ақыны Гомердің “Илиада”, “Одиссея” дастандарында бейнеленген. Гомердің үй ұстаздарынан тәлім алған, көбіне ақсақалдардан тәлім-тәрбие алып, олардың тілі өте бай, аңыздарды, құдайлардың іс-әрекетін, өз тайпасының тарихын жақсы білетін, ән салып, музыкалық аспаптарда ойнап, жазған хаттарды оқи алатын, ақыл-ойы терең, адамгершілік қасиеті мол және дене күші мығым, жан-жақты жетілген адам бейнесін жасады. Көне дәуірдегі гректерге денесінің шымыр болуы және кісінің қару қолдануға жарамдылығы адамдық қасиеттің негізгі белгілері ретінде саналғандықтан, эпикалық поэмаларда бұл туралы “төзімді, мықты, бұлшық еті ойнаған” деген мінездемелер жас ұрпаққа үлгі ретінде ұсынылған. Гомердің шығармаларында адамгершілік тәрбиесінің мұраттары да ашып көрсетіледі, бас кейіпкер “әділетті, сенімді, әдеп-ғұрыпты қастерлей білетін адам ретінде бейнеленеді. Сөйтіп, Гомер “ақылды”, жан-жақты дамыған кейіпкердің бейнесін жасады. Б.з.д. VIII-VII ғасырлардағы ежелгі гректердің дәстүрлі тәрбиесі туралы мағлұматты Гесиодтың “Еңбек және уақыт” деп аталатын поэмасынан кездестіруге болады. Поэмада күнделікті тіршілік заңдылықтары жастарға өсиет ретінде көркем тілмен баяндалып, адамның ең басты қасиеті еңбексүйгіштік болуға тиісті деген уәж беріледі. Спартада рухы күшті және дене бітімі қуатты дамыған адамды тәрбиелеу дәріптелді, бірақ оның сауатын ашуға, оқу-жазуға үйретуге, білімін көтеруге мән берілмеді. Кезінде Аристотель спарталық жастардың әскерде соғыс қимылдары кезінде өздерін сенімді ұстайтынын атап өтумен бірге олардың дүниетанымдарының шектеулілігінен бос уақыттарын дұрыс пайдалана алмайтындықтарын спарталық тәрбие жүйесінің ең басты кемшілігі деп есептеді. Керісінше, Антикада жасөспірімдерге жан-жақты білім берілді. Бұл айырмашылық Фулкидидің “Тарихында” келтірілген афиналық Периклдің “біздің мемлекетіміз Эллададағы ағарту ісінің орталығы, менің ойымша бізде әрбір адам көптеген кәсіпке бейімделе алады деп есептеймін” деген сөзінен айқын сезіледі.

Спартада жан-жақты жетілген азаматтарды тәрбиелеу ісі тұтастай мемлекет тарапынан қадағаланып отырды. Алғаш рет адамзат тарихында тұлғаны мәдениеттендіру тәжірибесі жүзеге асырыла бастады.
6-тақырып Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер

Жоспар:


  1. Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер

  2. Ортағасырда және Қайта өрлеу дәуiрiндегi Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, педагогикалық

ой-пiкiрлер


  1. Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер

Рим империясының ыдырауы нәтижесінде пайда болған Византия империясы 395-1453 жылдар аралығында өмір сүрді. Оның территориясы Римнің шығыс бөлігіндегі Балқан түбегі, Кіші Азия жерлерімен Жерорта теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауларын қамтыды. Рим императоры Константин негізін қалаған жаңа империяның орталығы Константинополь (бұрынғы Византия) эллиндік-рим мәдениетінің тікелей мұрагері деп аталды. Оның тұрғындары өздерінің білімділігі жөнінен ХІІІ-ХІҮ ғасырларға дейін батыс Европалық елдерден анағұрлым алда тұрды. Византияның жері Шығыс пен Батыстың орталығында орналасқандықтан Европа мен Таяу Шығыс елдері мәдениетін жалғастырушы алтын көпір ретінде есептелінді.

Византиядағы ағарту ісі мен мәдениетінің дамуын кезеңдерге бөлсек, соның алғашқы кезеңі (IV-IX ғ.ғ.) Византияның құл иеленушілік қоғамнан орталықтанған монархияға айналуымен байланысты. Бес ғасыр аралығында Иоанн Златоуст, Василий Кесарийский, Григорий Богослов, т.б. сияқты византиялық дінді уағыздаушылар мен көрнекті ойшылдардың философиялық, саяси-әлеуметтік, діни көзқарастары топтастырылған шығармалары кеңінен танымал болды, антикалық рухани мұралар арқылы христиандық қарым-қатынастар негізінде христиандардың адамгершілік бағдарлары қалыптасты.

ІХ-ХІІ ғасырларда Византияның барлық жерлерінде билік пен басқарудың ортақ формалары мен құқықтық нормалары енгізіліп, идеологиялық және адамгершілік құндылықтардың біртұтас жүйесі қалыптасты. Мұның барлығы адамдардың білім беру мен тәрбие ісінің мақсатына деген көзқарастарының өзгеруіне әсерін тигізбей қоймады.

Қоғамның экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге ұшырауы, мәдениет пен ағарту саласының даму қарқыны мен формасына күшті ықпал етті. Бұл даму жан-жақты білімді император Константин VІІ Багрянородныйдың (910-959 ж.ж.) билігімен тікелей байланысты болғандықтан, оның жарлығымен және тікелей басшылығымен жаңа оқу орындары ашылып, логика, философия, тарих, т.б. білім салалары бойынша энциклопедиялық сипаттағы еңбектер жазылды.

Император Константин кезiнде мектептерде арифметика, геометрия, стереометрия, музыка пәндерiне ерекше назар аударылып, оқу орындары төңiрегiне бiлiктi ғалымдар топталды, оларға бiлiм алуға талаптанушыларды оқыту жүктелдi. Сол кезеңдегi көрнектi Византия мәдениетiнiң өкiлдерi: патриарх Фотия, Лев Математик, Михаил Пселл және т.б. ағартушылар бiлiм беру iсiнде жаңа бағыттарды ұстанды.

Византияның ең негізгі ерекшеліктерінің бірі білім және тәрбие берудің римдік дәстүрін әлемдік білім беру дәстүрлерімен ұштастыра алуына байланысты болды. Византия империясының мектептерінде эллиндік және грек-римдік дәуірде жазылған оқулықтар пайдаланылды. Бір сөзбен айтқанда, Византия мәдениеті дүниежүзі мәдениетінің даму барысына елеулі ықпал жасады.

Византиядағы ағарту iсi мен педагогикалық ойлардың дамуы орта ғасырлар тұсында елеулi дағдарысқа ұшырады. Мәселен, 529 жылы император Юстиниан Афинадағы Платон Академиясын жабуға бұйрық бердi. Византиядағы антикалық типтегi мектептер мұғалiмдерiне (риторлар мен грамматиктер) еңбекақы төлей алмайтын болғандықтан жабылды. Екiншi ерекшелiк парсы өркениетiнiң ықпалы және VII ғасырда туындаған жаңа араб халифатының дүниеге келуi, ислам дiнiн қабылдаған Византияның әлеуметтiк-экономикалық және мәдени-тарихи дамуына тiкелей әсерiн тигiздi.

XIII ғасырда Батыстың крест жорығынан кейiн Латын империясының уақытша үстемдiгi кезiнде батыстың ықпалы үдей түстi. Әсiресе, ХI-ХIII ғасырларда ортағасырлық христиандық Еуропада бiр-бiрiне қарсы екi дiни-мәдени: латын-католиктiк және шығыс-гректiк бағыттар қалыптасты. Олардың арасындағы қайшылық Византия мен Батыс елдерi арасында соғыс ұшқынының басталуына түрткi болды.

Императорлық билiкке сүйенген византиялық христиандық шiркеу патриархтың қолдауымен бiлiм берудегi мемлекеттiк билiкке қарсы тұрмады. Сол себептi де IХ-ХII ғасырларда византиялық қоғамдағы императорлық билiктiң өрiс алуына объективтi жағдайлар ықпал жасады. Педагогикалық ойлар мен тәрбие және бiлiм берудегi практика жаңа бағытта жүргiзiлдi.


  1. Ортағасырда және Қайта өрлеу дәуiрiндегi Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, педагогикалық ой-пiкiрлер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет