Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
«Гуманитарлық білім» факультеті
«Тарих» кафедрасы
“Дүние жүзі діндер тарихы” пәні бойынша факультет
аралық мамандықтарының студенттеріне арналған
ОБСӨЖ-дің тапсырмалар мәтіні
Оқытушы: Ниязбекова М.С.
Жетісай - 2008жыл
1- тақырып
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ДІНДЕР ТАРИХЫ ПӘНІ, МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТТАРЫ
1. Дін
2. Мифология
3. Мәдениет
Пайдаланатын әдебиеттер
-
Д-р Билли Грэм. Құдайға тәубешілік. – Алматы, «Шығыс Сәулесі» баспасы.-1993 ж.
-
Ғ. Есім. Сана болмысы. – Алматы, 1996-1998 жж.
-
Философиялық сөздік. – Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 1996 ж.
-
Жүнісұлы М. Фундаментализм деген не? // «Заман-Қазақстан».-1998 ж.
-
Любимов Л. Ежелгі дүние өнері.-Алматы,1983 ж.
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos-халық, logos-ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология (көне грек тілінде teos-құдай, logos-ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio – мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.
Діни сана құрылымы – діни сенім, діни ілім және діни идеология. Діни сана күнделіті және концептуалды болып екі сатыға ажыратылады. Бірінші сатыға діни түсініктер, дағдылар, қағидалар мен діни дәстүрлер жатады. Концептуалды деңгейде осылардың бәрі белгілі бір ізге түсіріліп, дін ілім сипатына ие болады, оның теориялық негізі жасалады, ақиқаттығы дәлелденеді. Мұнымен теология және діни философия шұғылданады.
Діни сана, әр тарихи кезеңде, түрлі қоғамда әртүрлі дәрежеде қызмет атқарып, көрініп отырады. Негізінен оның үш сатысын атауға болады. Бірінші сатысы – діни сана қоғам санасында жетекші орын алады; діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады; әлеуметтік қатынастарда діни сенімдер міндетті түрде ескеріледі; өкімет билігі діни және азаматтық салалардан тұрады. Бұл үрдіс (процесс) сакрализация (латын тілінде sakra - қасиетті) дап аталады.
Секта (латынның “ойлау тәсілі, ілім, бағыт” деген мағынадағы сөзінен шыққан) әдете орнықты діни ілімге оппозициялық ағым, әлеуметтік, дүниетанымдық, ғұрыптық қарсылық түрінде пайда болады, тек өзінің ұстанған жолының дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Сектоларға тән нәрсе - өздерінің құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау.
Мифология дегеніміз – адамдардың өздерін қоршаған орта туралы түсінігін тарихи, өздігінен болды деп сенетін түрлі бейнелер, кейіпкерлер мен оқиғалар арқылы жеткізу. Бірақ, бұл бір ғана құбылысқа, жеке бейнеге, бір оқиғаға қатысты болса, ол миф деп аталады. Ал мифология – адамдардың жалпы дүниетанымынан хабардар ететін немесе соны тегістей дерлік қамтитын осы мифтердің қатар түзеген жүйесі. Ғалымдар мифологияны ұжымдық сана деп есептейді.
Мифтер өзінің мазмұнына қарай космогониялық (әлемнің жаратылысы туралы), теогониялық (құдайлардың пайда болуы туралы), астрогониялық (планеталар мен жұлдыздардың пайда болуы туралы), антропогендік (адамның пайда болуы туралы), этногендік (рулар мен тайпалардың пайда болуы туралы), эсхатологиялық (ақырзаман, топан суы туралы), қаһармандық, т.с.с. болып бірнешеге тарайды. Осылай сананың пайда болып, жетілуінің ең ерте кезінде мифология әлемді танудың, қабылдаудың және әлемдегі барды түсінудің бір тәсілі, сол кездегі адамдардың білімінің жиынтық көрінісі болды.
Бақылау сұрақтары
1.Діни сана құрылымы
2.Мифология дегеніміз не?
3.Діннің қоғамдағы ролі
Тест сұрақтары
-
«Отқа май қую» магияның қай түріне жатады
а) тұрмыстық
б) шаруашалық
в) зиянкестік
г) емдеу
-
Ежелгі адамдардың өздерін жануарлардың, өсімдіктердің бір түрімен туыс деген діни сенім формасы
а) тотемизм
б) анимизм
в) фетешизм
г) магия
2-тақырып
АЛҒАШҚЫ ДІНИ НАНЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ
1. Фетишизм
2. Тотемизм
3. Анимизм
4. Магия
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Философиялық сөздік. – Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 1996 ж.
2.Жүнісұлы М. Фундаментализм деген не? // «Заман-Қазақстан».-1998 ж.
3.Любимов Л. Ежелгі дүние өнері.-Алматы,1983 ж.
4.Любимов Л. Ежелгі орыс өнері.-Алматы,1989 ж.
5.Любимов Л. Батыс Европа өнері.-Алматы,1989 ж.
6.12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясы».-1976 ж.
7..Ғ. Есім. Суфизмге кіріспе. – Алматы, 1997ж.
Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар “прамонотеизм” және адамзат тарихындағы “дінге дейінгі кезең” теориялары. “Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға иланған, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді. “Дінге дейінгі кезең” теориясы алғашқы қауымдық құрылыста адамдарда ешқандай дін болған емес деген қағидаға сүйенеді.
Фетишизм (“ерекше қасиеті бар зат” португал. сөзінен) – жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген. Фетишизм пұтқа табынудан, бойтұмар тағынудан, т.с.с.-дан айқын көрінеді. Бұл заттарда рухтардың, аруақтардың, тотемдердің қуаты бар деп саналады. Яғни, бұл өмірдегі күнделікті заттар құдыреттің символына айналдырылады. Осыдан о дүние туралы, табиғаттан тыс күштер туралы сенім қалыптасады.
Тотемизм (ототеман – Солтүстік Америка үндістерінің тілінен, “оның тегі” деген мағына береді) құбылысын неғұрлым терең зерттеген ғалым – дін социологиясының негізін салушы болып танылатын Э.Дюркгейм діннің көне наным нысандары және олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы болып табылады деген тұжырымға келеді.
Э.Дюркгейм бойынша, діни сенімдердің бастауы – қоғамның өзі және көнедегі ең қарапайым формасы осы тотемизм. Тотем белгілі бір әлеуметтік топ үшін оның генеологиялық бастауы әрі желеп-жебеушісі рәміз (символ) әрі ең басты құндылық. Сондықтан осы (белгілі бір құс, аң немесе өсімдік) құлшылық объектісі, осымен бірге сол топты біріктіруші, рулық, тайпалық тұтастығын сақтаушы.
Анимизм (латын тілінде animus – жан, рух) жан мен рухты тірі және өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен яки оның бір бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белгілі бір затқа дари алалды.
Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген адам Дж. Фрезер. Ол өзінің “Алтын бұтақ” атты көлемді еңғбегінде магияны көне дін емес, қарапайым ойлау тәсілі, наным түрі деген тұжырым жасайды. Оның ойынша, магия жоғалған жерде дін пайда бола бастайды. Дін құдіретке сенім, соған тәуелділік арқылы адамның өзін өзі тануына мүмкіндік ашады.
Ал Леви-Брюль адамның ой қабілеті, әсіресе қауымдық құрылыс кезінде, логикалық және пралогикалық деген екі бөліктен тұрады, біріншісі логикалық ойлау заңдылықтары бойынша дамиды, екіншісі кездейсоқ және мүмкін болатын жаратылыс, әлеуметтік құбылыстарымен байланысты, ойлаудың осы екінші бөлегі жаратылыстан тыс күштерге илануға, пралогикалық магиялық ойлаудың тууына негіз болды, осылай әлемді діни тұрғыдан зерделеудің тағы бір ізі салынды, деп санайды.
Осы мәселемен шұғылданған ғалымдардың тағы бірі – Б.Малиновский бастапқы қауымдық құрылыста адамдар өз мүмкіндіктері көлеміндегі істерге қатысты ұтымды ойлауға қаблетті болды. Бірақ, өз мүмкіндіктерінен тысқары нәрселер алдына келгенде тосылып, осыдан тылсым ұғымы қалыптаса бастаған деген тұжырым жасайды. Ғалым өзінің “Магия, ғылым және дін” (1926) атты еңбегінде магияның қоғамға ықпалы жаратылыс құбылыстарын таным дәрежесіне байланысты, оның әлеуметтік қызметі – адамның саналуан жағдайларды шешім табу мүмкіндігінде, деген байлам жасайды.
Рефераттардың тақырыбы
-
Фетишизм және тотемизм
-
Магия
Бақылау сұрақтары
1.Фетишизм
2. Тұрмыстық магия
3.Тотемизм
4.Анимизм
Тест сұрақтары
1.Объективті дүниедегі құбылыстарды сиқырлық жолмен өзінің қызметкері етуге болады деп сенетін дін
а) магия
б) монотеизм
в) шаманизм
г) фетешизм
2.«Тасаттық» магияның қай түріне жатады?
а) шаруашалық
б) тұрмыстық
в) зиянкестік
г) емдеу
3-тақырып
АЛҒАШҚЫ ДІНИ НАНЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ
1. Шаманизм
2. Политизм
3. Монотизм
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Философиялық сөздік. – Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 1996 ж.
2.Жүнісұлы М. Фундаментализм деген не? // «Заман-Қазақстан».-1998 ж.
3.Любимов Л. Ежелгі дүние өнері.-Алматы,1983 ж.
4.Любимов Л. Ежелгі орыс өнері.-Алматы,1989 ж.
5.Любимов Л. Батыс Европа өнері.-Алматы,1989 ж.
6.12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясы».-1976 ж.
7..Ғ. Есім. Суфизмге кіріспе. – Алматы, 1997ж.
Магияны ғұрыптық тұрғысынан қарастыра келіп, ғалымдар әсер ету тәсіліне қарай: 1) тікелей әсер ету, 2) инициалды (қол жетпейтін объектіге әсері), 3) парциалды (тамаққа, тағы басқа нәрселер арқылы әсер ету), 4) имитативті (ұқсас нәрсеге әсер ету) деп жіктейді. Ол сонымен бірге мақсатына қарай : 1) әскери, 2) кәсіптік, 3) емдік сияқтылар болып бөлініп кете береді.
Осылайша алғашқы адамдардың ойы мен санасында адамның болмыс шындығының көрінісі болып табылатын көне діни түсініктердің тұтас кешені жасалған. Олардан адамзаттың неолиттен бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолын көреміз.
Шаманизм - алғашқы діни сенімдердің ішіндегі ең күрделісі, шаманизм (бақсылық). Бұл діни сенім Сібір, Солтүстік Америка, Орта Азия, Қазақстан жерлерінде тараған.
Бақсылар - жер бетіндегі “жандармен” сөйлесе алатын болғандықтан, қарапайым адамдар бақсыларға сенетін де, олардан қорқатын.
Қазақ бақсылары өздерінің тәжірибесінде арнайы бақсылық өлең-сарынды пайдаланды. Қазақ бақсылары қобыз, қамшы пайдаланды.
Бақсылар өздерінің “жынын” қызыл шұбар айдаһар, “қара шұбар жолбарыс”, “зу тісі балғадай қара бура”, “бір мүйізі жер тіреген көк бұқа” т.б. қаралы дауыл бейнесінде алады. Бақсылықтың негізгі мазмұны – шын шайтанға сену, олармен “тілдесе” алатын қабілеті барлығына көпшілікті сендіру.
Бақсылықтың өзіндік мифологиясы да бар. Әртүрлі аңыз-ертегілерде бақсылардың жалаң аяқ қызған темірді басқаны, оны тілмен жалағаны, өткір пышақтың үстімен жүргені т.б. аңыздары бар.
Политеизм латынның поли – көп жне гректің ти – дін деген сөздерінен шыққан. Өндіріс ірі жетістіктерге жетуіне байланысты адамдар арасындағы қатынастар да күрделенеді. Осыған орай діни түсініктер де өз мазмұнын өзгертіп, неғұрлым күрделі түрге ауыса бастады, жеке заттар мен құбылыстарға табыну орнына, сол заттар мен құбылыстардың рухына, иесіне табыну пайда болды. Ерте ғасырлардағы Египеттегі, Вавилондағы, Грециядағы, Римдегі діндер полоитейстік діни сенімдерге мысал бола алды.
Таптық теңсіздіктің күшейуіне және бар билікті өз қолына жинаған мемлекетті жалғыз басқарушы император, патшалардың шығуына байланысты дін де өзгере бастады. Көп құдайлардың ішінен бір құдай негізгі, ең құдыретті, ең басты құдай болып бөлініп, монотейстік (бір құдайға сену) пайда болды. Монотейстік діндер қатарына иудеизм, буддизм, христиан және ислам діндері жатады.
Реферат тақырыбы
1.Алғашқы діни нанымдар және олардың мәні
2.Шаманизм және политизм
Бақылау сұрақтары
1.Шамандық
2.Политеизм
3.Монотеизм
Тест сұрақтары
1.Көп құдайға табыну
а) полетеизм
б) шаманизм
в) фетешизм
г) тотемизм
2.Көп құдайға табыну
а) полетеизм
б) шаманизм
в) фетешизм
г) тотемизм
4-тақырып
ҰЛТТЫҚ ДІНДЕР
1. Қосөзен аралығындағы діндер
2. Көне Грециядағы дін
3. Көне Римдегі дін
4. Көне Түріктердің діні
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Любимов Л. Ежелгі дүние өнері.-Алматы,1983 ж.
2.Любимов Л. Ежелгі орыс өнері.-Алматы,1989 ж.
3.Любимов Л. Батыс Европа өнері.-Алматы,1989 ж.
4.12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясы».-1976 ж.
5.Ғ. Есім. Суфизмге кіріспе. – Алматы, 1997 ж.
Көне шумерлер б.д. дейінгі VI мыңжылдықтың соңын ала Тигр мен Ефрат өзендерінің аңғарларына қоныстанып (қазіргі Ирактың территориясы), тұңғыш қала – мемлекет орнатты. Б.д. дейінгі ІІ мыңжылдыққа қарай шумер өркениеті құлдырады. Бірақ, шумерлердің діни нанымдары аккадтықтарға – вавилондықтар мен ассириялықтарға мұра болып қалды. Көне шумерлердің құдайлары барлық қала-мемлекеттер үшін ортақ болғанымен, олардың әрқайсысының ерекше табынатын құдайлары болды. Мәселен, Нуппурда Эниль құдайы “ауа әміршісі” және “құдайлар патшасы” деп дәріптелсе, Эреду қаласында даналық және әлемдік Мұхит құдайы Энка, Урук қаласында аспан құдайы Ан, Наннада соғыс құдайы Инан-на әспеттелді. Шумер мифологиясында бала көтерген әйел түрінде кескінделетін Ұлы Ана кейіпіндегі Жер ерекше құрметтеледі.
Көне грек мифологиясы. Дінтану – көне грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі. Олар – хтон (грек тіл. - жер) немесе Олимпке дейінгі кезең, классикалық немесе Олимп кезеңі және бертінгі немесе героикалық кезең.
Бірінші, хтон кезеңіндегі мифтік ұғым бойынша бүкіл әлемнің, барлық тіршіліктің негізі әрі анасы – асыраушы Ұлы Жер-Ана. Мифология бойынша жер тіршілік иесі және оның барлық тіршілік белгілері бар. Олар қоршаған ортадан, адамның өзінің қимыл-әрекеттерінен, мінез-құлықтарынан көрініс береді. Бұл кезеңдердегі мифологияның басты кейіпкерлері – медуза, химера, гидра т.б.
Классикалық немесе Олимп кезеңі патриархатқа өтумен, алғашқы мемлекеттердің пайда болуымен ерекшеленеді. Бұл тұтастай мифологияның жаңа арнаға өтуіне жол ашты. Табиғат құбылыстарымен шендестірілген құбыжық құдайлар орнына адамға қайырымды құдайлар бейнелері пайда бола бастайды. Жаңа құдайлар әлемнің, қоғамның және адамның тұтастығы үшін күрескерлер болып суреттеледі. Олардың барлығы әлемнің тең ортасы деп танылған Олимп тауына топтастырылды. Осы орталықты айнала қоршаған космос кеңістігі ұғымы қалыптасты. Бұдан шет жақтан, бұрынғы және бір ізге түсірілмеген дүние, жоқ болмыс Хаос деген түсінік орнықты.
Грек діндері адамның тән сұлулығын уағыздайды. Бұл белгілі мерзімде өткізіліп отыратын бейбіт сайыстарынан көрініс тапты. Тәні сау, күшті адамдарды көріп, құдайлар разы болып отырады деп санады. Біртіндеп бұл сайыстар Олимп ойындарына ауысты. Барлық құдайларға арналған осы ойын кезінде соғыс қимылдары тоқтатылатын болды. Олимп ойындарының өткізілуімен байланысты жыл есебі жүргізілетін болды (жыл есебі б.д.д. 776 жылдан басталды).
Көне Рим мәдениетіне көне Греция мен этрускілер дінінің орасан ықпалы болды. Римдіктер өз құдайлары мен ғұрыптарын этрускілерден қабылдады. Этрускілерде бірінші орында аспан құдайы Тин тұрды, одан кейінгі орындарда патшалық әмір құдайы Уни (римдіктерде- Юнона), қолөнер кәсіпшілігі құдайы Менерва (римдіктерде – Минерва)болды. Бұлар құдайлардың ерекше қадірлі үштігін құрады. Туран әйел құдайы табиғатты, Аллу табындағы малдарды қорғаушы саналды.
Этрускілерде жер асты отының құдайы Веханс аталса, римдіктер оны Вулкан деп атады. Теңіз құдайы Нефунс Нептун, соғыс құдайы Марис Марс болып өзгеріп енді. Этрускілер мифологиясында әлем үш қабатты: бірінші, төменгі қабаты – тамұқ, ортаңғы қабаты – жер, жоғарғы қабаты – аспан. Осы үшеуіндегі құбылыстар бір-бірімен байланысты, қатар жүріп отырады.
Рим дінінің қасиетті рәсімдері понтификте - діни кітаптарда рет-ретімен жазылып, шариғат түрінде бекітіліп, қатаң тәртіппен өткізілді.
Понтификтерге түрлі жағдайларға байланысты шығарылған қаулылардан түсіндірмелер жасалып отырды. Бас понтификке жылнама және мерекелер күнтізбесі жазылды. Құдайға құлшылық үстінде оқылатын дұғалардың, құдайға жалбарынудың арнайы кітапқа тіркелген қатаң формуласы – индигаменті болды.
Көне дәуірден бермен қарай еркек және әйел кейпінде қатар бейнеленетін құдай дағуасындағылар мен нуминдер (құдіретті күштер) ерекше құрметтелді. Көне римдіктер өз халқының тарихын мифке айналдырып, ата-баба аруақтарына құлшылық етті.
Римдіктердің басты және ең мәртебелі құдайы – Юпитер. Ол – шарап жасау, антқа беріктік пен шекара беріктігі, жеңімпаз соғыс құдайы, республиканың және Рим императорларының жебеушісі.
Реферат тақырыбы
1. Қосөзен аралығындағы діндер
2.Көне грек мифологиясы
Бақылау сұрақтары
1.Рим дінінің қасиетті рәсімдері
2.Көне Түріктердің діні
Тест сұрақтары
1.Қосөзен аралығындағы аспан құдайы
а) Ан
б) Ра
в) Сет
г) Осириус
2.Римдегі үй ошағын қамқоршысы
а) Веета
б) Юпитер
в) Марс
г) Меневра
3.Грециядағы даналық, жеңіс құдайы
а) Афина
б) Зевс
в) Юпитер
г) Аид
4.Индия, Непал, Бирма, Комбоджа т.б. елдерде тараған әлемдік дін
а) Будда
б) Ислам
в) Христиан
г) Индуизм
5- тақырып
ҰЛТТЫҚ ДІНДЕР
1. Индуизм
2. Иудайзм
3. Брахман діні
4. Синтоизм
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Любимов Л. Ежелгі дүние өнері.-Алматы,1983 ж.
2.Любимов Л. Ежелгі орыс өнері.-Алматы,1989 ж.
3.Любимов Л. Батыс Европа өнері.-Алматы,1989 ж.
4.12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясы».-1976 ж.
5.Ғ. Есім. Суфизмге кіріспе. – Алматы, 1997 ж.
Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар: қасиетті істер жолы (медитация және құдіретті болмыс туралы ойлар); адалдық жолы (құдайға және оның рахымына сену).
Индуизмнің тұңғыш қауымы – “адживака” тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. “Адживака” діни идеяларын “бхагаватами” толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. ХІІ ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты.
XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла бастады. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды.
Иудаизм – монотеистік дін. Құдай жалғыз, ол мәңгі жасайды, ол барлық жерде, бәрін көреді, бәрін біледі, заттық сипаты, айқын кескіні жоқ. Сондықтан христиан дініндегідей оның суретін салу мүмкін емес. Тіптен оның есімін тура атауға болмайды. Құдайдан өзгеге (періштелерге, әулиелерге, жұлдыздарға т.б.) құлшылық жасау - күнә.
Құдай заттық әлемді жеті күн ішінде өзінің сөзімен жаратты. Бұл жағынан иудаизм исламмен үндес келеді. Құдайдың ең сүйіп жаратқан мақлұғы – адам. Ол адамды дене мен рухтан жаратты. Екеуі де құдай әмірімен жаратылуынан және тән рухтың мекені болуы себепті, адам тәні әуелгі баста күнәдан пәк. Адамға ерік берілген. Сондықтан ол тәнін күнә жолына да, сауап жолына да пайдалана алады.
Брахман діні. Брахман діні біздің жыл санауымызға дейінгі X-VII ғасырларда дін түрінде қалыптасты. Оған көне үнділер қоғамының Харапп өркениеті кезінен (б.э.д. екі мыңыншы ж.ж.) төрт түрлі каста мен варналарға (адамдардың тобына) жіктелуі негіз болды. Олар былайша жіктелді: брахмандар – дін басшылары кастасы; кшатрий - әскери ақсүйектер варнасы; вайшья – диқандар, майдагерлер мен бақалшылар варнасы және шудра – қоғамдық меншіктен аласталған, өзінен ілгергілерге қызмен етуші ең төменгі варна.
Жапонияда орныққан дін жүйесін европалық ғылым синтоизм деп атайды. Бірақ, бұл дәл атау емес. Синто – жапон діни нанымдарының қытайша жиынтық атауы. Жапондықтардың өздері оны каминомити (“құдайлар жолы”) деп атайды.
Жапондықтардың діни сенімдері ҮІІІ ғасырда Кодзики және Никонги деген жинақтарға біріктіріліп, біздің заманымызға өзінің бастапқы үлгісінде жеткен мифологияға негізделеді. Оларда барша әлемді жаратушы құдайлар түсінігі жоқ. Көне мифтердегі нами құдайларын әлем жаратылғаннан кейін келіп, жер-дүниені тәртіпке келтіруші жалпылама сипаттағы бейнелер десе болады. Жер бетіне шығатын батпақ құдайы, оның қарындасы – құм құдай, т.б. құдайлар туралы мифтерді жапондықтардың өздері мекен ететін аралықтардың пайда болуы жөніндегі қияли түсініктері тұрғысынан қарастырған дұрысырақ тәрізді.
Жапон мифологиясындағы тұңғыш антроморфтың (адам бейнесіндегі) құдайлар – Идзанаки мен Идзанами. Кейде оларды Адам-Ата мен Хауа-Анамен салыстырып, Жапонияда пайда болған бірінші адамдар ретінде де қарастырады. Аңыз бойынша олар көпірдің үстінде тұрып, найзаларының ұшын мұхитқа батырып, қайта тартып алғанда ілесе шыққан тамшылар қайтып, құрлыққа айналған. Осылай жапон аралдары пайда болған. Олардан жел, ағаш, тау, тұман құдайлары, тағы басқа құдайлар туған. Идзамани өлген соң қара ниетті күштерді бейнелейтін жер астындағы ажал патшалығы құдайына айналған. Ал Идзанакидің сол көзін жуған судың бір тамшысынан күн құдайы Аматэрасу, оң көзін шайған судың тамшысынан түн құдайы Цукуеми, мұрнынан тамған тамшыдан тентектігімен белгілі су құдайы Сусаноо жаралған.
Жапондықтардың ең сүйікті құдайы – барлық жасампаздық игі істердің бастауы, көркем Аматэрасу. Синтоизм пантеонында бұдан өзге мыңға жуық құдай бар. Тіптен оларды құдай дегеннен гөрі рух немесе ие деген орынды.
Реферат тақырыбы
-
Иудаизм – монотеистік дін
-
Брахман діні.
Бақылау сұрақтары
1.Синонтизм
2.Иудаизм
Тест сұрақтары
1.Қасиетті кітап «Кодзики» қайсы дінге тиесілі
а) Синтоизм
б) Синонизм
в) Иудаизм
г) Индуизм
2.Аматэрасу Омиками құдайы қасы дінге тиесілі
а) Синтоизм
б) Синонизм
в) Иудаизм
г) Индуизм
3.Үнді елінде кең тараған ұлттық дін
а) Индуизм
б) Иудаизм
в) Джайнизм
г) Сикхизм
4.Брахма, Вишну, Шива құдайлары қайсы дінге тиесілі
а) Индуизм
б) Иудаизм
в) Джайнизм
г) Сикхизм
6- тақырып
ҰЛТТЫҚ ДІНДЕР
1. Джайнизм
2. Сикхизм
3. Конфуциандық
4. Даосизм
5. Зороастризм
Пайдаланатын әдебиеттер:
1Философиялық сөздік. – Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 1996 ж.
2.Жүнісұлы М. Фундаментализм деген не? // «Заман-Қазақстан».-1998 ж.
3.Любимов Л. Ежелгі дүние өнері.-Алматы,1983 ж.
4.Любимов Л. Ежелгі орыс өнері.-Алматы,1989 ж.
5.Любимов Л. Батыс Европа өнері.-Алматы,1989 ж.
6.12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясы».-1976 ж.
7.Ғ. Есім. Суфизмге кіріспе. – Алматы, 1997 ж.
8.Б. Ғабдуллин. Шоқан, Ыбырай және Абай дін туралы. – Алматы, «Қазақстан»-1998 ж.
9.Аюпов Н.Г. Тенгрианство. – Алматы, 1998
Біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІ ғасырда Қытайда жаңа философиялық-дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесінде орнықты. Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзы немесе Кун-ұстаз (европалық транскрипцияда - Конфуций) болды. Конфуций б.э. дейінгі 551 жылы туып, 407 жылы дүниеден өтті.
Конфуцийлік тоғыз кітап аталатын жинақ осы Конфуций қаламынан туған шығармалардан құралған деп саналады. Бірақ, олардың бәрі бірдей Конфуций туындылары емес. Бұл аса көлемді еңбектің бірінші сериясы мынадай бес кітаптан тұрады:
Конфуций ілімі – тұтасымен дерлік адамшылық туралы ілім. Мұнда құдай турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып білуге адамның ақылы жетпейді.
Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе - әлемнің, адамзаттың жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмайды. Бірақ, ғұлама қытай тарихында тұңғыш рет көне мифологияны тәпіштеп жазып шыққан. Мұны ол дінге, көне мифтердегі айтылатын құдайларға сенгендігінен емес, тарих және халықтың ғасырлар бойы орныққан дәстүрі болғандығынан жазған және осы дәстүрлерді мейлінше мұқият сақтауға уағыздаған. Бұл дәстүрлер неғұрлым көне болса, олар соғұрлым маңзды және құнды деп есептелген.
Орта ғасырда даосизм философиялық мектеп және діни ілім болып екіге бөлінді. Ұстаздың дүниеге келуі, жасаған кереметтері туралы түрлі аңыздар пайда болды. Ол құдай дағуасына көтерілді. Дао діннің ортодоксалды кітаптары пайда болды. Солардың бірі - “Әрекеттер мен жазалар туралы” кітап. Ол екі жүз он екі нұсқау мен өсиеттен тұрады.
Кітаптың басты желісі – жақсылық пен жамандықтың адамға қайтуы. Адамның әр жасаған жамандығы оның ғұмырын қысқартады, мәселен, зұлымдық адам жасын он екі жылға, шамалы әбестьік жүз күнге қысқартады, делінеді. Кітаптан барлық діндерде уағыздалатын кісі өлтірме, ұрлық жасама, жанды нәрсеге қиянат қылма деген сияқты қағидалармен қатар “жылама және теріскейге қарап түкірме” деген мазмұндағы кеңестерді де оқи аламыз. Дао үлкенді сыйлау мәселесіне ерекше маңыз береді. Ол балаға теріс айналып, ата-анасына жонын көрсетудің өзіне қатаң тиым салады.
Дао дінінде тылсым мен сиқыр басым. Бес элемент – металл, ағаш, су, от және топырақ киелі саналады. Жыланға, айдаһарға, кей ағаштарға құлшылық ұрылды. Дао ғұламалары ортағасырлық Европа сиқыршылары тәрізді алхимиямен шұғылданды, адамға мәңгілік ғұмыр беретін “сиқырлы элексир” іздеумен айналысты. Олар химия, металдар мен минералдардың қасиеттері туралы бірқатар жаңалықтар ашты, бағалы дәрі-дәрмектер жасады. Әсіресе, дәстүрлі қытай медицинасының басты элементіне айналған инемен емдеуде үлкен табыстарға жетті.
Даосизм ешқашан біртекті болған емес. Ол ерте кездердің өзінде бірнеше мектептер мен ағымдарға бөлініп кетті. 1927 жылы Қызыл Армия дао тянь-шиінің ордасын тақандады. “Мәдени революция” тұсында даосизм екінші рет қуғынға ұшырады. Қазір ол өз отанында қайтадан жанданып келеді.
Заратуштра аңыз бойынша біздің дәуірімізге дейінгі 1500-1200 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол отқа, қайырымдылық құдайы Ахурамаздағы табынуға негізделген жаңа дін жүйесін, әлемдік этика үлгісін жасады. Ол үшін Жақсылық пен Жамандық адам жанының да, тіптен адамзаттың да проблемасы болған емес. Бұлар – Космос құдіреттері еді.
Заратуштра діні қазіргі Иран территориясында пайда болған. Екінші бір деректерде Заратуштра б.э. дейінгі VII-VI ғасырлар шамасында мидияда дүниеге келген. Туғанда оған ата-анасы Спитама есімін берген. Спитама жиырма жасынан дала кезіп кетіп, он жыл бойы өз ойымен болып, тақуалықпен жалғыз өмір сүрген. Оған ұлы құдай – Ахурамазда және оның жеті сипаты туралы аян келеді. Өсиеттеріне өз жұртын сендіре алмаған Спитама Отанынан безіп, шығысқа, Амудария бойына, ол кездегі Бактрия мемлекетіне бет алады. Ол ел-елді аралай жүріп, жаңа дінді насихаттаудан жалықпайды, Ахурамазда туралы гимн айтумен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |