Қандай да болмасын тексерудің мақсаты — сөз іскерлігінің қалыптасу деңгейін анықтау және оқушылардың мәтінді қаншалықты толық және дәл түсінгенін анықтау. Қазіргі методикада аудиомәтінді түсінудің мынадай деңгейлерін ажыратады:
1) фрагментарлы түрде (үстіртін) түсіну деңгейі;
2) глобалды түрде (жалпы түрде) түсінү деңгейі;
3) детальды түрде (толық) түсіну деңгейі;
4)сын көзбен қарау деңгейінде түсіну.
Үстіртін түсіну деңгейі тыңдап-түсіну қабілетін қалыптаспағандығының куәсі. Оқушылардың мәтінді қалай, қаншалықты толық түсінгенін тексеру үшін соңғы үш деңгейін тексеру керек.
Оқушылардың мәтінді жалпы түрде түсінгенін тексеру үшін мынадай жаттығулар жасаған жөн:
а) мұғалім мәтіннің мазмұнына сұрақтар кояды да, әр сұрақка өзі екі жауап ұсынады. Олардың бірі дұрыс жауап, екіншісі қате жауап. Оқушы дұрыс жауапты табуы керек;
ә) мәтінді тыңдағаннан кейін мұғалім үш-төрт сөйлем айтады. Соның біреуі ғана тыңдаған мәтіннің мазмұнына сәйкес келеді. Оқушылар осы сөйлемді табуға тиіс.
Аудиомәтінді толық түсінгенін тексеру үшін мынадай жаттығулар жасалады:
а) мәтінді тыңдап болған соң, оқушыларға оның
мазмұнын жазбаша түрде қайталайтын мәтін береміз.
Мұнда бірнеше сәздер қалып қойған (2—3 сөзден 8—10
сөзге дейін). Оқушылар осы жазбаша мәтінді оқып
отырып, қалып қойған сөздерді қосып, толықтырады;
ә) мұғалім мәтіннің мазмұнына сұрақтар қойып, оқушылар сол сүрактарға жауап береді;
б) оқушылар мәтіннің мазмұнын неміс тілінде немесе қазақ тілінде айтып береді;
в) тыңдаған мәтінді мағыналық үзінділерге бөліп, оларға тақырып табады;
г) мәтінге толық жоспар жасайды.
Аудиомәтінді сын көзімен түсіну деңгейін тексеру үшін мынадай жаттығулар жасау керек:
а) тыңдаған мәтіндегі оқиғаға баға беру;
ә) мәтіннің негізгі ойларын табу;
б) мәтіннің мазмұнын реферат түрінде қайта айтып беру;
в) мәтінге түсініктеме жасау т. б.
IV.Сөйлеуге үйрету методикасы
1.Сөйлеу — сөз әрекетінің бір түрі.
2.Монолог сөзге үйрету
Адам енбектін ќай түрімен де айналысса да, өмірге ен алдымен ќайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Іс-әрекет аркылы адамның рухани өмір байлығы: аќыл-ой теревдігі, күйіну -сүйіну калпы, киялдау ќабілеті мен ерік-жігері, икемділігі мен мінез-ќ±лқы сипаты ашылады.
Іс-әрекет үстінде сана ќалыптасады. Іс-әрекет әлуметгік категория. Іс-әрекеттін кандай түрі болса да ќозғалыс күйінде өтеді: мейлі ол жазу жазғанда, станокта енбек операциясын орындаған кездегі ќолдың бұлшык еттердін козғалысы болама немесе сөз сөөйлеген кездегі сөйлеу апаратынын кимылы ма- бәрі бір.
Қозғалыс дегеніміз тірі адам организмінін маторлық кызыметі. Адамнын барлык ќимылын екі топка бөлеміз: туа болатын(шартсыз рефлекторлык) және үйрену арќылы болатын (шартты рефлекторлык). Қозғалыстың көбін адам өмір тәжірибесінен алады, ал шағын ғана түрі пайда болады.
Затќа бағытталған және белгілі мақсат көздеген ќозғалыстарды әрекет деп атайды. Психологияа әрекеттін екі түрі болады: бірі дененін затпен айналасу әрекеті сырткы моторлык және акыл-ойдын психикалык реалдык пен әрекеті. Акыл-ой әреќетін игерген адам өзі тындырмак болған істі, сырткы әрекетке кіріспес бүрын әуелі ой елегінен өткізіп алады, көзге елестетіп көреді, сөзбен сипаттайды. Ақыл-ой әрекетін заттар мен әрекет түрінде сыртќа шығару экстриоризация деп аталынады. Сыртқы іс -әрекет ішкі іс-әрекетгін бакылауымен жүргізіледі. Адам іс-әрекетінің барысын күні бұрын жоспарланған және бейнелер мен ой түрінде баста журген харекетпен салыстырады. Наќты әрекетті бүлайша топшалау және оны реттеу мүмкіндігі әрекет акцепторы деп аталады. Іс-әрекет адамнын өмір жолын аныќтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі катынас бар. Бір жағынан психикалык әрекетте ќалыптасады және көрініс танытады, екінші жағынан психиканы реттеп отырады. Іс-әрекеттін психиканы ќалыптастырушылык рөлін әртүрлі салада істеп жұрген адамдардың ерекшеліктерін салыстыру аркылы көруге болады.Психологиянын іс-әрекет ерекшеліктерін салалардын болуы кездейсоќ емес. Іс әрекеттін түрі адамнын бойында тұрақты бір белгілердіц ќалыптастырады сол себептің мінез-ќ±лыќтын бірер көрінісіне ќарап, кейде сырткы пішініне ќарап-ак адамныњ ќай мамандық иесі екенін білеміз. Мұғалім жеке басының ќасиетін зертей отырып, балаларды оқытып, тәрбиелеуде оныњ шеберлік таныта алуына ќай ќасиеті кемектесуге болатынын білеміз.
Адамнын ењ жакын ерекшеліктерінін бірі - онын сөйлеу ќабілеттілігі. Сөз адам психикасынын өмір сүруінін аса тиімді факторы.Іс-әрекетсіз коғам ыдырап кетеді. Іс-әрекет жасауда мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Біздің миымыздың белсенділігі екінші сигнал кызметімен байланысты. Сондыктан адамнын барлык психикалык ерекшеліктері сөйлеу арќылы ғана көрініп, өмір сүреді. Адам іс-әрекеті таным және енбек пен ќатар жеке адамды ќалыптастыратын аса мањызды түрі болып табылады.
Сөйлеу дегеніміз тілдіњ көмегімен ќарым-ќатынас жасау. Психологиялык зерттеу объекті рухани мәдениет қүбылысына жататын сөйлеу болып табылады.
Таным процессінін негізгі түрініњ бірі- сөйлеу, адамдардыњ дыбысты тіл арќылы өзара ќарым-ќатынас процессін "сөйлеу" деп атаймыз. Бүл ќарым-ќатынасты әр адам өзінше, тіл ќұралдары арќылы іске асырады. Ал тіл болса сол ќүралдың (дыбыс, сөз , сөйлем) осылардын арасындағы байланыс жүйесі, яғни дыбыс ќоры сондай-аќ
граматикалык формалары болып табылады. Тіл ќоғамдык даму барысында, адамдардын өзара сөйлеу, карым-катынас жасау процесінде пайда болған, сөйтіп адам сөйтіп дайын тілді ұйренген. Ойлау мен сөйлеу бір-бірімен тығыз байланыста.Адам ойлағанда, әдетте өз ойын іштей сөз және сөз тізбегі аркылы кұрап, іштей сөйлеу деп аталатын түрді береді. Іштей бір-екі сөз кұрап алмай бір нәрсені ойлап алмаймыз. Кей де адам өз ойын сөзбен жеткізіп, айтып бере алмайтын жағдайлары да болады. Сөз және сөйлеу тек адам баласына ғана тән ќұбылыс. Адамда сез байлығынын бір себебі адамдардың өзара сөйлеуі ұшін жоғары дамыған және өте нәзік анатомиялык-физиологиялык сөйлеу мүшесінін аппараты болуында. Бұл аппарат ата-бабамыздын біртіндеп адамға айналу процессінде пайда болған. Егер тұйсік, ќабылдау және ес бірінші сигнал системасына жатса, ал адам баласына тән сөйлеу екінші сигнал системасына жатады. Сөйлеудін тұрлері- сыртка естіртіп сөйлеуді сырткы сөйлеу дейміз, әрадам ойлаған кезде ішкі сөйлеуді пайдаланады. Сыртќы сейлеудін өзі ауызша сөйлеу және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Ауызша сөйлеу монологты және диалогты түрде болады. Монологты сөйлеу-бір ғана адамнын сөйлеуі (лекция, баяндама, әңгіме, жиналыста сөз сөйлеу) баска адамдарға, тындаушыларға қаратып айтылатын сөйлеуді монологты сөйлеу дейміз, әрі бұл сөйлеудін түрі тыңдаушы жок жерде де адам өзінен өзі дыбыстап сөйлеуі мүмкін. Бастауыш сыныптарда монологты сөйлеудін түрін шамадан тыс колдана берудін ќажеті шамалы, себебі төменгі сынып оќушыларынасабакты лекция түрінде түсіндіргеннен гөрі өзара, әңгіме ретінде түсіндірілсе, анағұрлым жаќсы тындалып, менгеріп алады.Ал екі адамнын немесе одан да көп адамдардың өзара әнгімелесуін диалогты сөйлеу дейміз.Сөйлеушілердің сөздер үнемі алма кезек келіп отырғандыктан, диалогты сөйлеу , монолог сиякы ұзак болмайды. Диалогты сөйлеу кай кезе диспут, пікірталас түрінде болып келеді, соныи барысында кейбір шешілм ей шешілмей жүрген мәселелер аныкталуы мүмкін. Бірішші сынып окушыларының сөздерінін мағаналық жағы әліде болса жетіле коймайды, сөздін мәнін түсіну көп жағдайда дәл болмайды.Төменгі сынып окушыларының сөйлу әрекеті, жас ерекшелігіне байланысты кемшіліктер кездесіп кана коймады, айналасьшдағы адамдардың саутсыздыктан кисык айтылған сөздерін тез қағып алу сиякты теріс кылыктар кездеседі. Балалар еліктеуге, біреудің кемшілігін, кемістігін тез көруге өте жакын түрады, сондыктан бастауыш сыныптын мұғалімі бірінші күннен бастап -ақ балалардын сөз бен сөйлемді өз мәнінде дүрыс ќолдануын бағалануы тиіс, баланын тілініін дүрыс дамуына, шығармашылыќ ќиялынын өрістеуіне көп әсерін тигізеді. Тілдің дамуында монологты сөйлеудін пайдасы мол, окушының ойын, сөзін бөлмей аяғына дейін тындап, сөңынан әңгіменін кемшіліктерін түзетіп отырса тиімді болады. Ал тілдің дамуында және лексикалыќ ќорды байытуда кітап оқудың маңызы өте зор. Сондыктан баланың мектепке алғаш келген күнінен бастап, олардын кітап оќуға деген ќұмарлығын арттыруға тәрбиелеу кажет. Бастауыш сынып оќушыларынын тілін дамытуда әртүрлі техникалык ќұралдар: диафильм, оку киносы, магнитафон т.б. керекті күралдардың пайдасы өте зор. Бірінші сынып окушыларынын тілінің әр ќарай дамуына, сөздік ќорының жана сөздермен толығуына әріп, сөз, дыбыс, буын, сөйлем т.б. әсері көп. Сонымен ќатар жазбаша сөйлеу баланын тіл мәдениетінін дамуына ерекше ыкпал жасайды. Баланы жазу сөзіне үйрету- бастауыш мектептегі окуды процентке шаќќанда жартысына жуығын алады. Өйткені жазу техникасьш игеру психологиялык тұрғыдан өте күрделі процесс. Сөздік ќоры дүрыс дамыған баланын жазу жүмыстары да жоғары дарежеде болады. Баланын жас ерекшелігіне сәйкес тілінін дамуын психолгиялыќ тұрғыдан карастырған Л.С. Выготский мен Швейцария психологы Жан Пиаже болды.
Психологиялык зерттеулердін бірінші принцпы психиканы зерттеудін объективтілік принцпы болып табылады. Бүл принцп кез-келген кұбылысты олар қандай болса, сол күйінде ќарауды ќажеттілігін білдіреді. Олар адам өмірінін сырткы жағдайлары және қызметімен өзара байланыста ғана зертгелуі мүмкін. Объектілік принцпы адамнын психикалык ерекшеліктері жайлы онын наќтылы істері мен ќылыќтарына ќарап ғана дұрыс пікірге келуге болатындыктан адамды ќызмет үрдісінде зерттеуді талап етеді. Бұл принцпті басшылыкка ала отырып, психикалык күбылыстарды сыртқы әсерлердін бейнелену ретінде ұғынылады. Әртүрлі жағдайларда, әртүрлі ќызмет бабында, басќа адамдар мен ќарым-ќатынасында жеке адамнын сан-саналы психикалык ерекшеліктері, жеке адам ретіндегі бет бейнесі ашылады. Соньшен бірге акикат өмірдін алуан салаларына ќарамастан, әр адам өз күйінде калады, тек езіне ғана тән индивидуалды психикалыќ ќасиеттерін саќтайды. Сондыќтан психологиялыќ зерттеулерді ќұру принцптерінің бірі жеке адамды анализдік - синтездік зертгеу принцпі болып табылады. Анализдік зертгеу психиканын элементтерін жеке адамныа өмірі және ќызыметінін әртүрлі жағдайда тануға мүмкіндік береді, ал синтездік зерттеу барлык жеке психикалык көріністердін езара байланысын аныктауға және белгілі бір адамды толык сипаттайтын түракты касиеттерді табуға көмектеседі.
Анализдік-синтездік принцпті ±стану ќажетгілігі жеке адамды терен , жан-жаќты зерттеу, танымдык , эмоциялык, ерік-жігерілік процестердін жеке жаќтарын, жеке ќасиеттерін зертгеу сияќты барлыќ осы сәттердін адамньщ тұтас психикалык бейнесіндегі взара байлаиыстарын, өзара шарттылыктарын зерттеуді ќажет ететіндігінен де болып отыр.Бұл екі бағыттын катан бірлікте болуы, бір жағынан, жеке керіністерін зерттеп мейлінше жеке адамнын психикалыќ ерекшеліктерін түсінуге және дүрыс бағалауға болмайтындығынан, ал екінші жағынан жеке адамның ерекшеліктерін оларды бір-бірімен салыстырымайынша, олардың өзара тәуелділігі мен бірлігін ашпайынша үгіттеуге болмайды.
Психологиялыќ зерттеулерді ќұруда анализдік синтезік принцпті басшылыќќа алу әр адамның психикалыќ бейнесінде белгілі тарихи кезендегі барлык адамға немесе белгілі тапќа тән жалпы ±ќсастыќ және ерекшелік, индивидуалды болатындыктан да ќажет. Жеке адамды зерттеу процессі кезінде онын ќандай жалпы типтік және индивидуалды касиеттерге ие екенін, осы ќасиеттерді ќалай ќалыптастыруда екендігін анықтау ќажет.
Сонымен психологиялык зертгеулерді құрудьщ негізгі принцптері: объективтілік принцпы, психикалыќ ќұбылыстарды оларды даму барысында зерттеу принцпі және жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу принцпі болып табылады.
V-VI.Ағылшын тілінде оқуға үйрету .Дауыстап оқудың түрлері
1.Оқу — сөз әрекетінің бір түрі
2. Оқытудың құралы.
3. Хормен оқу
4.Жеке-жеке оқу
Оқу процесін іске асыруға қажетті іскерліктер
мен дағдыларды әдетте екі топқа бөледі : а) оқу техникасымен байланысты іскерліктер мен дағдылар, яғни графикалық таңбаларды (әріптерді) қабылдап, оларды белгілі бір мағынамен ұштастыру іскерліктері мен дағдылары; ә) қабылдаған мәтіннің мазмұнын түсінумен, яғни әр деңгейдегі тіл единицаларының арасындағы мазмұнды анықтаумен байланысты іскерліктер мен дағдылар. Шынайы нағыз оқу актісінде кабылдау процестері мен оның мәнін түсіну процестері бір-бірінен ажырамастай тығыз байланысты, бұлар бір мезгілде өтеді және бір-біріне ықпалын тигізіп отырады
Тәжірибелі оқырманның техникалық дағдыларының
жетілгендігі жеңіл мәтінді тез оку барысында айқын
байқалады. Мәтінді ішінен тез оқудағы мақсат — оның
негізгі мазмұнын түсіну. Мұндай оқу процесін мынадай
схема түрінде көрсетуте болады. Оқудың бастапқы кезеңі —
мәтінді көру арқылы қабылдау. Оқырманның көзі жолды
бойлай бірқалыпты емес, секіртпелі түрде жылжып отыра-
ды. Тәжірибелі оқырман бір жолда 4—8 рет көз тоқта-
тады. Мұндай тоқтау кезінде (0,2 секөнд) жолдың белгілі
бір кесіндісін қабылдайды.
Сөзді көру арқылы қабылдау әрқашан оны айтумен қатар жүреді. Ішінен тез оқыған кезде сөздерді ішкі сөзде айту ықшамдалған түрде өтеді. Бұл аталған процестер бір мезгілде, көздің тоқтаған кезінде өте шығады, ал қабыдданған материал бірден мағыналық өңдеуден өтеді, яғни қабылданған единицаның мағынасы басқа единицалардың мағынасымен ұштастырылып, олармен байланысы және контекстік мағынасы анықталады, сөздер синтагмаларға ендіріледі, ал синтагмалар өзара ұштасып, сөйлемдерге ендіріледі, сөйлемдер мазмұндық үзінділерге, соңғылар — тұтас сөз туындыларына айналады.
Түсінудің негізгі сипаттары — толықтық, дәлдік және тереңдік, яғни оқырман қабылдаған мәтінді толық дәл және терең түсінуге тиіс. Түсінудің толықтығын оқушының, түсінген фактілерінің санымен өлшейді (мәтіндегі барлық ақпарат 100% деп қаралады); түсінудің дәлдігін оқушының қабылдауы мен автор ойының бір-біріне сәйкестігі арқылы өлшейді; ал қаншалықты терең ұғынғанын оқырманның қабылдаған ақпаратты өзінше түсіндіруі арқылы анықтайды.
Бір оқырман әр түрлі жағдайда оқып отырған мәтінді әр түрлі толықтықпен, дәлдікпен, әр түрлі деңгейде түсінеді, өйткені түсіну толықтығы, дәлдігі және тереңдігі мәтінді қандай мақсатпен оқуына байланысты. Сөз әрекетінің түрі ретінде оқуды мнемикалық, перцептивтік ойлау әрекеті деп атайды. Бұл әрекеттің процессуалдық жағының талдау-жинақтау сипаты бар және оның қалай өтуі оқырманның мақсатына байланысты
Оқу— шетел тілін оқытудың бір жағынан мақсаты болса, екінші жағынан ол оқытудың құралы болып табылады. Оқу процесінің қай кезеңінде қандай қызметті атқарып тұрғанын (оқыту мақсаты ма, әлде оқытудың құралы ма?) анық ажырата білу керек, өйткені барлық жұмыстың методикалық тұрғыдан қалай ұйымдастырылуы осы факторға байланысты Оқушылардың оқу іскерлігін меңгеруі — шетел тілін оқытудың практикалық мақсаттарының бірі. Оқушылар ағылшын тіліндегі мәтіндерді оқып оның мазмұнын түсінуге тиіс. Оқытудың мақсатын жүзеге асыру үшін, яғни оқушылар мәтінді ақпарат көзі ретінде пайдалана алу ушін олар оқудың кемелденген деңгейіне жетуге тиіс. Оқудың кемелдену дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін, ал орта мектепті бітірушілерден оның ең төменгі деңгейі талап етіледі. Бұл деңгей оқудың сөз әрекетінің түрі ретінде қызмет атқаруы үшін жеткілікті. Орта мектепте үйретілуге тиіс оқу түрлерін анықтауда ең алдымен практикалық мұқтаждық ескеріледі, яғни әрбір сауатты адам кітапты оқығанда белгілі бір коммуникативтік міндетті шешеді. Басты коммуникативтік міндетке байланысты барлық оқу ситуациялары екі топқа бөлінеді: а) оқу барысында оқырман тек қана мәтінде берілген ақпаратты қабылдауға байланысты жағдайлар және ә) сол оқу барысында ақпаратты қабылдаумен қатар бір мезгілде ақпаратты сол күйінде өзгелерге жеткізуге қатысты жағдайлар. Бірінші жағдайда оқырман мәтінді ішінен оқиды, ал екінші жағдайда — дауыстап оқиды. Мектепте шетел тіліне үйретудің мақсаты — ішінен оқуға үйрету. Дауыстап оқу тек оқытудың құралы ретінде ғана қолданылады.
Кітап оқудағы аталған мақсатын жүзеге асыру үшін маман оқудың мына түрлерін меңгеруі керек: қ а р а п ш ы ғ у , т а н ы с а о қ у және з е р т т е й о қу Қарап шығудың мақсаты — кітаптың (мақаланың) мазмұны, оның тақырыбы, қарастырылған мәселелер тобы туралы мағлұмат алу. Бұл ақпа-ратка сүйеніп, оқырман өзіне бұл кітап (мақала) керек пе, жоқ па деген мәселені шешеді. Мұндай ақпаратты алу үшін кітаптың (мақаланың) атын, ірілі – ұсақты тақырыптарын, жекелеген абзацтар мен сөйлемдерді оқу жеткілікті, яғни бұл жерде іріктеп оқу, қарап шығу қажет. Таныса оқудың мақсаты — кітаптың (мақаланың) мазмұнымен танысу (тек қарастырылған мәселелерді ғана емес, сол мәселелердің қалай шешілуін анықтау). Мұнда басты назар мазмұнның басты желісіне негізгі ақпаратқа аударыладыШетел тілінде үйрету барысында жалпы білім беру мен тәрбиелік мақсат: ақыл-ой, рухани, саяси-идеялық, еңбекке баулу, эстетикалық т.б. тәрбие жүзеге асырылады.
Оқу ой әрекеті ретінде оқушылардың бейнелі және логикалық түрде ойлау қабілеті дамытуға ықпалын тигізеді. Шетел тілінде оқу барысында адам бір қатар ой операциаларын орындайды: бақылау, салыстыру, талдау ( анализ ), жүйелеу ( синтез ), қортынды жасау т.б. Білім беру және тәрбиелік тұрғыдан алып қарағанда оқушылардың мәтінмен(кітаппен) өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының маңызы өте зор. Оқу барысында алынған ақпарат оқушыға белгілі мөлшерде тәрбиелік ықпал етеді, оның рухани, саяси-идеялық тұрғыдан тәрбиелеуге көмегін тигізеді. Оқытудың құралы ретінде оқудың тиімді рөлі әсіресе тіл материалдарын меңгеруде көрінеді. Оқу үстінде қабылданған единицалар ұзақ мерзімдік есте сақтаулы тұрған бейнелерді жандандырады(әйтпесе оларды тану мүмкін емес), ал түсіну процесі бұзылмас үшін ол единицалар оқырманның оперативтік есінде де біраз уақыт ұмытылмайды. Оқу барысында оқырман жаңадан үйреніп жатқан, сондай-ақ мүлде жаңа тіл материалдарын есте сақтап қалады. Сондықтан оқытудың жоғарғы сатысында оқу тіл материалын бекітудің ғана құралы емес, сонымен қатар оқушылардың сөздік қорын байытудың құралы ретінде де пайдаланылады. Тіл материалын есте сақтаудың тиімділігі,оқу мәтіндерін арнайы ұйымдастыру арқылы күшейтіле түседі: оқу мәтіндерін құрастырғанда, оларда тіл материалы кластан класқа жиі қайталанатындай етіп құрастырылады.
Оқу үстінде тіл материалы еріксіз түрде және арнайы назар аудару арқылы есте сақталады. Тіл материалының еріктен тыс есте қалуы тез оқыған кезде болады. Мұндай тез оқу кезінде оқырманның барлық ықыласы сол оқып отырған мәтіннің мазмұнына бағытталады да тіл материалы тез есте қалады. Еріктен тыс есте сақтау әсіресе көп оқу нәтижесінде жүзеге асырылады, сондықтан оқушыларға оқытудың барлық сатысында жеңіл мәтіндерді көптеп оқу ұсынылады. Арнайы назар аудару арқылы есте сақтау оқушының өз бетімен, өз қалауымен немесе мұғалімнің арнайы тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады, сөйтіп тіл материалы оқырманның арнайы күш жұмсауы арқылы есте сақталады. Оқу барысында тіл материалының есте сақталуы оқушылардың санасында тиімді тілдік тәжірибенің жинақталуына көмектеседі. Ал мұндай тілдік тәжірибенің болуы ауызша сөздің, атап айтқанда, сөйлеу дұрыстығының алғы шарттарының бірі болып табылады.
Оқудың ауызша сөзді дамытуға тигізетін әсері мынаған байланысты: оқу процесінде(ішінен оқығанда да, дауыстап оқығанда да) барлық анализаторлар, соның ішінде де сөйлеу үшін қажетті анализаторлар да қатысады. Осының нәтижесінде оқушылар оқуға да, сөйлеуге де дағдыланады. Сонымен қатар оқыған мәтіндердің мазмұны сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған толып жатқан жаттығуларға негіз бола алады:сұрақ-жауап жаттығулары, мәтіннің мазмұнын қайталап айтып беру, әңгіме(беседа), оқыған материал бойынша дискуссия т. Б.
Оқытудың құралы ретінде дауыстап оқудың алатын орны ерекше. Оқудың бұл түрі дыбыстарды айтуға үйретуге кеңінен қолданылады. Дауыстап оқу арқылы оқушылар жекелеген дыбыстарды дұрыс айтуға ғана емес, сол дыбыстарды сөз, сөйлем құрамында дұрыс айтуға, сөздердің дауыс екпінін дұрыс қоюға, сөйлемдегі синтагмаларды дұрыс бөліп ,интонацианы дұрыс айтуға дағдыланады. Дауыстап оқу сөздің мәнерлілігін дамыту, оның ырғағын жетілдіріу үшін көп көмегін тигізеді. Дауыстап оқу мына іскерліктерді дамыту, жетілдіру үшін қолданылады :
а) шетел тілінің дыбыс- әріп заңдылықтарын меңгеру үшін:
ә) қабылдаған сөйлем элементтерін синтагма етіп біріктіру іскерлігін, синтагманың компонеттерін біртұтас оқып, оны (синтагманы) ырғақ, интонация тұрғысынан дұрыс қалыптастыру іскерлігін дамыту үшін:
б) оқу қарқынын тездету үшін (оны сөйлеу шапшаңдығы деңгейіне дейін жеткізу үшін):
в) алдын ала болжау қабілетін дамыту үшін:
г) басылған материалдың дәл қабылдануын дамыту және оны бақылау үшін:
Сонымен шетел тілінде оқу сол тілді оқытудың мақсаты әрі маңызды құралдарының бірі болып табылады.
О қ у д ы ң т ү р л е р і әр түрлі критерийлер негізінде анықталады. Жоғарыда біз оқудың үш түрін атағанбыз: қ а р а п ш ы ғ у, т а н ы с а о қ у, з е р т т е й о қ у. Оқудың бұл түрлерін анықтау үшін негізінен екі көрсеткішке сүйенеміз: а)түсінудің толықтық деңгейіне және ә)оқу жылдамдығына. Түсінудің толықтық деңгейі әрекеттің нәтижесін сипаттайды, ал оқу жылдамдығы техникалық дағдылардың автоматтандырылу деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Жылдамдықты бір минөтте оқылған сөз санымен өлшейміз.
Сөйтіп аталған оқу түрлеріне қойылатын талаптар мыналар:
Т а н ы с а о қ у : мәтіндегі барлық фактілерінің кем тегенде 70%-ін түсіну, бірақ барлық негізгі, басты фактілерді міндетті түрде түсіну қажет. Басты ақпаратты дәл түсініп, қосалқы ақпаратты дұрыс түсіну керек.Кемелденген оқудың ең төменгі сатысына жеткенде, оқу жылдамдығы минөтіне 140-150 сөз, кемелденудің “студенттік” деп аталатын деңгейінде 250-300 сөз оқу керек.
З е р т т е й о қ у: түсінудің толықтық деңгейі -100%, барлық ақпаратты дәл түсіну қажет. Оқудың бұл түрі үшін оқу жылдамдығы минөтіне 50-60 сөзден кем болмауы керек, ал “студенттік” деңгейде минөтіне 130-150 сөз.
Қ а р а п ш ы ғ у:оқудың бұл түрі оқырманның өте жоғары дәрежеде дамыған оқу іскерлігін талап етумен қатар, оның өте бай тіл материалын меңгеруін талап етеді. Сондықтан орта мектепте қарап шығудың кейбір элементтерін ғана үйретеміз: мәтіннің тақырыбын, не туралы екенін анықтауға үйрету керек. Оқу жылдамдығы минөтіне 1-1,5 бет.
Мәтіннің мазмұнын түсіну үшін қандай ой операцияларын жаттықтыруға байланысты мынадай оқу түрлері болады: аналитикалық оқу және синтетикалық оқу ; оқығанның мазмұнын тікелей аудармасыз түсініп оқу және ана тіліне аудару арқылы түсініп оқу. Оқу барысында оқушыға көрсететін көмектің сипаты мен дәрежесіне қарай оқудың мынадай түрлерін ажыратамыз: сөздікпен оқу және сөздіксіз оқу: қиындығы алдын ала жойылмаған оқу. Ұйымдастыру түріне байланысты оқудың түрлері: Сыныпта оқу және үйде оқу: жаттығу ретінде оқу және нағыз,өз бетімен оқу; фронталды оқу (барлық класс бір кітапты оқиды) және индивидуалды оқу (оқушылар әр түрлі кітаптар оқиды) . Дауыстап оқудың түрлері : хормен оқу және жеке-жеке оқу.
А н а л и т и к а л ы қ о қ у д е г е н і м і з тіл жағынан қиын мәтіндерді тіл материалын: грамматикалық құбылыстар мен кейбір сөздерді талдау арқылы сол мәтіннің мазмұнын түсініп оқу. Аналитикалық оқуда дискурсивтік түсінудің үш сатысы деп аталатын сатылардан өту керек: 1)мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну үшін оны бір рет оқып шығу, шолу. Оқушы түсінгенін ана тілінде( дайындығы жақсы класта шетел тілінде) қысқаша айтып береді. 2) мәтіндегі қиын грамматикалық құбылыстар мен сөздерді талдау арқылы оның мазмұнын толық түсінеді. 3) мәтінді мәнерлеп оқу . Бұл сатының маңызы өте зор. Оқу жылдамдығы, дауыс ырғағы-мәтінді түсінгендіктен көрсеткіші, өйткені дұрыс түсінбеген мәтінді мәнерлеп оқу мүмкін емес. Сондықтан аналитикалық оқудың бұл сатысында үлкен назар аударылады.
С и н т е т и к а л ы қ о қ у деп оқушылар мәтіннің мазмұны ешқандай талдаусыз, ана тіліне аудармай, тікелей түінуін айтамыз. Оқушыларды мәтіннің мазмұнын тікелей түсінуге үйрету үшін таныс емес сөздер мен грамматикалық құбылыстарды алдын ала басқа контексте түсіндіріп, бекітіп алу керек. Тек сонда ғана оқушылар мәтіннің мазмұнын тікелей түсінеді.Мұны тіл материалын алдын ала ауызша меңгеру деп атаймыз.
Оқу іскерліктерін дамытудың нәтижелілігі оқитын мәтіндердің сипатына байланысты. Сондықтан оқуға арналған мәтіндер мынадай талаптарға сәйкес болуы керек:
1.Мәтіндердің мазмұны тәрбиелік тұрғыдан құнды болуға, оқушыларды адамгершілік рухында тәрбиелеуге тиіс.
2.Оқуға арналған мәтіндерде тілін үйренетін елдің, халықтың өмірі, мәдениеті, әдебиеті, тұрмысы жайында, сондай-ақ ғылымның әр саласын, ғылыми-көпшілік тақырыптарынан мол мағлұмат келтірілгені жөн.
3.Мәтіндердің мазмұны оқушылардың жасына, олардың тілек-талаптарына, интеллектуалдық даму деңгейіне, білім алу және эмоционалдық талаптарына сәйкес жасалуы қажет. Сондықтан оқу процесінде тақырыбы, жанры әр түрлі ғылыми-көпшілік, қоғамдық-публицистикалық және көркем әдебиеттен алынған мәтіндер пайдаланылады. Сонда ғана оқушылардың алған білімін тереңдетіп әрі жетілдіріп қана қоймай, жалпы білім беру мен тәрбиелік міндеттерді шешуге болады. Мәтіндердің тілі қазіргі заманғы әдеби нормаға, әр кластың лексикалық ж/е грамматикалық минимумына сәйкес жазылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |