МҰҒАЛІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТЫ - Мұғалімнің жеке басының ізгілікті бағыттағы, қоғамдағы борыштылығы мен жауапкершілігін сезінуі;
- Кәсіптік мамандық бағытында өз білімін тиянақты игеруі оны оқыту әдістемесін жасай білуі; сондай-ақ педагогика ғылымына салалас психология, философия (адам өмірінің құндылықтық дүниетанымы) мен әлеуметтік пәндерді игеруі;
- Педагогтық технологияны игеруде іскерлік әрекетті меңгере отырып оқушы шығармашылығының пәрменділігін арттыру.
- Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру; мұндағы мұғалім шығармашылығын көтеру; кәсіби-біліктілік-кәсіби-шеберлілік- кәсіби шығармашылық-кәсіби жаңашылдық.
- ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЖЕТТІ НЕГІЗГІ ДАҒДЫЛАР МЕН ІСКЕРЛІК ҚАЛЫПТАСАДЫ:
- Оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен іздестіру;
- Қарым-қатынастық(коммуникативтік) мәдениеттілігі, мұғалім мен оқушы жүйесінде қажетті қатынас қалыптасады.
- Мұғалімнің жеке әлеуметтік тұлғасын қалыптастыруда қажетті негіздер:
- даралық-тұлғалық қалыптасу;
- өз мүмкіндігін игеру қажеттілік;
- өзін-өзі іскерлік әдістемелік жетілдіру;
- өзінің кәсіби-пәндік білімін толықтыру;
- кәсіби кемелдену т.б.
- Педагог мамандықтарына қойылатын талаптардың мазмұны төмендегідей:
- Табиғат қоғам және сананың басым заңдылықтарын білу.
- Адам жайында оның жетік тұлға ретінде тани білуі.
- Тарихи және қазіргі болмысын меңгеру тәсілдерін білуі.
- Ақпартты жинақтарын өңдеу, қолданудың соңғы техникасын меңгеру.
- Педагогикалық қызметті басқару мәселесін шешуі.
|