Гуманитарлық факультеті Педагогика және психология кафедрасы


Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтері



бет4/7
Дата11.10.2024
өлшемі2.13 Mb.
#504570
1   2   3   4   5   6   7
слайд. Пед.шеберлік (1)

Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтері
  • Диагностикалық қызмет – бұл оқушылардың дамуын, тәрбиелік деңгейін зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысын нәтижелі, әрі жүйелі ұйымдастыру үшін психологпен бірлесе отырып, оқушыларды әр түрлі әдістемелер бойынша зерттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жұмысты диагностикалық қызмет деп атайды.
  • Бағыттаушы-болжаушылық қызмет – мұғалімнің тәрбиелік іс- әрекеттің бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға бағытталған іс-әрекеті. Мұғалім өз іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала болжап, анықтайды.
  • Конструктивті-жобалаушылық – педагогтың оқушылар меңгеретін білім мазмұнын таңдап, ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекетін жобалау, өзінің болашақ әрекетін және мінез-құлқын жобалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл қызмет барысында мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті әр түрлі жоспарлар мен жобаларды әзірлейді.
  • Ұйымдастырушылық – педагогикалық процесті, оқушылар іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет. Мұғалім нақты міндеттерді анықтап, оларды ұйымдастыру формаларын, оқушылармен өзара байланыстылықты таңдап, өз іс-әрекетін ұйымдастырады.
  • Ақпараттық-түсіндірмелік – бұл өз іс-әрекетін қажетті ақпараттармен жинақтап, оны оқушыларға түсіндіруіне бағытталған іс-әрекет.
  • Коммуникативті-ынталандырушы – бұл мұғалімнің педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатып, олардың іс-әрекетін ынталандыруға бағытталған іс-әрекеті.
  • Талдау-бағалау – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің жеткен нәтижелерін мақсатпен салыстыруға, оның деңгейін анықтауға бағытталған іс-әрекет. Талдау-бағалау қызмет мұғалімге өзінің жіберген кемшіліктерін болашақта болдырмауға, нәтижелі жұмыс жүйесін жасауға және т.б мүмкіндік береді.
  • Зерттеу-шығармашылық - педагогтың өз іс-әрекетін жетілдіре, дамыта түсуіне мүмкіндік беретін ізденіс жұмысы.
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет